14 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әкемнің әңгімелері

07 март 2018, 19:07
Қазақта «ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген керемет сөз бар. Осы құдіретті сөздің иесі бар екені және оның күнделікті менің алдымда жайраңдап отыратыны қандай керемет! Оның бар мейірімі қаталдығының ар жағында бұлттың ар жағынан көрінген күн секілді көрініп тұрады.


Мен бүгін ұстазым емес, сол ұстазымның күнде аузынан тастамай, айтып жүретін әңгімесін қаз-қалпында жеткізуді жөн көрдім. Ол - ұстазымның әкесі жайлы хикаялар. Әкесінің сонау ашаршылық жылдары өмірге келіп, кейін әкесінен балалығы ұрланып кеткен кезінде жалғыз шешесінің арқасында осы кезге дейін тоқсанның торқауына келгенін қай бала мақтаныш көрмес. Сонымен, көп созбай, ұстазыма сөз кезегін берейін...

"...Әкем Әбілмәжіннің кейде нан қиқымдарын қолымен сыпырып, жинап отырып:

- Ееей, біз осы нанның қиқымына да зар болдық қой, сендерге айтса аңыз сияқты, ал мен үшін соның барлығы мына екі көзімнің алдында өтті ғой, тіпті бала боп ойнауға да уақыттың өзі таршылық жасады емес пе. Бәрі соғыстың салған лаңы ғой, соғыс лаңы,- деп күбірлеп отырғаны.

Кейде өз-өзімен шешіліп әңгіме айтса, шежіреден кем түспейді. Мен әкемнің көп әңгімесіне бала кезімнен қанып өстім. Ия, сол зұлмат уақытта басқа да ер-азаматтар секілді оның да әкесі соғысқа аттанды. Ол кез әкем 9-10 жасар ойын баласы екен. Әкесі Әбілхан бұны, ал, анасы Ханым қарындасы Мәрзияны арқаларына асып, вокзалда көтеріп тұрғанын, одан кейін әкесінің сол көп ер азаматтар секілді батысқа қарай ағылып жатқан пойыздың біріне мінгенін, басындағы кепкасы көрінбей кеткенше қол бұлғағанын күрсініп еске алады.

"Мені ересек адам сияқты көріп, анам мен қарындасымды маған тапсырды. Сол сәт тамағыма өксік тығылып, әкеме қимай қарадым. Осы көрініс әлі күнге көз алдымда" деп еске алады әкем.

Тек, әттең сол кезде өзінің үлкен жігіт болып әкесінің орнына соғысқа барғысы келгенін, бар фашисті бір өзінің жер жастандырғысы келгендігін кім ұқсын. Сол соғыстың аяқталғанына 70 жыл толса да, өзінің жасы сексеннің сеңгіріне келсе де, жадысында сақталған біраз дүниелері де баршылық. Соғысқа кеткенде әкесі қырықтағы қылшылдаған жігіт ағасы, ал, анасы жиырма сегізде екен, ой, дүние-ай!

Қазір интернет желісі әлемнің кез келген жеріндегі мәліметті сол уақытта жеткізетіні бар екен! Өткенде сонау Жезқазғанда тұратын үлкен қызы телефон соғып, сүйінші сұрағанда абдырап қалғаны рас.

- Папа, атамызды таптық!
- Қалай сонда?
- Ой, папа, қалай болушы еді, интернеттен. Атамызды із түссіз кеткен деген жоқсын ба?

Ия, солай екені рас, әкесінің соңғы хатында Украинаға кіріп барамыз деген, содан кейін хат та, хабар да болмады. Тек кейін із-түссіз жоғалғандардың қатарына енгізілсе де, әкесіне деген сағыныштан ба, бір уақытта іздеп келетін сияқты көрінетін.

Әкесінің соғысқа 1942 жылы аттанғанын, әрине, өзі де жақсы біледі. Ал, оның қай жерде, қай өңірде қалғанын бір Алланың қалауына салып жүретін. Сөйтсе де, технология дамыған заманда ештеңеде жасырын күйінше қалмайды екен. Ия, арнайы сайттарда сол соғысқа кеткен бар адам туралы мәлімет сақтаулы екен. Балалар соны тауыпты.

