19 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақсақал жүрген жер – береке

23 май 2018, 23:40
Қазақ ежелден-ақ қартын қазынаға бағалаған. Көпті көрген, көңілі дария сол қарияларымыз қиын сәттерде ақыл-кеңесін беріп, жүрекжарды ақ батасымен ұлтымызды ұйытып, ауызбіршілігін бекемдеп отырған. Осындай қазыналы қарттардың қатарында өзімнің атам, Алатау бөктері, Қосағаш ауылында 1928 жылы дүниеге келген, бітім-болмысымен, өзіндік іс-әрекеттерімен көпке үлгі болып, ақыл-өсиетін айтып жүрген ауыл қариясы - Ілес Дүйсенбекұлы да бар.

Бұл кісіні біздің ауылда еңбектеген баладан, еңкейген кәрісіне дейін біледі. Ілес ата туралы әңгімелер ауыл ішінде көптеп айтылып, оның ауыл тұрмысын жақсартып, дамытудағы ерен еңбегін ауылдың үлкен-кішісі қызыға әңгімелесіп отырады.

Әсіресе, менің көкейімде қалғаны - атамның алыста қалған балалық шағын соғыс өрті жалмағаны, ер-азаматтар майданға кеткенде, он үш жастағы қаршадай баланың аналарға қолқанат болып, қос айдап, масақ тергені, аш құрсақ жүріп, тылдағы осындай еңбектерімен ұлы жеңіске үлес қосқаны.

Одан соң мұғалімдік курс оқып, кейінірек білімін жоғарылатып, ауылдағы мектепте мұғалім бола жүріп, Қызылүңгір ауылдық кеңесінде хатшы болып та жұмыс жүргізді.

Ел үшін аянбай еңбек еткенде ғана ел алғысын алатынымызды айтып, өз балаларын ғана емес, бауырларын да, ауыл адамдарын да еңбек сүйгіштікке баулыды: бау-бақша егіп, мал басын көбейтіп, тұрмысын жақсартуға өзі бастап мұрындық болды.

Қырық төрт жылдық ұстаздық еңбек жолында тек шәкірттерге білім мен тәрбие беріп қоймай, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде ұжымындағы талай жас мамандардың қанатын қатайтып, шеберлігін шыңдады, елдің болашағы - баланы тәрбиелеудегі өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Жоғары санаттағы ұстаз деңгейіне көтерілуіне ықпал етті. Атамның өмірі мен еңбек жолы әркез қызығушылығымды туғызып, өзі жайында аталып жүрген ел ауызындағы әңгімелерді өз аузынан есту үшін үнемі сұхбаттасып отыруды дағдыға айналдырып алдым.

Осы жылдың ақпан айында тоқсанға келген атам немерелері мен шөберелерін қасына алып, басынан өткерген оқиғаларын айтып отырады. Бұл атамның күнделікті әдетіне айналған. Өзі әлі тың. Жаз, күз айларында баудағы шөптерді орып, малға қарайды.

Есімінің не себепті Ілес қойылғанын сұраған маған анасы Мырзайымның қанша құрсақ көтергенімен, еркек кіндіктен ешкімнің тұрмай бақилық болып кеткендігінен, өзін құдайдан аман қалуын тілеп, қарақұсты ырым етіп сәбимен күтіп-баптап, бала жасқа толғанда өзен аңғарына апарып, құсты ұшырып, барлық жамандық атаулы осы құспен бірге ұшып кетсін, ажал адассын, бала ата-анасының артынан ілессін деп қойғандығымен түсіндірді.

- Апаң Бақыткүл екеуміз 1954 жылы шаңырақ көтердік. Құдайға шүкір, он бір перзент сүйдік. Алты ұлды, бес қызды тәрбиелеп өсірдік. Балаларымыз азамат болып, немере-шөберелеріміздің қызығын көріп отырмыз. Қиындықтың бәрі де арттта қалды. Бүгінгі ұрпақтың бақытты өмір кешіп отырғанына ризамын, бақытқа еңбек арқылы ғана қол жеткізе аласың, балам,- дейді атам.

Өлшеусіз еңбегінің, адалдығының қайтарымы шығар, бір ұлы биология, бір қызы филология ғылымдарының кандитаты, өзге балалары да отбасының ұйытқысы атанып, ел үшін еңбек етуде. Атам - менің ғана емес, ауылдың атасы, қадірменді қариясы, ақыл сұрар ақылшысы.

Көнекөз қариялардың ортамызды толтырып жүргеніне не жетсін. Еңбек ардагері Ілес атамның халыққа сіңген еңбегін бағалау жолында алған медальдары мен төсбелгілері аз емес.

КСРО жоғарғы кеңес төралқасының шешімімен берілген «Ұлы Отан соғысы жылдарында еткен ерен еңбегі үшін» және В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай мерекелік медальдары және «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгілерінің орны бөлек.

Мұнан басқа Ұлы Жеңістің 30, 40, 50, 55, 60, 65 жылдықтарына орай марапатталған мерекелік медальдары және бар.

Халыққа жасаған қызметі лайықты бағаланып жатса, бұл қарапайым еңбек адамы үшін үлкен қуаныш. Менің де еңбегі еленіп, ел алдында биік бедел мен асқақ абыройға бөленген, өмірдің бақытын еңбек жолынан тапқан пейілі кең атама ұқсағым келеді.

Қарттарын құрмет тұтқан ел ата дәстүрі мен салтын, ұлттық мінезін, тілін, дінін көздің қарашығындай сақтап, бүгінгі және болашақ ұрпағына өнегелі тәрбие мен терең білім бере алатыны сөзсіз.

Нұрдәулет ЛЕС
10-сынып оқушысы
Аудандық мамандандырылған
мектеп-интернат
Оңтүстік Қазақстан облысы
Төлеби ауданы
Жетекшісі: Мейрамкүл Мұсаева
Просмотров материала: 2 721

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 265 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 086 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 161 720 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 161 760 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 050 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 541 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 683 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 893 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 733 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 913 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 700 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 513 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 158 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 016 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 837 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 005 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 120 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 786 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 164 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 894 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 900 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 738 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 580 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 836 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 784 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 290 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 735 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 613 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 876 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 205 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 616 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 593 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 628 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 583 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 815 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 954 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031