Главное

Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.

Бұл туралы президенттің БОРТ N1 Telegram-дағы каналы хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 25 тамызда мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.

 

Другие новости

Back to top button