«Айналайын Ақжайық, ат салмай өтер күн қайда» деп рухты батыр, дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлы жырлағандай, бірде аспанға шапшыған арсы - гүрсі асау толқындары жағалауды сабалап, кемерінен асып-тасып төгілетін,кейде жайсаң мінезбен жайлап ағып, жұп-жуас боп көрінетін Ұлы су - Жайық бойында тарлан тарихтың ізі жатыр.Қазақстанның қай түпкіріне барсаңыз да, көне тарихтың күмбірі алыстан талып естіліп,ұлтарақтай жер үшін ұрандап жауға шапқан бабалардың аруақты үні құлаққа келгендей болады .Махамбет ауданы - Ару Ақжайықтың бойына қоныс тепкен аудан.
Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер.
Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда.
Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді.
Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттандық. Жас маман – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тарттық.1928 жылғы наурызда КазЦИК - тің қаулысымен Жаманқала ауданы болып құрылып,кейін Есбол, одан Бақсай, бүгінде Махамбет деген атауға ие аумақтың кешегісі мен бүгіні сан ұрпақтың сағынышын туғызып, санасына тың серпін береді. Себебі, құрылғаннан бергіні айтып жатпай-ақ, соңғы 2-3 жылдық кезеңге ой жіберсек,атқарылған істің толағай екенін,ел көрген игіліктің толайым мол екенін аңғарасыз.
Бұл аудан-әуел бастан жер көлемі жағынан біресе азайып, бірде ұлғайып,замана талабына сай құбылып отырған өңір. Новобогат, Балықшы,Есбол аудандарымен бірде қосылып,бірде ажырады. Ақыры,өз алдына әкімшілік құрылым ретінде дербестігін сақтап қалды. 962 мың гектарға жуық аумағы,33500 халқы бар ауданның ата кәсібі - ауыл шаруашылығы. Махамбет ауданы Жайықтың теңізге құяр алдынғы бөлігінің екі жақ жағалауын алып жатыр.
Бұл жер - Исатай-Махамбет сарбаздары тұяғының ізі қалған Бала Ораз, Қиса, Аухат ақындардың үні қалған талай біз біле бермейтін қасиеттілер мен қадірлілердің тозаңы қалған тарихи қасиетті орын. Қазақ халқының тарихындағы ең елеулі оқиға -Қазақ Автономды Республикасын құру туралы Декреттің жариялануы.
1919 жылдың 10 шілдесінде В.И.Ленин «Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитетін құру туралы» РКФСР-ның Халық комиссарлары советінің Декретіне қол қойды.Осы Декрет бойынша ревкомның басқаруындағы аумақтар құрамына Орал, Торғай, Ақмола,Семей облыстары мен Астрахань губерниясы кірген болатын. Осыдан бір жылдан соң, яғни 1920 жылдың 21 шілдесінде Орал революциялық комитеті Президиумының шешімімен Гурьев уезі болыстарының тізімі бекітілді.
Осы бекітілген шешімдегі 20 болыстың бірі болып Жаманқала болысы да Гурьев уезі құрамына енгізілді. 1920 жылдың 4қаңтарында Жаманқалада Кеңес өкіметі орнады.Сол жылы Гурьев уезіне 23 болыс қараған 1923 жылы 28 маусымында болыстарды ірілендіру жүргізіліп, Гурьев уезінде 11 болыс қалды. Жаманқала болысы Зеленый болысымен бірге Қызылқоға болысына қосылады. Бұл 1923 жылғы 5 шілдеде қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің шешімімен бекітіледі.
Сарайшық болыстық комитетінің төрағасы Кирилл Ермаков Редут Тапали Қандаур селоларындағы және осы Жаманқалаға қарасты басқа да ауылдардағы қазақтар өз қатарын көбейтті. Гурьев уездік милициясының бастығы Сарайшықта тұратын 29 жасар Василии Яшков өзінің қол астындағы кеңес өкіметіне қарсылық, көңіл күйдегі қызметкерлерді біріктіріп, бүлікшілікке даярлады.
1920 жылдың 5-6 қаңтар күндері Сарайшық Новобогат селоларында, сол қаңтар айында Редут, Сорочинко, Кандаур №8, №13 сияқты ауылдарда селолық кеңестер құрылды. Гурьев уезі бойынша 23 болыстық кеңестер құрылған болса оның үшеуі Есбол,Самар,Редут қәзіргі Махамбет ауданы көлемінде болды. Рудут болыстық кеңесі әуелі 1920 жылдың 30 қаңтар күні 4-армияның өкілі Черечиннің қатысуымен,сайланып,орталығы Сарайшық болып белгіленіпті.Есбол болыстық кеңесі Жайықтың сол жақ бетіндегі жоғарыдан бастап №13 ауылға дейінгі елді қамту негізінде құрылған. Самар болыстық кеңесінде Бесарал, Таңқы. Сарайшық, Жалғансай, Бақсай, Жаманқала кеңестері қарайды.
Сол жылғы 17 қыркүйекте Рудут, Сарайшық, Жалғансай, Жаманқала т.б. жерлерден балықшылардың шағын артельдері ашылған. Қазақ Атқару комитетінің 1928 жылғы 17 қаңтардығы 6 шақырылған 11-ші сессиясының қаулысымен Гурьев округі құрылып, оның құрамына алты аудан –Жаманқала,Есбол, Доссор, Жилкоса, Қызылқоға, Теңіз аудандары енгізілді. Сонымен Жаманқала ауданы. Топоди болысының,Каркин Краснояр советінсіз Редут болысының Сорочинко, Сарайшық, Редут, Кандаур селолық советтерінен. Қарасамар болысының 7-ші ауылдық кеңесінен құрылды.
