22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ОҒЫЗ ДОҒАМЕН СҰХБАТ. ҰШАҚТАҒЫ ҰРЫС НЕДЕН ШЫҚТЫ?

17 август 2017, 14:14
ОҒЫЗ ДОҒАМЕН СҰХБАТ. ҰШАҚТАҒЫ ҰРЫС НЕДЕН ШЫҚТЫ? Қазақстандық «Эйр Астана» әуекомпаниясының бортында болған даулы оқиға қазақ қоғамын қозғады. Жолсерік қыздан мемлекеттік тілде қызмет көрсетуін талап еткен түрік журналисі Оғыз Доған еді. 14 тамызда КС 954 рейсінде болған Оғыз Доған есімді шетелдік азамат, өзіне мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді сұрайды. Алайда ол талабы орындалмай, қазақ тіліне қотармашы керек болып қалады. Оғыз Доғанға әуекомпаниясының ережесіне сәйкес, тәртіпті орындамағаны үшін 6800 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Бұл біздің әлемжелідегі бейнежазбадан әм БАҚ-тың таратқан ақпарынын ұққанымыз ғана. Расында, дау қалай өрбіді. Ұшақтағы ұрыс неден шықты? Біз Оғыз Доған мырзаны сөзге тарттық.

ОҒЫЗ ДОҒАМЕН СҰХБАТ. ҰШАҚТАҒЫ ҰРЫС НЕДЕН ШЫҚТЫ?


-Оғыз мырза, екі-үш күннен бері әлемжеліде әжептәуір талқыланған тақырып – сіз бен «Эйр Астана» компаниясының арасында болған тіл дауы. Расында, біз сіздің бейнежазбаңызды ғана көрдік...

-Маған жолсерік қыз келіп, орысша сөйледі. Менің қарындасым сияқты қыз ғой, дауыс көтермедім. Мәдениетті түрде мемлекеттік тілде қызмет көрсетуін, өзімнің орыс тілін түсінбейтінімді талап етіп, сұрадым. Жолсерік қыз сосын ағылшынша сөйледі. Жаным-ау, мен Қазақстанға келіп тұрмын ғой. Қазақ тілінде қызмет алуым керек қой.

-Бұл жерде мәселе әуе қызметінің сапасыз қызметі мен тіл туралы заңның сақталмағанында болып тұр дейсіз ғой... Бірақ, әуекомпаниясының ресми мәлімдемелерінде, артынан қазақ тілін білетін жолсерік қыз келді делінді ғой...

-Ол өтірік дер едім. Ең соңында, ұшақтан түсіп бара жатқанда ғана Айгерім деген жолсерік қыз келіп, «ағай кешіріңізші» деді. Себебі, мен түсірілген бейнежазбаны БАҚ-қа жариялаймын деп ашық айттым. Маған Қазақстанда тұрып, бөтен мемлекеттің тілінде қызмет көрсеткені ұялтты. Бұл Қазақстан. Оның тілі – қазақ тілі. Мен түрік болсам да, қазақ тілін өз ана тілімдей құрметтеймін. Біз түріктер Қазақстанды анажұртымыз, атажұртымыз деп білеміз. Мен Қазақстанға бірінші мәрте келіп тұрған жоқпын.

Бұл жақтағы кейбір азаматтардың, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді білмейтінін, тіпті білгісі де келмейтінін жақсы білемін. Әйтпесе, Қазақстан Тәуелсіздік алғалы қанша жыл өтті. Қазақ тілін үйреніп алатын уақыт жетті, тіпті асып кетті ғой.

Мен журналистпін. Қазақ тілінде докторлық диссертация қорғаған адаммын. Неге мен Қазақстанда қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап ете алмаймын?!

ОҒЫЗ ДОҒАМЕН СҰХБАТ. ҰШАҚТАҒЫ ҰРЫС НЕДЕН ШЫҚТЫ?


