13 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Балалар үйінің түлегі таксиден тауып алған 6 млн теңгені иесіне қайтарып берді

06 март 2018, 18:35
Оңтүстік Қазақстан облысында 6 млн теңгені тауып алған жігіт оны иесіне қайтарған. Өзі балалар үйінде өскен Самат Бекебаев осылайша жалғызбасты анаға қайырым танытқан. Бұл туралы ҚазАқпарат сайтына ақшасын жоғалтқан Әйгерім есімді әжей хабарласып, алғысын жеткізді деп жазады inform.kz.

«Мен құжатым мен ақшамды жоғалттым. Оны Самат Бекебай есімді жігіт әкеп берді. 6 млн теңгеге үйімді сатып едім. Кейін ақшамды ауылға алып бара жатқан жерімнен жоғалттым. Бұл бала менің құжатымды тауып алған, ішінде менің әпкемнің номері болатын. Соған xабарласып, мені тауып алды. Ақшамды қайтарды. Өзі жақында балалар үйінен шыққан екен», - деді Әйгерім әжей.

Белгілі болғандай, жас жігіт сол күні Шардара ауданынан қайтып келе жатқан екен. Таксиге мінгенде Әйгерім есімді әйел отырған. Екеуі жол бойында әңгімелесіп келген. Шымкентке жеткенде әжей түсіп қалыпты.

«Шымкентке келгенде апа заттарын алып, түсіп кетті. Артынан мен түсіп, көліктің жүк салғышынан заттарымды алдым. Қарасам онда бір қара сөмке қалып қойыпты. Менің затымның жанында бір қара сөмке тұр екен. Такси жүргізушісінен сұрасам, ол менікі емес деді. Сол кезде апаның заты екенін анық білдім. Өйткені ол көлікте тек үшеуміз отырған едік. Қара сөмкені алып, үйге апарып қойдым. Ішін ашып қарасам, дәптер мен орамалға оралған көп ақша тұр екен. Өз көзіме өзім сенбедім. Себебі, өмірімде ондай ақша ұстаған емеспін. Қайта орап қойдым да дәптерді ақтардым. Сосын ішіндегі нөмірлерге хабарласып, апаның мекенжайын сұрадым. Араға 4-5 күн салып, Шардара ауданына қайта бардым. Апаға қара сөмкесін тапсырып қайттым. Соңынан риза болып маған рахмет ретінде 56 мың теңге беріп жіберіпті», - деді Самат Бекебаев.

Жас жігіт көп ақшаны көргенде әр түрлі ой келгенін де жасырмады. Бірақ адамгершіліктен аттап кете алмағанын айтады.

«Ақшасын апарып бергенім де жақсы болған екен. Себебі зейнет жасындағы әжейдің асырап алған мүгедек қызы бар екен. Соны емдетемін деп үйін банкке кепілге қойып, қомақты несие алыпты. Алайда ол қарызын төлей алмаған. Болмаған соң, ауылдағы жалғыз үйін сатып, жарты ақшасына банктің қарызын жауыпты. Қалған ақшасы сол қара сөмкеде болған екен. Оған осы қаладан бір бөлмелі пәтер аламын деп жоспарлап жүргенін айтты. Қалай болғанда да жақсылық жасап, жаман болмадым. Сол ақшаны апарып берген күннің ертесіне бір кісі хабарласып, пәтер кезегінде тұрған маған үй берілетінін айтты. Қуанып кеттім. Қазір сол бір бөлмелі үйімді алып, осында тұрып жатырмын», - дейді жас жігіт.

Айнұр Ақбаева
Просмотров материала: 32 820

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 190 564 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 190 117 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 189 669 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 189 714 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 190 049 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 086 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 197 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 471 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 805 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 944 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 399 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 533 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 352 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 187 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 529 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 429 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 118 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 525 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 279 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 229 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 064 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 904 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 190 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 126 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 625 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 309 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 946 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 212 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 581 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 966 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 913 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 989 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 948 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 162 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 312 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031