Главное

Тоқаев Бакуға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзірбайжанға барды. Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасы хабарлады

Баку әуежайында Қазақстан президентін Әзірбайжан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов күтіп алды.

«Сапар аясында Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланған. Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың көпқырлы мәселелерін қарастырады», — делінген ресми хабарламада.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қойылады.

Другие новости

Back to top button