22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АЙСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ЕСІРТКІДЕН АРЫЛУҒА АТАМНЫҢ СЕНІМІ СЕБЕП БОЛДЫ

05 сентябрь 2017, 15:55
АЙСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ЕСІРТКІДЕН АРЫЛУҒА АТАМНЫҢ СЕНІМІ СЕБЕП БОЛДЫ Біреулер үшін әлеуметтік желі – өтіріктің мекені: ол жерде адамдар табысты әрі ақылды адамның бетпердесін киіп алып түрлі көз тартарлық суреттер салып, ақылды әңгімелер айтады. Олар мұны қалыпты жағдай деп қабылдайды. Алайда, менің ойым мүлде басқаша, әлеуметтік желі әркімді шексіз қоғамның бір бөлігі болуға шақырып, әлемді түбегейлі өзгертті.

Facebook желісінде парақшаны тек шынайы болу үшін аштым. Бұл өмірде көптеген мәселелер туындауы мүмкін, алайда өтірік – ешкім де құтылып шыға алмайтын қақпан болып табылады. Мен бір қатерлі дертпен күресуге мәжбүр болдым, Жаратқан сіздерді ондай сұмдықтан сақтасын.

Академик атам Мұхтар Әлиев көз жұмғаннан соң бір жарым айдан кейін Австрия түрмесінде әкем Рахат Әлиев өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Өмір маған күтпеген жерден екі бірдей соққы жасады. Жұрттың бәрі байлық пен бақытқа масаттанып өмір сүретін адам ретінде танитын Айсұлтан әлемдегі ең бақытсыз адамға айналды. Мұндай уақытта аяқ-қолыңды кесіп алса да бәрібір, тек жаныңды ауыртатын мұндай қасіретті шекпесем екен деп ойлайсың.

Бүкіл отбасым мені қолдауға тырысты. Атам Нұрсұлтан Назарбаев ерекше қамқорлық танытты. Бір елдің президенті күндіз 17 миллион адамның мәселесін шешсе, кешке барлық уақыты мен назарын маған аударды. Ол кезде мен атамның маған қолдау көрсету үшін қаншалықты күш-жігерін сарп еткенін түсіне алмадым. Сондықтан да болар ол уақыттарда үлкен қателікке бой алдырып, ақымақтық жасадым. Ең үлкен қателігім – есірткімен жаныма тыныштық іздедім.

Қоғам үшін нашақорлық – үлкен мәселе. Ал адам үшін ол қатерлі дерт. Алғашында әлем үлде өзгеріп, айналаң нұрлана бастағандай күй кешесің, барлық мәселелерің шешіліп, бәрін ұмытқандай боласың, бірақ ол тек бастапқы уақытта ғана. Кейіннен есірткі адам ағзасын улап, қатерлі дертке шалдықтырады. Есірткіге тәуелді болып қалған адамдар тек өлім арқылы одан құтылады және де мұндай у адам жанын емдемейді.

Бір мүшесі есірткіге тәуелді болған отбасы үнемі қорқыныш үстінде болады екен. Енді не болады? Не істейміз? Көршілер не ойлайды? Жұмыста не айтады? Қорқыныш сезімі адамдардың қарым-қатынасы бұзып, жалғыздыққа алып барады және үміт отын өшіреді екен. Менің отбасым да алғашында қорыққан болатын. Алайда, ең бастысы, мен өзімнің бұл іс-әрекетімді атама айтып, кінәмді мойындадым. Бәлкім, менің атамның орнында басқа бір Президент болғанда ол бұл мәселені жылы жауып қоюға тырысар ма еді?! Алайда Нұрсұлтан Назарбаев ондай адам емес. Оның ең бірінші айтқаны: «Шыншыл болғаның үшін жарайсың. Иә, өте қауіпті дерт, алайда сен бұл дертке шалдыққандардың ең біріншісі немесе ең соңғысы емессің. Оны жеңіп шығуыңа күшің жетеді» - деді. Әңгіме барысында бұл дертті қалайда жеңіп шығып, зұлымдықты мейірімділікке алмастыруға уәде бердім. «Айсұлтан маған уәде берсе, ол оны үнемі орындайды», - деп салмақты түрде атам жауап берді.