-Сіздің қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткеніңіз бен әуекомпаниясысының бұған көрсеткен реакциясы онсыз да өршіп тұрған тіл мәселесін қайта көтеріп, қоғамның есіне және бір мәрте салғандай болды. Дегенмен, сізге айыппұл салынды. Полиция айыппұл саларда істің анық-қанығына көз жеткізіп барып, салған болар...

-Айыппұл салынды. Мен осыған дейін айтқанымдай да, мен айыппұлды төлеуге әзірмін. 6800 теңге ердің құны емес қой. Мен ұшақта отырғанда орыс тілінде сөйлеген жолсерік қыз орындықты көтеруді сұраған екен. Мен орысша түсінбейтінімді айттым. Ағылшынша айтты. Мен ағылшынша да жақсы білмеймін. Маған қазақ тілінде айтсын деп талап қойдым. Бұл енді принциптің мәселесі.

Өкінішке орай, сол ұшақта отырған талай қазақ азаматтардың біреуі, «мына түріктің айтып отырғаны дұрыс қой», деп қолдау білдірген жоқ.

-Иә, әуекомпаниясының ресми жауабында орындықты көтеруден және белдемшені тағудан бас тартты деп жазылған екен.

-Иә, мәселе орындықты көтеруде не болмаса белдемшені тартуда емес. Маған келіп, «орындықты көтеріңіз, белдемшені тағыңыз» десе, мен сөзсіз ережені орындайтын едім. Өйткені мен қазақ тілін түсінемін. Саналы түрде ондай маңызды талаптарды орындаудан бас тартатындай, мені не жын соғыпты?! Мұнда айыппұлдың мәселесі емес. «Эйр Астанамен» дау 6800 теңгені төлеу арқылы бітер. Бірақ, мұның сыртында қазақ тілінің мәселесі көмулі қалады ғой. Ол Халықаралық әуе қызметі.

Мен секілді шетелдік туристер, қонақтар қаншама келіп-кетіп жатқан. Солар айтпайды дейсіз бе? Айтады, әрине. «Қазақстанда мемлекеттік тілдің құны бес тиын екен» деп ертең өз елдеріне өсек апарады.

Олар неге олай айтады? Себебі, дүкен, тіпті әжетханаларға дейін орыс тілінде қызмет көрсетіп, маңдайшаларына жайнатып жазып қойған, «Туалет» деп. Бұл бұл ма? Екі аттап, біреуден жол сұрасаң «Вам в ту сторону» деп бейпіл жауап береді.

Мұны көрген кез келген турист қазақ тілінің бар екенінен де бейхабар кетері анық. Ал енді, сол туристердің ең бірінші көретіні әуе қызметі. Сол жерден, яғни, қазақ топырағына табандары тиместен жатып, бөтен тілде сөйлеп тұрса, менде не ақы.

ОҒЫЗ ДОҒАМЕН СҰХБАТ. ҰШАҚТАҒЫ ҰРЫС НЕДЕН ШЫҚТЫ?


-Оғыз мырза, дегенмен, әлеуметтік желіде сіздің позицияны қолдаушылар көп болған секілді. Тіпті, қоғам қайраткерлері, заңгерлер сіздің сөзіңізді сөйлеп отыр. Мен сіздің «инстаграмм» парақшаңызды шолып шықтым. Онда не түрлі пікірлер жазылыпты. Сізді қарғап-сілеп, бейәдеп сөздер де жазыпты. Сіздің ұшақта мас болып отырғаныңызды айтыпты біреулері. Бұған не дейсіз? Оқиғадан не түйдіңіз?

-Рас. Әлеуметтік желіде мені қолдаушылар көп болды. Әсіресе «Фейсбукте» бірқатар белді, жұрт назарында жұрген азаматтар мені қолдап жатыр екен. Рақмет айтамын. Сіздер мені емес, қазақ тілін қолдап жатырсыздар деп есептеймін.

«Инстаграммда» көбіне-көп жастар отырады ғой. Шынында бейәдеп, былапыт комменттер жазылып жатыр. Мен де оларды өшірген жоқпын. Тұра берсін. Ол да жұрттың пікірі.

