18 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бабамның көзін көріп, өсиет-өнегесін тыңдап өскеніме қуанам

10 апрель 2018, 5:24
Менің атам Бақтыбай бір құпия жан боп көрінетін...
«Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау мүсін
Құрыштан құйған құдірет
Қарттарым, аман саумысың?»
деген терме сөздері есіме түсе кеткені. Мен бабам туралы естіген-білгенімді қағаз бетіне түсіруді жөн көрдім.


Өйткені ауыл айтқыштары туралы әзілдер мен «деген екен» секілді әңгімелер, ұлағатты ұлы адамдар өмірлері осы ауыздан ауызға айтылып жатады. Менің бабам Ердібай баласы Бақтыбайдың ақ жүрек аңғалдығы, бала көңілді пейілі, көңіл көкжиегінің кеңдігі өзінің жазып кеткен қойын дәптерінен анық байқалады.

Иә, кейінгі ұрпақтары, біздер шөберелеріне атамыздың айтып кеткен ізгі өсиеттері көп үлгі. Ауылымыздағы көненің көзі саналатын қазыналы қарттарымыздың сиреп бара жатқаны балалық көңілімізді қынжылтады. Менің өз атам Мақсұт - Бақтыбай бабамның жалғыз ұлы.

Ата тәрбиесімен қоса, баба әңгімелерін тыңдап өскен ұлы даланың ұрпағымын деп мақтанышпен айта аламын. Жоғарыда айтқандай, атам мен үшін құпия жан болатын. Кішіге ақыл айту керек болса, сөзін әріден бастап, үлгі болу үшін деректер келтіріп, қайсы жақсы, қайсы жаман деп ой қорытуды өзіңе қалдыратын.

Мен Бақтыбай атама шөбере боламын. Менің бабам әдемі қартайған, бақытты адам болды. Ол кісі өз әңгімелерін айта отырып, тыңдаушысы келіспесе қырсық мінезін көрсетіп қалушы еді. Тіпті өзіне ұнамағанды парасаттылығымен ұғындыратын.

Атамның қайын жұртының келіні Райгүл апай былай деп еске алады: «Бірде атамен бәріміз бір машинада ауданға баратын болдық. Ата машинада отырған. Мен енді отырғалы жаттым да, «Сәлеметсіздер ме?» деп амандаса машинаға отырдым. Үнсіздік.

"Сәлемімді алмаған атаға не ұнамай қалды екен?" деп ойлап қоям. Машина жолға шықты. Үнсіздікті ата өзі бұзды. «Иә, балам, қалың қалай?» деп артқа бұрылды. Мен қысылғанымнан: «Ата жаңа сәлемдестім ғой» деп қоям. «Е, балам, ондай лақтыра салған сәлемді кімге бергенің белгісіз» деп ұялтқаны-ай! Содан бері ол кісіге сәлемімді түзеп, аталап дұрыстап есен-саулық сұрайтын болдым»- дейді.

Сөйткен атам мына өмірде саналы ғұмырының бәрін өзінің бала-шағаларына, ауылына арнаған. Айтарлықтай оқу бітірмеген, алайда өзінің жұрт қамын жеген қоғам белсендісі болғанымен, есепке жүйріктігінің арқасында Көкжыра елді мекенінде өз заманында бас есепші болып еңбек еткен.

Атам тыл ардагері болған. Өмір жолы қиын қыстау заманда өткен атамның әңгімелерінен кейін «Айналдым, аташым! Сенің қиындығың-немере-шөберелеріңнің жарқын күні екен ғой» дейтін едім мойнына асылып.

Қытай елінен туған жеріне келіп жеткеннен бастап өлместің күнін кешкен күндері мен көрген қиындығын анам Гүлімай айтып отырады. Ол кезде мен бастауыш сынып оқушысы едім. Көптеген сырға толы әңгімелеріне құлақ түре бермейтінмін.

Ол кезде атамның әңгімелері маған түсініксіздеу көрінетін. Ал қазір сол кездегі атамның әңгімелерін анам Гүлімай мен апам Қарлығаштан (атамның келіні) естіп тамсанамын, тіпті сол кезде атамның өз аузынан айтқан тәлімі мол әңгімелерін тыңдамағаныма іштей өкініп қоямын.

Сенесіздер ме, атам менің күнделік жазатын еді. Әрбір парағы ой тебіреністеріне, көңіл толқынына, сезім иірімдеріне толы сарғайған қойын дәптерін оқу маған қазір үлкен күш беретіндей. Парақтары сарғайса да, атамнан қалған асыл дүниеге құрметпен қараймын.

Кей кезде оқи отырып, атамның өзімен сөйлесіп отырғандай күй кешемін. Ол дәптердің ішінде не жоқ дейсіз?! Мақалдар, өзіне ұнаған үзінділер, оқыған кітаптарына анализдер, афоризмдер дейсізбе, бәрі бар. Атамның өміршең өсиеттері, тәрбиелі тәлімі, ұлықты ұлағаты жазылған қойын дәптерін оқи отырып, мына жазбаға көзім түсті.

"2003 жыл. Қаңтар айы.

Аллаға шүкір. Үшінші шөбере сүйдім. Атын Жанбота деп қойдық. Әнімді әнге жалғайтын, ғұмырымның жалғасы, өмірімнің сәні - немере, шөберелерім. Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы - оны жақсы тәрбиелеуі делінген Пайғамбар Хадисінде. Шөбере қолынан су ішу - үлкен бақыт мен үшін. Мың да бір шүкір..." деп жазылыпты.


Бала болсам да мына өсиет сөзі жадымда қалыпты. «Жеті атасын білмеген жетесіз» ұрпақтан қорқамын. Аллаһ осындайдан ұрпағымды сақтай гөр» деп күбірлеп отыратын. Өзі егде тартып, күйі кетіп отырғанда да осы сарғайған қойын дәптерін серік етіп, соны медеу тұтты жанына. Сол кезде шешем Гүлімайға "сен түсіндірерсің, бұлар өсер" деп жадына сақтап алуды ескертіп жататын.

Атам 2015 жылы дүниеден озды. Баспаға кітап жазылып басылмаса да, мен шөберелік парызым ретінде атамның қойын дәптеріне «Өмір иірімдері» деп ат қойып, осы мақаламмен атамның қойын дәптерінің тағы бір толағай парағын жалғадым.

Иә, біз атамыздың қойын дәптерінің ғана емес, өмірінің жалғасы емеспіз бе?! Патша көңіл, пейілі кең атама деген сағынышымды қаламымды тербей отырып басайын. Жатқан жерің жайлы болсын, ата!

Жанбота БАҚТЫБАЕВА
9-сынып оқушысы
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Үштөбе ауылы
Жетекшісі: Райгүл Искакова
Просмотров материала: 3 585

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 153 043 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 152 855 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 152 502 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 152 533 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 152 830 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 011 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 157 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 333 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 010 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 199 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 108 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 171 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 977 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 850 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 675 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 821 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 960 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 627 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 998 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 725 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 731 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 577 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 416 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 671 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 618 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 126 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 556 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 453 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 700 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 043 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 454 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 432 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 473 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 416 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 653 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 793 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30