5 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕП-АҚ ӘДІЛДІККЕ ЖЕТУГЕ БОЛАТЫНЫН ДӘЛЕЛДЕДІМ"

03 октябрь 2017, 11:32
"ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕП-АҚ ӘДІЛДІККЕ ЖЕТУГЕ БОЛАТЫНЫН ДӘЛЕЛДЕДІМ" Танымал заңгер Айгүл Орынбектің кез келген мәселеге көзқарасы қоғамға қызық. Өйткені ол көбіне қарапайым халықтың мұң-мүддесін қорғап, қолға алған ісін аяғына дейін жеткізеді. Today.kz сайтының қазақ бөлімі танымал заңгерден сұхбат алған еді.

Айгүл Орынбектің есімі бүгінде көпке танымал. Танымалдық сізге қалай келді? Әлеуметтік желідегі танымалдық сізге не берді?

– Халықтың әлеуметтік-саяси хал-ахуалын ашық, ащы шындықпен әлеуметтік желіде көтеріп жүрген соң танымалдыққа ие болған шығармын.

Қазіргі таңда халық жалғандықтан, әдемі сөйлеп, өтірік уәде беріп, екіжүзділік танытып, жағымпаздану, орысша айтқанда «понт» сияқты іс-әрекеттерден шаршаған. Бұл 25 жыл ішінде кейбір азаматтардың мінез-құлқына айналған, және халықты жалықтырған. Мен бұны танымалдық деп есептемеймін, халықтың көзі ашылып, азаматтық қоғамның қалыптасып келе жатқандығы деп есептеймін.

Әлеуметтік желілердегі танымалдық дейсіз бе? (күліп). Шыны керек, ештеңе де емес. Қайта өзіме көп жауапкершілікті артып алдым халық алдында. Кеңес, көмек сұраушылар көп, ал мен жалғызбын. Кейде жекеме келіп жатқан сұрақтарға жауап беруге үлгермеймін. Менің де жеке өмірім бар дегендей, халық осыны дұрыс түсінсе екен деймін.

Сізді ойын бүкпесіз айтатын батыл заңгер ретінде білеміз. Соның ішінде Мұхамеджан Тынышбаевпен араларыңызда болған дау шешілді ме?

– Мен үшін ол дау емес. Жеке бір тұлға ретінде заңды көзқарасымды білдіру. ҚР-ның Конституциясы бәрімізге ортақ. Заңды бұзды ма, заңды түрде жауап беруі керек. Ал ол кісі көптеген халықтың ойында жүрген сұрақтарға жауап бермей, одан қалса, заңды жауапкершіліктен «қашудың» жолын жақсы үйреніп алған сияқты. Оның өзі сау басына сақина тілеп алды. Менің қойған сұрақтарым әлі күнге дейін жауапсыз қалды.

Қасиетті Меккеге кетіп бар жатып, қазақтың қыздары жайлы «тәрбиесіз» деп сұхбат ретінде имани жазбалар қалдырып кетіпті. Меккеге барып тәубесіне келген шығар. Ер азамат ретінде қоя алмаған даудың нүктесін мен қояйын. Алдағы уақытта Мұхамеджан ағам менің тарапыма қандай да бір уәж айтса, да оның сөздері маған боқпен тең.

Өзіңіздің діни көзқарасыңыз қандай?

– Шыр етіп дүниеге келген қазақ мұсылман болып туылады. Осы сөздің өзі біраз дүниені айтып тұр ғой. Қазағымның салт-дәстүрін, мәдени көзқарасымды ұштастыра отырып, дәстүрлі ислам дінін ұстанамын.

Сіз көптеген шулы істің басы-қасында жүресіз. Көбіне тегін қызмет көрсетесіз. Оның себебі неде?

– Үйдің үлкені болғаннан кейін әкем өзімнен кейінгі бауырларыма әрқашан қамқор болу керектігін айтып отырады. Сондықтан әлсіздерге көмек беру мен үшін жауапкершілік міндет болып қалыптасқан.

Біздің бала кезіміз еліміздің тәуелсіздік алған уақытына тұспа-тұс келіп, көптеген қиыншылықты көріп өстік. Одан қалса көгілдір экрандардан идеологиясы мықты, тәрбиелік мәні зор, әлсіздерге көмек беру сияқты кинолар мен мультфильмдерді көп көрдік. Әділдік іздеген әлсіз жандарға қолымнан келгенінше заң тұрғысында көмек беруге тырысамын.