-Тақырыптан сәл сырғып, мына жайтты негізгі планға шығарғанды жөн санап отырмын. Сіз ұлтыңыз түрік болса да, қазақ тілінің қамы үшін шыр-пыр болып жүргеніңізді жақсы тұсінемін. Себебі, мен сізді түрік деп қабылдай алмаймын. Өзіңіз айтпақшы, қазақ тілі сізге екінші ана тіліңіздей болып кетті десем өтірік емес қой. Өзіңіз қазақ тілінде диссертация жазып, қорғап шықтыңыз. Оның үстіне «Қазақ елі» журналының Қырғызстандағы тілшісі болып және қызмет жасайсыз.

Және ең бастысы сіз Төлегентанушысыз. Төлеген Айбергенов ақынның 80 жылдығында ақынның бірсыпыра өлеңін түрік тіліне аударғаныңызды жақсы білеміз. Әсіресе, «Мағжаннан Төлегенге, Төлегеннен бостандыққа ұласқан «Сағыныш»...» деп жаздыңыз...

-Мен жотасына қанжар сұғылған Түркиямды, қамауда қалған Шығыс Түркістанымды, көзі жасаураған Тебризімді, қорғансында тынысы тарылған Татарстанымды, қараусыз қалған Керкүгімді, жанымдай қымбат Әзірбайжанымды қалай сұйсем, Қазақстанымды содан екі есе қатты сүйемін. Бұл әсірелегенім емес. Мен үш жасымнан бастап, Қазақстан туралы естіп білдім.

Қазақ ақындарының ішінде Төлеген Айбергеновтің өлеңдерін түрікшеге аудардым рас. Осы жылдың наурыз айында ақынның 80 жылдығында сөз алып, «Мағжаннан Төлегенге, Төлегеннен бостандыққа ұласқан «Сағыныш»...» деп жаздым.

-Оғыз мырза, сіздің «Ұлы далаға ашық хат» деген жазбаңызды тауып алдым. «Ең әуелі кішкентайлардың жүздерінен сүйіп, үлкендердің алдында құрметпен бас иемін. Қол-етекті сүйгіздірмессің, бұны білем…Қалың қалай? Анам, сүйіктім, Отаным – Қазақстаным, қалайсың?..Әрдайым жақсы бол, жарай ма? Менің қалымды сұрасаң, білгеніңдей, тағы жалғыз, тағы сенсіз, тағы басы дертте». Бұл сіздің сөзіңіз.

Бүгін сол Қазақстанның өз ішінде, Қазақстанның халқымен бірге тұрсыз. Басыңыз дертте. Енді не істейсіз. Мұны айтқаным, күні кеше ғана «Эйр Астана» компаниясының президенті Питер Фостер мырзаға хат жаздыңыз. Не талап еттіңіз? Талабыңыз орындаламаған жағдайда қандай әрекетке баруыңыз ықтимал?

-Өкінішке орай, Қазақстанда жүріп, қазақ тілінде қызмет сұрағаным үшін осындай жағдай орын алып отыр. Мен 6800 теңгеден қашпаймын.

Әуелі, қазақ халқынан мемлекеттік тілде қызмет көрсетпегені үшін «Эйр Астана» кешірім сұрасын. Менен де кешірім сұрасын. Мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген компания қызметкеріне компанияның ішкі тәртібіне сәйкес шара қолданылсын.

Сонда ғана барып, мен 6800 теңгені төлеймін. Егер, әуе қызметі өз айыптарын мойындамайтын болса, мен заң аясында өз құқығымды қорғайтынымды айтпақпын.

-Жақсы, Оғыз мырза. Уақыт бөліп, аз-кем әңгіме өрбіткеніңіз үшін рақмет айтамыз. Ісіңізге сәттілік!

-Сіздерге де үлкен рақмет!

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Дереккөз: Абай.кз
Просмотров материала: 3 614

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 163 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 995 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 636 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 662 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 968 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 468 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 647 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 714 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 900 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 047 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 425 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930