6 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дәрумендерді жазда қалай қабылдаған дұрыс – нутрициолог кеңесі

02 июль 2022, 12:57
Дәрумендерді жазда қалай қабылдаған дұрыс – нутрициолог кеңесі

Фото. Ашық көзден
Күз-қыс мезгілінде дәрігерлер көбірек витамин ішуге кеңес береді. Себебі күн, табиғи өнімдер және балғын жеміс-жидек қоры аз. Ал жаз – көптеген қоректік дәрумені бар жемістер, көкөністер мен жидектерден табиғи дәрумен алатын маусым. Біздің ағзамыз тек D дәруменінің өзін көп мөлшерде алады. Осы орайда жаз мезгілінде қосымша дәрумен қабылдау қажет пе? Бұл сұраққа Sputnik Қазақстан тілшісіне дәрігер-нутрициолог Салтанат Даниярқызы жауап берді.

D дәрумені

Адамдар D дәруменін күн сәулесінің ағзаға әсер етуінен алады. Осыған байланысты көпшілік жаз мезгілінде D дәруменін қосымша пайдаланып керегі жоқ деген пікірде. Десе де, бұл – қате пікір. Бұл дәруменді физиологиялық мөлшерде синтездеу үшін адам аптасына кемінде екі рет шамамен 10:00-ден 15:00-ге дейін күн астында болуы керек. Дегенмен, барлығының жұмыс кестесі бұған сәйкес келмейді.
Тағы бір ескеретіні: теріңіз күнге күйген кезде, D дәруменін синтездеу процесі төмендейді.

Сіз D дәруменін қолжетімді өнімдер санатынан таба аласыз: лосось, балық майы, майшабақ, қаймақ, жұмыртқаның сарысы, ірімшік, сиыр еті. 100 г үшін ең көп бірлік лосось пен балық майына шамамен 600-1000 ME келеді.

D дәруменін дұрыс деңгейде ағзада ұстау тек суық мезгілде ғана емес, үнемі қажет. Ересектер үшін профилактикалық доза — тәулігіне 1000-2000 бірлік, ал балалар үшін – 600 бірлік. Жетіспеушілік кезінде ағзадағы фосфор мен кальций алмасуы бұзылуы мүмкін, сонымен қатар D дәрумені иммундық, жүрек-тамыр және бұлшықет жүйесіне әсер етеді. Одан бөлек тірек-қимыл жүйесі үшін маңызды.

С дәрумені

Адам ағзасының С дәруменін көп мөлшерде жинауға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан күнделікті рационға қымыздық, шпинат, итмұрын, киви, қоңыр бұрыш, қызанақ, баклажан, гуава, алма, апельсин, помело, шабдалы, өрік сынды С дәруменіне бай тағамдарды қосу керек.

С витаминінің тепе-теңдігін сақтау үшін бірнеше қарапайым ережені есте ұстау қажет. Біріншіден, теңдестірілген тамақтану. Екіншіден, жемістер мен көкөністерді жеу. Сонымен қатар термо өңдеуден кейін С дәрумені ыдырайтынын есте ұстаған жөн, сондықтан көкөністер мен жемістерді шикі түрінде пайдаланған дұрыс.

Дәрігердің кеңесінсіз С витаминін дәрі-дәрмек түрінде қабылдауға болмайды. Бақылаусыз қабылдаудың салдары қайғылы болуы мүмкін. Соның ішінде уролития, аллергиялық реакциялар, іштің ауыруына ұшырау қаупі бар.

Таза аскорбин қышқылынан басқа, С дәруменінің басқа түрлері бар. Мысалы, натрий аскорбаты, кальций аскорбаты, липосомалық С дәрумені, витаминді жақсы сіңіруге көмектесетін май қышқылдары бар. Жүргізілген зерттеулер С дәруменінің қай түрі ағзаға жақсы сіңеді деген сұраққа нақты жауап бермейді. Бірақ таза аскорбин қышқылының негізгі жетіспеушілігі дәл анықталды.

Жазда С витаминінің деңгейін бақылау қажет. Өйткені бұл теріні сыртқы агрессивті әсерлерден қорғайтын заттардың өндірісін ынталандыруға көмектеседі.

Е дәрумені

Бұл витаминнің негізгі пайдасы – дене жасушаларын қартаюдан қорғау, қабыну процестерін азайту, бас терісінің қан айналымын жақсарту, бұл өз кезегінде шаштың түсуіне жол бермейді және сынғыш, әлсіреген шашты нығайтады.

Жазда Е дәрумені бізге өте қажет, өйткені тері мен шаш ультракүлгін сәулелердің әсеріне ұшырайды. Жағажайдағы демалыс біз үшін күн сәулесіне күю, теңізде немесе бассейнде шомылумен байланысты. Тері үшін бұл стресс. Е дәруменіне бай тағамдарды диетаға енгізу, әрине, ағзаға профилактикалық әсер етеді, бірақ Е дәрумені негізіндегі косметиканы да қолданған жөн.

С дәрумені сияқты, дәрі-дәрмек түрінде Е дәруменін өздігінен қабылдау қауіпті. Расталған жетіспеушілік немесе сирек генетикалық ауытқулар болған жағдайда ғана қажет. Сонда да, қолдану мөлшері мен формасын емдеуші дәрігер анықтайды.

А дәрумені

А дәрумені немесе ретинол безеуді, қабынуды емдеуде тиімді, терінің жұмсақтығына жауап береді және әжімнің ерте пайда болуынан қорғайды. Неліктен бұл дәрумен жазда қажет?

А дәрумені коллаген өндірісін ынталандыру процесіне, эпидермис жасушаларын өндіруге және жаңартуға қатысады, теріні ылғалдандырады. Жазда бұл күннен қорғайтын кремдерді жиі қолдану, терінің құрғауы мен қабыршақтануының пайда болуына байланысты маңызды.

А дәруменіне бай тағамдарды (сәбіз, асқабақ, лосось, бауыр, тәтті картоп, шпинат, брокколи) үнемі тұтынатындар оның тапшылығына тап болмайды. Сіз қан анализін тапсыру арқылы оның деңгейін тексере аласыз.

А дәруменіне қажеттілік каротиноидтарды А дәруменінің белсенді түріне айналдыруға қатысатын ферменттің дұрыс жұмыс істеуіне байланысты. Егер процесс дұрыс жүрсе, тағамнан алынған витаминнің мөлшері жеткілікті болады, бірақ егер бұзылулар болса, синтез жылдамдығы төмендейді. Бұл жағдайда анализдерден өту керек.
Просмотров материала: 1 871

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 225 663 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 225 363 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 224 863 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 224 901 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 225 263 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 020 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 044 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 387 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 086 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 108 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 304 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 947 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 073 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 692 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 572 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 620 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 811 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 567 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 975 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 757 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 564 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 422 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 267 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 637 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 505 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 996 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 435 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 320 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 556 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 955 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 302 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 239 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 381 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 315 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 576 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 692 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30