Жетпіс жылдан соң Украинаның Днепропетровская облысындағы Аул селосында 526 адаммен бірге жерленгенін білдік. Әйтеуір жерленіпті, далада қалмапты! Барлық керек деректер интернетте оттай басылып тұр дейді. Тіпті мәрмәр тастан ескерткішке дейін қалап қойғанын сурет қылып шығарыпты. Ой, дүние ай десейші!

Сөйтсе балалары бұған дейін іздеп таппаған әкесі Балабаев емес, Балғабаев болып жазылып кеткен екен. Ал, балалары оны да Балгабаев Әбілхан деп тауыпты, ал сөйтсе табылуына себеп онда Қызылорда облысы Қазалы вокзалы Чапаев колхозы делініп, кеткен жылы 1942 жыл деп, қайтыс болған жылы 1944 жыл деп көрсетілген. Жанындағы жұбайы деп анасы Балабаева Ханым жазылған екен. Тіпті сарғайған қағазына дейін интернетке шығарып қойыпты! Міне, дамыған уақыт!

"Бірде, - дейді әкем, - апам түнімен жүгеріні қол диірменге тартып, оны таңертең бізге нан ғып пісіріп, қарындасым Марзия екеумізді үйге тастап, өзі колхоздың жұмысына кеткен. Кешке дейін талғажау қылатынымыз - жүгері наны мен күзде тау қып жинап алып, көктемге дейін жейтін асқабақ болатын. Бір кезде ауыз үйдің есігі сықырлап ашылып кеткендей болды. Орнымнан тұрып, екі бөлмелі жер кепенің ауызғы болмесінде кім тұрғанын көргенде, бүкіл денем мұздап сала береді. Шұбатылған етегі жер сызып, жағы қуарған, түрі аруақ секілді біреу тұр. Әлгі адамның көзі ауызғы бөлмеде жинаулы тұрған асқабақтарда. Қорыққанымнан "Көке, көке, мылтығың қайда, мында біреу келіп тұр" деп жанұшыра айқайладым. Сөйтсем, сол заманда соғыстан қашып, бас сауғалап, тау тасқа тығылған сатқындар болатын, солардын бірі екен. Өзі аш. Менің айқайымнан ығысты ма, әлде, көкемнің атын айқайлап шақырғанымнан қорықты ма, әйтеуір қашқын шұбатылып, үйден ұзай берді. Сол кезде көкемнің аты ауызға ілінгенін айтсаңшы, әйтпесе кім біліпті, әлгі босқын бізді не істер еді. Құдай өзі жар болсын! Әлгі неме шыққаны сол екен, жалма-жан келсапты есікке көлденең шимайлап байлап тастадым".

Ал көктемде жер жыртқанда көк өгіздің үстінде әкем сияқты барлық балалар өгізбен қосылып, алма-кезек жер жыртып, егістікті шыр айналатын. Сәл мызғып кетсең, арқаңа ақсақ бригадир Әмірханның қамшысы сарт ете қалатын!

Әкем бізді көп жағдайда барды қанағат тұтуға шақыратын, бірақ біздің де көрмегенімізді қабылдай алмайтынымыз шындық қой. Қазіргі заман басқа. Ол уақыт пен бұл уақыттың айырмашылығы аспан мен жердей. Тек кең пейіл тарылмаса екен! Ол уақыттың адамдары қанағатшыл еді ғой. Шүкір Аллаға, қазір өзінен және қарындасы Мәрзиядан тараған бір қауым ел бар. Соғысты ұрпағының ұрпағына тілемесі анық..."

Сабырлық, қанағат туралы сөз қозғағанда апайым үнемі осы әңгімелерді айтады. Адамның шын кейпі тек жоқтықта, аштықта көрінетінін, сондықтан өзінің де әрқашан әке әңгімесіне құлақ түріп жүретінін айтады. Біліммен қоса берілген дұрыс тәрбие адамды алға жетелейтінін мен ұстаз өнегесінен ұқтым...

Гүлжан ҚЫЛЫШБАЙ
Ы.Алтынсарин атындағы
№204 орта мектептің
10 "б" сынып оқушысы
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
Жетекшісі: Сәлима Балабай
Просмотров материала: 4 453

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 213 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 716 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 306 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 357 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 657 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 467 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 601 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 832 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 993 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 143 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 765 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 055 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 093 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 035 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 984 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 824 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 088 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 858 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 127 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 872 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 875 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 839 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 211 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031