29 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына берілген қаруын да дұрыстап меңгеріп үлгермейді

15 июль 2022, 13:14
Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына берілген қаруын да дұрыстап меңгеріп үлгермейді

Фото: jasqazaq.kz
Қазақстанның Халық қаһарманы, тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров «Жас Қазақ» басылымына берген сұхбатында қазақстандық әскери генералдар тобы еліміздің армиясына сәйкестендіріп Әскери доктринаға қатысты тұжырымдама дайындап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ғарышкердің айтуынша, тұжырымдама таяу арада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынылмақ.

«Кезінде Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қазақстандағы әскер қатарындағы жалпы қызметті бір жылға түсіргенде мен қарсы болған едім. Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына берілген қаруын да дұрыстап меңгеріп үлгермейді. Бізге екі жылдық әскери борыш өтейтіндер есебінен армиядағы солдаттарымыздың да санын ұлғайтып алуымыз керек дегенмін. Сонда ең лауазымды азаматтардың өзі «Біз жан-жағымыздағы елдермен тату-тәтті көршіліктеміз. Бейбіт елміз. Ешкіммен соғыспаймыз. Әскердің санын ұлғайту, ақшаны далаға шашу деген сөз» деп пацифистік уәждер айтты», - дейді Тоқтар Әубәкіров.

Халық қаһарманы әскери дайындық сабағы мектептерде аптасына бір рет емес, алты рет өтуі тиіс екенін айтады.

«Ежелгі Римде латынша жазылған мынандай да қағида бар: «Бейбіт өмір сүргің келсе, соғысқа дайындал». Сондықтан да, біздің еліміздің болашақ қорғанысы мықты болуы үшін – жастарымыздың әскери дайындығын мектептен негіздеу керек. Әскери дайындық сабағы мектепте аптасына бір рет емес, алты рет өтуі тиіс. Менің кейінгі кезде бір байқағаным, тіпті мектепті былай қояйықшы, әскерден келген кейбір жас жігіттің өзі қолына мылтықты дұрыс ұстай алмайды. Неге? Ол әскерде қар күреген, аула сыпырған, ары кетсе, еден жуған… Жас өрен ел басына күн туса, елін қалай қорғамақ?

Біздің мектептеріміздің өзіндік әскери-патриоттық тұжырымдамасы болуы керек. Қыз балаларын әскер қатарына Израил жайдан-жай шақырып жатпаған шығар?! Өйткені ол – ел қауіпсіздігі! Біздің жеріміздің байлығына, кеңдігіне қызықпайтын сыртқы дұшпандарымыз жоқ дейсіз бе? Халық та, басшы да ең алдымен осыны жадында мықтап сақтауы тиіс. Қорғаныс министрінің қызметін жыл сайын ауыстырғанмен, Қарулы Күштеріміздің тұғыры мықты болмайды. Жәй бейбіт заманның өзінде Кеңес Одағындағы полигондық, базалық-далалық әскери жаттығу кезінде өте төменгі пайыздық мөлшерде болатын адам шығынына дейін ескерілетін. Құрама Штаттар әскерінде ол қағида әлі де сақталған», - дейді Т. Әубәкіров.

Осылай деген тұңғыш ғарышкер бұл мәселені әскери саламыздағы ең үлкен, ең көкейтесті мәселе деп атады.

«Халық түсінуі керек, менің өз басым әскерімізге қатысты бұл мәселені екі Парламенттің басшысына да, кезіндегі Мемлекеттік хатшыға да айттым. Біртұтас мықты ағзаға айналған сондай бір қуатты күш соңғы отыз жыл ішінде әскери қорғанысымыздың техникалық тұрғыдан болсын, әміршілдік саяси саладан болсын, адымын аштырмайтын ең негізгі жойқын тежеуші күш-тетігіне айналды», - деді ол.
Просмотров материала: 9 413

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 224 521 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 227 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 719 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 757 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 119 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 959 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 987 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 322 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 016 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 041 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 239 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 927 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 051 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 677 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 559 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 594 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 786 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 547 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 957 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 740 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 553 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 400 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 244 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 617 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 492 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 976 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 414 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 304 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 541 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 935 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 280 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 222 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 366 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 303 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 552 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 678 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031