18 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әке рухына тағзым етіп қайтты

27 февраль 2018, 8:41
Адамзат басынан екі ірі соғысты өткерді. «Соғыс» деген сөз құлаққа естілгенде, бойыңа суық су сепкендей әсерде боласың. Қаншама адамның өмірі қиылды. Менің атамның әкесі Сыдықбай Жайлауов 1904 жылы Қазақ ССР-і, Абай ауданы, Сарғалдақ ауылдық округі, бұрынғы «Бұғылы-Машан» болысында туған.

«Бұғылы-Машан» – Шаған өзенінің басы, Шыңғыстау сырты. Ел билігіне Құнанбай арасқан кезде «Жуантаяқ» балалары сол жерге қоныс тепкізген еді. Алдымен Тоқтамыстың артына ие – Қыдырбай батыр түңілігін сыпырып, қалың Жуантаяқ Бұғылы-Машанға көшкен екен. Бұғылы-Машан – қазіргі Тоқтамыс ауылының жері.

Сыдықбай Жайлауовтың балалық шағы осы өңірде өткен еді. 1927 жылы отбасымен Бұғылы-Машаннан Қарауыл ауылына көшіп келген болатын. 1927 жылы Шыңғыстау болыстық, ал 1928 жылы қантардан бастап, Шыңғыстау аудандық партия комитеті құрылды. Аудандық партия комитетінің Шыңғыстау елінен шыққан алғашқы он коммунистінің бірі болған. Жаңа өмірдің жаршысы болып, есімі елге танылып, халық құрметіне бөленген.

1930 жылдары қазіргі Қасқабұлақ аулының аумағында Күлмен ауылдық кеңесіне қарасты «Қасқабұлақ», «Жаңа талап», «Шола Еспе», «Мақсұт» деп аталатын төрт колхоз құрылған еді. Сол кездегі «Қасқабұлақ» колхозының алғашқы басқарушыларының бірі.

1937 жылы «халық жауы» деген айдар тағылып, асыра сілтеу мен жеке адамға табынушылық салдарынан жазықсыз жапа шеккен. Жазы қысқа, қысы қатал Ресейдің Қиыр Шығысындағы Магаданға жер аударылған. Соғыс басталар шақта ақталып, туған елге оралған.

Фашистік Германия елімізге тұтқиылдан шабуыл жасаған кезде, 1941 жылы Краснояр өлкесі, Краснояр қаласы, Киров ауданына Отанын қорғауға аттанады. Отан қорғауға өзіндік үлесін қосқан миномётші болған. Соңғы әскери қызметі ППС 920 СП 904 150 әскери бөлімінде өткен.

Соғыс барысындағы ұрыс кезінде қатардағы жауынгер Сыдықбай Жайлауов 30 қазан 1942 жылы қайтыс болған, Ресей мемлекеті, Новгород облысы, Демян ауданы, Кипино ауылындағы бауырластар қабіріне жерленген.

Осындай өмір жолын бастан кешкен әкесін іздеген баласының ойы сан-саққа жүгірген болатын. Былтыр аудан тұрғыны Нұргүл Тұрысбекова атасының қабіріне Воронежге барып келген еді. Нұргүл Сүниятқызы «Мемориал» сайты арқылы Сыдықбай Жайлауовтың жерленуі, қайтыс болуы жайында алғашқы мәліметтерді беріп, көмегін тигізді.

Сол деректер арқылы атамның келіні, менің анам Әсел Ибрагимқызы Сыдықбай Жайлауовтың жүріп өткен өмір жолын іздестіріп, ауданнан шығатын кітапқа мәліметтер дайындады. Кітапқа материалдар жіберілгеннен кейін ұлы Ержан мен атам Кипиноға бет алды.

Семейден Астанаға, Астанадан Мәскеуге ұшты. Астанадан Мәскеуге ұшып барғанда Ержан ағаның курстасы, досы Уалханов Талғат пен жұбайы Айжан қарсы алды. Үйлеріне қонақ етіп, екінші күні өзінің көлігімен 500 шақырым жол жүріп, Лычкованың әкімшілігіне жеткізді.

Әкімшілік қызметкері Татьяна Николаевна ол жердің орманды, батпақты екенің ескертіп, «УАЗ» автокөлігін тауып берді. Бауырластар қабірінің қызметкері Александр Павлов та бірге болды. Әкесі мен баласы Ресей даласынан мәңгілік орын тепкен атамыз Сыдықбай Жайлауовтың қабіріне туған жердің топырағын апарып салып, бас иіп тағзым етті.

Жылдар бойы жүрек түкпірінде жатқан көз жасы шым-шым ағып, атам көңілін бір орнықтырып, әкесінің басына құран бағыштап, ескерткіш белгісін орнатты. Сол өңірдегі мұражай директоры Евгений Дудникке жолығып мұражайға атамның өмір-жолы жазылған шиырма мен Ұлылар мекені аталатын елден «Абай, Шәкәрім, Мұхтар» бейнесі жасалған ескеткіштерін табыс етті.

Атам көңілі жайланып, аман-есен ауылға оралды. Адам ұрпағымен мың жасайды. Осы жолға жинақталғаннан бергі көмектескен адамдарға атамның аталық алғысы шексіз. Сыдықбай Жайлауов ешқандай марапат алмаса да, елін қорғауға өзіндік үлесін қосты. Атамызды ұрпақтары мақтан етеді.

Ананы баладан, баланы әкеден ажыратқан сұм соғысқа жол жоқ. Биыл Ұлы Жеңіске 73 жыл толып отыр. Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы елміз. Жер бетінде мәңгілік татулық орнасын.

Зере ОҢҒАРОВА
Қарауыл гимназиясының
7-сынып оқушысы
Қарауыл ауылы
Абай ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Жетекшісі: Әсел Ибрагимқызы
Просмотров материала: 2 613

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 152 958 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 152 770 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 152 417 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 152 448 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 152 745 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 004 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 150 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 325 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 000 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 191 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 101 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 167 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 974 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 846 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 672 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 818 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 957 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 624 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 995 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 722 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 728 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 574 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 413 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 668 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 614 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 123 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 553 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 450 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 697 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 040 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 451 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 429 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 470 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 413 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 650 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 790 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30