23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Отандық журналистиканың проблемаларын қашан талқылаймыз?

Кеше бір шаруамен Рысқұлбеков көшесінің бойында орналасқан мекемеге бармақ болып такси ұстадым. Барар жерімді айттым да отыра кеттім машинаға. Шопыр бала жиырма бес-отыздардың ол жақ, бұл жағындағы жігіт екен. Күн ұзағына іші пысқан болуы керек, ә дегеннен әңгімеге тартты мені. "Қайда жұмыс істейсіз аға" - дегеннен бастады бірден.

Журналистпін деп едім, басым бәлеге қалды. Ананы бір сұрап, мынаны бір сұрап, өзі де тыныштық таппады, маған да тыным бермеді. Бензин неге қымбаттады, пәтер бағасы түсе ме, теңгенің жайы не болмақ, зейнетке шығу жасы ұзара ма? Баян тағы да ажырасты дейді ғой.

Не керек, жол бойы біраз мәселенің басын қайырып тастадық. Өзі бір тәп-тәуір бала екен деп келемін ішімнен. Содан, жетер жеріме жеткенде ақшасын беріп шыға беріп едім, жаңағы жігітім "Аға осы көшенің аты кімге берілген? Қайрат Рысқұлбеков деген кім еді?" - демесі бар ма.

Жайдары көңілім су сепкендей басылды да қалды. Не ашу шақырарымды, не баланы аяп мүсіркерімді де білмей қалдым. Бет жүзіне қарасаң ақылсыз жігіт емес сияқты. Жол бойғы әңгімесінен біраз нәрсеге қанық екенін, білмегенін сұрап білуге құштар екенін байқап үлгердім.

Сөйтіп отырып тәуелсіздіктің символына айналған Қайрат Рысқұлбековты білмеуінің сыры неде? Осы сұрақ бүгін күні бойы мені мазалап қоймады. Меніңше кінә бұл жас жігітте емес. Дәлірек айтқанда жалғыз оның кінәсі емес.

Бүгінгі таңдағы қазақстандық ақпарат кеңістігі нағыз қоқыстың мекеніне айналып барады. Атыс, шабыс, зорлық, қантөгіс. Одан қала берді, кім болса соның іш киімін ақтарған, кімнің кіммен тұрып, кіммен жатқанын өсектеген былапыт әңгіме. Дені сол.

Ілуде бір тұщымды, мәні мен мағынасы бар материал кездеседі. Олардың өзі жаңағыдай нөпірдің арасында білінбей өтіп кетіп жатады. Ал оны қай оқырман қайдан іздеп, қайдан аршып алып жатады? Амал жоқ, жаңағы өсек-аяң ақпаратыңды қылғытып жұта береді, жұта береді. Содан барып жаңағы жігіт тәрізді оқырман қалыптасады. Түкке қажеті жоқ нәрсенің бәрін біледі. Ал санасына нәр, рухы мен жігеріне оттық, болмысына тірек, болар, көкжиегін кеңітер дүниелерді білмей өте береді.

Мен бұл әңгімені неге айтып отырмын дейсіздер ғой. Осымен міне, үш күннен бері Алматыда еуразиялық медиа форум жұмыс істеп жатыр. Тақырыптары ауқымды, келелі. Әлемдік журналистикаға қатысты небір проблемалар көтерілді. Хош делік. Керек дүние. Әлемдік журналистикадағы тенденцияларды білген артық болмас.

Ал енді отандық журналистиканың проблемаларын қашан талқылаймыз? Отандық журналистика жоқ, бітті, өлді дегенде бәріміз жамырап қоя береміз. Өлмесе де өлімші халде екені рас. Ал енді соны реанимациялау үшін не істеу қажет? Соны да осындай жиындарда, бөлек сессия ретінде талқылап, шетелдік мамандардың пікірлерін білуге болмас па еді? Әлде өзге елден келген қонақтардың алдында ұят болады деп жылы жауып қоя береміз бе?

Осымен міне, оныншы жыл өткізіліп отыр медиа форум. Тек ұйымдастыру шараларының өзіне қыруар қаржы кетті осы уақыт ішінде. Ал осы жиындардың қазақстандық журналистикаға титтей болса да практикалық пайдасы тиді ме? Тисе неге біздің отандық журналистика соншама мүшкіл халде? Неге осыншама мүсәпір күйде?

Жаңағы жас жігіттің Қайрат Рысқұлбековты білмеуі оның кінәсі емес. Оған қажет кезінде сол жайында айтып, жазып, көрсетіп бермеген біздің кінәміз. Білім беру мен ақпарат тарату саласында жүргендердің кінәсі деп білем.

Біздің халық нақұрыс емес. Білімпаз, ізденімпаз. Тек сол халыққа қажетті ақпаратты бере білу керек. Халықтың жадын кімді кім зорлап, кіді кім алып қашқаны жайлы өсек-аяңмен емес, шын мәнісінде құнды ақпаратпен толтыра білу керек. Міне, отандық журналистиканың бүгінгі таңдағы міндеті.

Осы міндетті анық ұғынбай, халықаралық, әлемдік журналистиканың мәселелерін талқылау бос әуре. Себебі, дамыған елдердегі журналистика мен, дамушы елдердің журналистикасының миссиясы мүлдем екі бөлек.

Кемеліне келген, экономикалық, әлеуметтік институттары дамыған және ең бастысы ЗАҢ атаулыны басты, әрі бұлжымас құндылық деп білген қоғамда журналистика жәй ғана ақпарат таратушы бола алады. Ал даму жолына енді түскен, оңы мен солын енді тани бастаған, мемлекеттік басқару жүйесі мен халық арасында байланыс орнай қоймаған және ең маңыздысы - қоғамдық сананы дамытып үлгермеген Қазақстан сияқты елде журналистика ақпарат таратушы ғана емес, сонымен бірге ағартушы, әрі идеолог функциясын атқаруы тиіс.

Мұқтар Түменбаев, журналист

Дереккөз: Фэйсбук
Автор: Мұхтар Түменбаев -
Просмотров материала: 2 136

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 406 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 238 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 878 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 902 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 211 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 483 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 658 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 727 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 916 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 060 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 439 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 324 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 651 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 547 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 355 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 457 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 654 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 321 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 668 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 433 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 429 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 269 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 115 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 361 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 292 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 824 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 170 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 148 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 366 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 694 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 117 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 134 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 176 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 098 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 332 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 483 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930