5 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Менің атам Гиннес рекордтар кітабына енген

28 май 2018, 2:55
Біздің ауылымызда қызықты, пайдалы іспен шұғылданатын адамдар көп. Дегенмен, мен өз атамды осы шығармамның кейіпкері етпекпін. Себебі, менің атам отбасымыз үшін ғана емес, өзге де жандарға үлгі боларлықтай тұлға.

Атамның аты-жөні – Құлмырзаев Серік Қожанұлы. Жасы 67-де. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының тумасы. Ол әлемдік Гиннес рекордтар кітабына енген зейнеткер. Қалай дейсіздер ме? Ендеше, атамның жетістігі туралы бөлісейін.

Зейнет жасына шыққанша атам мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеді. Жұмыстан қолы қалт еткенде атамның аулада гір тастарын арлы-берлі жұлқа көтеріп жататынын байқайтынмын. Жастайынан күреске қатысып, шынығып өскен екен.

Содан да болар, қарттыққа қадам басқан шағында да спортты жанына серік етіп жүрген болар деп ойладым. Алайда, атамның ішкі әлемінде өзіндік мақсаттары бар екен.

2013 жылы атам зейнетке шыққан соң Беларусь елінде өткен ардагер спортшылар арасындағы гір тасын көтеру сайысына қатысты. Дода туралы біраз ізденіп, ғаламтор арқылы өтініш білдіріпті.


Осылайша, атам сол сапарында өткен төрт дүркін Әлем біріншілігінің, Еуропа, Азия, Еуразия, Белорусь және Ресей чемпионаттарында, Ф.Ушаков және М.Ломоносов атындағы халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып, бір сәтте бір емес, 11 алтын медальды иемденіп қайтты.

Одан әрі Беларусь елінің Витебск қаласында гір триатлоны бойынша өткен екінші дүниежүзілік олимпиадада 16 келілік гір тасын 2 минут ішінде 78 рет жұлқа, 94 рет серпе көтеру арқылы үздік деп танылды.

Сол жарыс барысында «310 спартандық» жобасы бойынша Гиннес рекордтар кітабына ену үшін 400-ге жуық спортшы 30 минут бойы гір көтерген екен. Нәтижесінде, менің спортшы атамның есімі Гиннес рекордтар кітабына жазылды.

Сонымен қатар, оған Біріккен Ұлттар ұйымы және ЮНЕСКО жанындағы Адам құқығы халықаралық федерациясы мен ғылыми институттары Еуропалық қауымдастығының және халықаралық аттестациялық Кеңесінің "Қанатты арыстан" ордені табысталды.


Өткен 2017 жылдың жаз мезгілінде еліміздің Петропавл қаласында ұйымдастырылған әлемдік біріншілікте де атам Ресей, Беларусь, Украина және еліміздің мықты спортшыларымен сынға түсті.

Ол жарыста гір триатлонынан Әлем чемпионаты, Еуразия чемпионаты және Қазақстанның бірінші ашық чемпионаты қатар өтіп, бірнеше кезең бойынша спортшылардың шеберліктері сыналған болатын.

Дүбірлі додада бақ сынаған менің атам жұлқа көтеру сайысы бойынша 10 келілік гір тасын 5 минут ішінде 190 рет көтеріп, жетінші рет Әлем чемпионы атағына ие болды.


Сонымен қатар, 2 минут ішінде 89 мәрте жұлқа көтеру бойынша Қазақстан чемпионы атағын да алды. Чемпионат нәтижесі бойынша атам «Алтын гір көтеруші» орденімен марапатталып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері болды.

Зейнет жасына келіп осыншама жетістікке жеткен атамның еңбегі біз үшін қашан да үлгі-өнеге. Атамның арман-тілегі де сол екен. «Ұрпақтарымның алдында ерекше дүние қалдыруым керек!» - деп айтатынын құлағымыз шалып қалатын.

Әлбетте, ол мақсатын атам толыққанды орындады деп айта аламын. Немересі ретінде мен атамның бұқаралық спортта жеткен жетістіктерімен мақтанамын!

Атамның бойындағы күш-жігер, еңбекқорлық бізге оның тәлім-тәрбиесі, әдемі әңгімелері мен көрсеткен өнегесі арқылы сіңіп жатқаны сөзсіз. Үлкен кісілерден әдемі қартаю деген сөзді естіп қалып жатамыз.

Ендеше менің атамның жолын әдемі қарттықтың көрінісі деп айтуға негіз бар.


Бибімариям СЕРІК,
7 «Д» сынып оқушысы
Тәйімбет Көмекбаев атындағы
№250 мектеп-лицей
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Жосалы кенті
Жетекшісі: Сағира Уәли
Просмотров материала: 6 952

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 155 559 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 155 370 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 155 016 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 155 050 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 155 345 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 170 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 315 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 500 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 213 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 407 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 276 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 277 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 041 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 908 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 735 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 884 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 021 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 688 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 058 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 787 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 795 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 636 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 476 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 736 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 680 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 188 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 617 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 511 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 767 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 105 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 516 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 492 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 534 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 473 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 713 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 856 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031