Міне, Махамбет ауданының тарихы осыдан басталады. Орталығы болып Яманка селосы белгіленген. Аудан құрылған жылы 2 пошта-телефон бөлімшесі 3клуб,4 медпункт,14 бірінші басқышты мектеп, 1 жеті жылдық мектеп болған. Қазақстан Орталық атқару комитеті алқасының 1938 жылғы 4 ақпандағы қаулысымен Гурьев округі жойылып, Гурьев облысы құрылды. Оның әкімшілік жер аумағы Гурьев облысының атқару комитетінің шешімімен бекітілді.
Ата-бабаларымыз Еділ-Жайық, Жем - Сағыз, Сыр бойларын ен жайлап, көбіне жауынгерлік өмір сүріп,қолына найза ұстап, батырларды жаумен айқасса, ортақ ауызды, от тілді ақын, жыраулары ел намысын қорғағаны тарих іздерінен белгілі.Атақты Сыпыра жырау, Қазтуған, Асанқайғы, Доспамбет жыраулар мен Әйтеке би, батырлары байбақты Сырам беріш Исатай, күй мен сөздің құдіреті қызылқұрт Құрманғазы, әлім шеркеш, беріш Махамбет. Мөңкенің Мұраты, таз Бала Ораз тағысын тағы айтсақ, ат тұлғы біздің Жайық бойының жеріне де тиіп, жырлары құлақ құрышын қандырып, өнерлерімен көпті тамсандырып, кешті таңға, таңды кешке ұластырып күй мен жыр толғап ән шырқағандарын да тарихтан білеміз.
Атақты ақын асқақ тынысты әнші Бала Ораздың бейті Бақсай округінің жерінде жатыр.Сыпыра жырау өмірінің соңғы 30 жылын ежелгі қала Сарайшықта өткізіпті деген деректер бар. Бұл заманда күні өтіп, күлі қалған Сарайшықтың тарихын әлем біледі десек артық болмас. «Сарайшықта бар дейді, тоғыз ханның моласы» дегендей қазақтардың басын біріктірген Жәнібек, Қасым сияқты хандар, тіпті өткен ғасырдың басындағы Бөкей ханда ордасын Сарайшықта ұстаған.
Хан Ордалы Сарайшық
Сарайшық қазақ даласындағы көне тарихи орындардың бірі Сарайшықтың негізі XII ғасырдан басталады. Әбілғазы Бахадүр - Сарайшықтың негізін Батухан салған деген дерек келтіреді. Қасым ханның (1511-1518жж) кезінде Сарайшық қазақ хандығының алғашқы астанасы болған.Сарайшық өзге қалалармен қатар, Ертістен Дунайға дейінгі ұлан - байтақ өлкені билеген кейінірек Алтын Орда аталған империя - Жошы ұлысының алғаш құрылған бірінші онжылдығында салынған. Сарайшық - Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі сауда қалаларының бірі болған Сарайшық Алтын Ордадағы ең маңызды саяси, экономикалық мәдени- тарихи және рухани орталықтардың бірі болып,кейіннен Ноғай Ордасы мен қазақ хандығының қалыптасуында шешуші рөл атқарған Сарайшықтың тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеудің екі ғасырдан астам тарихы бар.
1834 жылы Ф.Гебель Сарайшықта шағын қазба жұмысын жүргізген Қала туралы қызықты мәліметтер XVIII-XIX ғасырда Н.Рымковтың , А. Левшиннің, М.Карамзиннің шығармашылығында кездеседі.1937 жылы Н.К.Арлотов қазба жұмысын жүргізіп,қаланың ұзыны 100 м ені 300 м көлемі суға кеткенін атап көрсетеді.1950 жылы Ә.Марғұлан қазба жұмысын жүргізеді. Қазба жұмысын археолог З.Саамашев басқарып келеді.
Қаланың тарихын кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында 1999 жылы 3-қыркүйектен хан ордалы Сарайшық мұражайы ашылды. Мұражай көрмесіне қала орнынан табылған қазба бұйымдары қойылды. Мұражайдың ашылу салтанатына Елбасы Назарбаевтың өзі қатынасып, «тау шайқалса да ,тарих шайқалмайды» деген халқымыз. Осы мұражай –есімізді жинап, тәуелсіз ел болып, ата-бабамызды еске алудың дәлелі. Жас ұрпақ тарихтан өнеге алып, қазақ елін, кең байтақ жерін сүйіп өссін, баршаңызға жақсылық тілеймін,-деген естелік сөздерін қалдырды. Осы күннен бастап, музей Республикалық аудан, тіпті шет ел азаматтарының сүйікті орнына айналды.
Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі қымбат ештеңе жоқ. Өйткені, сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік - атамекен болып саналады. Біз қазақпыз, біздің өз тіліміз, салтымыз бар. Бұл шежірелі мекен.
Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Достарыма өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді.
Көшербаева Базаргүл Ақылбайқызы, Атырау энергетика және құрылыс колледжі тарих пәні оқытушысы, Атырау қаласы
«Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») жарияланымдар байқауына
Просмотров материала: 4 308