Қоғамда болып жатқан жағдайларға қатысты ашық пікірлеріңіз үшін сізге қоқан-лоққы көрсеткендер болды ма?

– Әрине болды. Барлығын заң аясында тиісті органдарға шағымдану арқылы шешіп отырмын. Бұл менің жеке басыма қатысты дүние болғаннан кейін қоғамды дүрліктіргім келмейді.

Заңгер Айгүл Орынбек әйел ретінде қандай?

– Қазақтың қарапайым қара қызы.

Балалық шағыңыз қалай өтті?

– Жоғарыда айтып өткендей балалық шағым тәуелсіздік алған жылдармен қатар өтті. Обал мен сауапты көріп өскен қызбын. Шамның жарығымен сабақ оқып, ата-анамызға үй шаруасында көмек беріп, бәріне үлгеретінбіз.

Ата-анамның тұңғыш қызы болған соң менен ештеңе аямаған. Бала-бақша мен ауылда тұратын ата-әжемнің үйінде балалық шағымның жартысы өтті десем де болады. Үш ай демалысты ауылға кету үшін асыға күтетінбіз. Себебі айран, сүт, бейпіл, табаға пісірген нанды қоймағайлана жеп жүретінбіз. Жеміс-жидекті ағыза жеп, жалаңаяқ топырақ басып, қозы-бұзауларды айдап өстік, осының бәрі біздің бақытты балалық қызықты шақ еді.

Жасөспірім қыздардың зорлануы кең тарап кетті. Осыған қатысты не айтасыз?

– Дәл қазір жасөспірімдерге қатысты екі іс алып жүрмін. Бұл қоғамда белең алып отырған ең үлкен дерт. Кейбір надан, жатып ішер азғындаған ер-азаматтардың кесірінен бүлдіршіндер жапа шегуде. Бұл қоғам болып күресетін жағдай. Қыздарымызға барынша сақтандыру жолын үйретуіміз керек. Оқу орындары мен ата-аналардың байланысы күшейіп, тәлім-тәрбие сағаттарын көбейтуіміз керек. Балаларға «педофил» сөзін ашып жеткізу арқылы олардың қауіптілігін және олардан қорғану жолын ұғындыруымыз керек.

Мықты заңгер ретінде қалыптасу үшін қандай жолдардан өту керек?

– Ең бірінші ұстазым – әкем. Ол кісі заң тұрғысында өте білімді, парасат-пайымы жоғары. Әрқашан бізге «заңнан аспаңдар, адал, әділ болыңдар, біреудің ала-жібін аттамаңдар» - деп отырады. Сол себептен үйдегі барлығымыз заң саласына жақын мамандықтарды игердік. Еңбек жолымды мен құқықтану пәнінің оқытушысы ретінде бастадым. Нотариалдық кеңселерде, құқық қорғау салаларында іс-тәжірибелерінде көптеген салалық фирмада заңгер ретінде тәжірибе жинадым. Осының бәрі заңгер болып қалыптасуыма алып келді.

Ең алдымен көмекке мұқтаж адамға дұрыс құқықтық кеңес беру, дұрыс бағытты көрсету, ашықтық. Ал кейбір заңгерлер адамның басындағы қайғысын пайдаланып, өз қалталарын толтыруды ойлайды.

Біздің қазақ тілді қоғамда мықты заңгерлер саусақпен санарлықтай. Қазақ тілді қоғамды сауатсыз көреді. Намысқа тырысып, қазақ тілінде әділдікке жетуге болатынын бүкіл республикаға дәлелдедім деп ойлаймын.

Сұхбатыңызға рақмет!
Просмотров материала: 2 928

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 155 594 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 155 405 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 155 051 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 155 085 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 155 381 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 172 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 317 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 502 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 215 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 409 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 278 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 277 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 041 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 908 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 735 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 885 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 021 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 688 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 058 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 787 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 795 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 636 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 476 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 736 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 680 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 188 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 617 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 511 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 767 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 105 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 516 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 492 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 534 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 473 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 713 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 856 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031