Мен оған өмір бойы қарыздармын. Шындығын айтқанда, ол мені екі рет құтқарып қалды. Тек сол кезде мұны түсінуге ақылым мен тәжірибем жетпеген екен. Қазір жақын адамдарым менің қасымда, мен қолдау мен сенімге толы отбасыда өмір сүріп жатырмын. Бұл – өте маңызды.

Бұл дертті тек өзіңнің ерік жігеріңмен жеңіп шыға алмайсың. Бұл дерттен толықтай айықтыратын дәрі әлі жасалмаған. Қаншама отбасы осы улы дерттің салдарынан құрдымға кетті, сол себепті де қазір ашық жазып отырмын. Мұндай жағдайдан шығатын мүмкіндік бар және мен оны біле тұра бөліспей отыра алмаймын. Менің бұл жазбам кемінде бір адамды жаман жолдан тыйса, кемінде бір отбасыны бұл дерттен құтқарса, демек мен бекер жазбағаным.

Мен бұдан айығудың жолын таптым, ең алдымен маған Алла көмектесті. Өмірінде нашаны татып көрген адам менің не жайлы жазып отырғанымды түсінеді. Бұл істе кінәлі жоқ, тек жапа шегушілер ғана бар. Әрине, кем тұстары да жетерлік. Алайда, нашақорлықпен күресу керек, бірақ нашақор дертіне шалдыққандармен күресу – қылмыс екендігін үлкен сеніммен айта аламын.

Жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін жалмаған бұл дерт әр елде көбейіп, өсіп келе жатыр, себебі адамдар бұл жайында айтуға қорқады. Өтірікшілер тек бай-бағландар мен әлеуметтік жағдайы жақсы адамдар ғана нашақор болады деп жар сала айтады. Сол себепті де қоғам оларға ешқандай аяушылық танытпайды. Нашақорлық - тек жаман адамдардың жанын алатын қайырымды іс емес, ол қолы жеткеннің бәрін жұтып алады. Сол себепті де бұл жайында ашық түрле айту менің парызым деп білемін. Ал, әлеуметтік желі мұны елге таратудың ең тиімді жолы, сол үшін де қуаныштымын.

Тек айтып қана қоймай, қандай да бір іс жасауға мүмкіндігім болады деп үміттенемін. Бұл мәселеге қатысты ойымда біршама жоспарлар бар, дәл қазіргі уақытта нашақорлықпен күрес жүргізетін қайырымдылық қор ашу үстіндемін. Сол іске жұмылдыратын білікті мамандарды іздеп, менің бастамама көмектесетін адамдарды іздеудемін. Бұл дертке шалдыққан әрбір адамға көмектесуге тырысамын, себебі олардың жанын мен түсінемін. Ең бастысы ондай кезеңде өзіңнің жалғыз емес екендігіңе сенімді болу қажет және де сен бұл дертке шалдыққандардың ең біріншісі де, ең соңғысы да еместігіңді ұғынған жөн. Қазіргі таңда адамдар нашақорлықпен күрес жүргізуде жақсы тәжірибе жинап алған. Мен Narcotics Anonymous қоғамдастығына алғысымды білдіремін.

Өзіңмен күресу қашан да қиын, мен үшін бұл күрес ең ауыр да қиын күрес болды. Бәріне қолыңды бір сілтеп, беріле салу қажет пе, әлде бар күш-жігеріңді жинап аяғына дейін күресу керек пе деген екі ойдың ортасында қалдым. Бұл – нағыз ішкі жихад. Қуанышыма орай, үміт сәулесі әрқашанда кеудеңдегі қараңғылықты жеңіп шығады.

Айсұлтан Назарбаевтың Facebook парақшасынан алынды

Дереккөз: Қамшы.кз
Просмотров материала: 2 449

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 189 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 021 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 661 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 685 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 993 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 469 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 648 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 715 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 902 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 049 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 427 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930