6 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЖАҢҒЫРЫҚТАР ТУРАЛЫ: Камалиденовке аяныш пайда болды

ЖАҢҒЫРЫҚТАР ТУРАЛЫ: Камалиденовке аяныш пайда болды 1990-91-жылдар... Жамбыл облыстық телевизиясында қызмет істеп жүрген кезім... 86 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы деректі фильм түсіргім келді. Бірақ, түсірілім орны Алматыда болғандықтан басқа қаланың тақырыбы біздің облыстық телевизияға қаншалықты қатысты деген басшылық сұрағы туды, осы кезде. Орынды сұрақ еді. Жауабы табылған жоқ.

Қысқасы, өз есебімнен алты айға демалыс алып, достарым сыйлаған бейнекамера мен жұмыстағылардан (бір бөтелке беріп уақытша) сұрап алған жарық (свет) жабдығымен Алматыға қарай жол тарттым. Қалтада көк тиын жоқ, қарызданып-қауғаланып жүріп, алты айға жуық уақыт ішінде қомақты материал жинадым. Оқиғаға белсенді қатысушылардың басым көпшілігімен кездескен сияқтымын. Оңай жұмыс болған жоқ.

Әдетте, ашық әңгіме -ащы сырдың соңы ащы су ішумен аяқталатын. Соған қарағанда, жазыла бастаған жарасының аузын ашып жібердім ау деймін, кейіпкерлерімнің. Түсірілім барысында бәрін көрдік. Қонатын орын, жатар төсек таппай абдырап қалған кез де болды. Қарын ашып жүріп те жұмыс істедім.

Тұрмыстық проблемалар қажытқанда бәріне қол сілтеп, Жамбылға қайтып кеткім де келді. Шығармашылық топтың міндетін жалғыз атқарғандықтан уақыттың көбі ұсақ-түйек мәселе шешуге кеткені рас. Айталық, бір шенеунікті аталмыш тақырып бойынша сұхбат беруге әрең дегенде көндіресің. Ертерек тұруға қанша тырысқанмен кезекті түнгі түсірілімнен соң, таңғы жетіде ояна кету қиынырақ соғады.

Қала шетінен орталыққа жету үшін таңғы жеті жарымда артынып-тартынып аялдамаға келемін. Автобустың іші толы жолаушы... Бір қолымда камера салынған дорба, екінші қолымда жарық жабдығы салынған үлкен сөмке. Бұған қоса, әлгі жарық пен камераға қажетті штатив құрғырлар тағы бар. Жұртпен жағаласып автобус есігіне ұмтылсаң, не екі сөмкеңнің бірі, не болмаса темір штативтеріңнің бірі көлікке мінушілердің денесіне тіреліп қалады немесе есікке кептелесің. Айғай-шу басталды дей бер, ондайда...

Сосын, ләжсыз түсуге тура келеді. Келесі автобусқа да симай қаласың, одан кейінгі көлікке де орын табыла қоймайды. Таксиге мінетін ақша жоқ. Қысқасы, уағдаласқан орныңа кешігіп әрең дегенде жетсең, күтіп отырған дөкейің тағы қырсығып қалады. Ал, көндіріп көр, сосын... Уағдаласқан уақытында келмейтін қайдағы бір облТВ қызметкері ол үшін кім, тәйірі?

Өкінішке қарай, жүйкені тоздырып жүріп жинаған материалдың басым бөлігі эфирге өтпей қалды. Өтуі мүмкін емес те еді. Бірақ, түсірілім барысында оқиғаға қатысы бар деген "жақсы кейіпкерлермен” де, “жақсы емес кейіпкерлермен” де армансыз сұхбаттастым. Басқасын айтпағанда, атышулы генерал Басаровтың, “алаңға шыққан наркомандарды” айыптаған зиялылар хатын ұйымдастырушы Устиновтің, “іштен шыққан шұбар-секретарь" Камалиденовтің “жүрек жарды” әңгімелерінен көп мағлұмат алдым.

Бірақ, бұлардың бәрі дерлік (бейнекамера алдында) сөйлеуден бас тартты. Әсіресе, 52 жасында “пенсияға шығып үлгерген” Закаш Камалиденовпен болған әңгіме ерекше есімде қалыпты. Адресін қалай тапқаным есімде жоқ, бір күні кешқұрым ол кісіні үйіне іздеп бардым. Жамбыл мен Төлебаев көшесінің қиылысындағы төрт қабатты үйде тұрады екен. Есігі кодпен ашылады, бөтен адамға жол жоқ.

Сосын, тұрғынның бірі ішке кіретін шығар деген үмітпен күздің ызғарлы суығында бір сағаттай сыртта дірілдеп тұрдым. Құдай жарылқап, подьезд есігін ашқан бір кісімен жағаласып, ішке ендім. Тұратын қабатын шамалап білетінмін. Жобалап, осы пәтер болар ау деп кнопкі бастым. Қазақ халқына қарсы "рухани соғыстың" белсенді ардагері есікті өзі ашты...

Амандаса салып, бұрынғы ескі танысындай бастырмалатып сөйлеп жатырмын. Өзімнің “желтоқсан” туралы фильм түсіріп жүргенімді, сұхбат берушілердің басым көпшілігі оның “ішін кептіріп” сыбап жатқанын, сондықтан, бір жақты айыпталғанша көрерменге бірдеңе айту (түсіндіру) қажеттігін дұрыс жеткізуге тырыстым. Ол менен тап мұндай “наглость” күтпесе керек, базарға мал сатып, анау-мынау қарыштап қайтқан ауыл тракторшысы секілді бірнеше сөмке артынып-тартынған бейтаныс біреуді жеке пәтеріне қалай кіргізгенін өзі де байқамады. Үлкен залда біраз уақыт отырдық. Шәй ішілді ме, жоқ па, есімде қалмапты. Бұрынғы хатшы көп нәрсенің бетін ашып бергендей болды.

Мен ол жерде журналистен гөрі айыптаушы прокурорға көбірек ұқсап кеттім ау деймін. Кімнің шаңырағында отырғанымды да, алдымдағы адамның үш әріпке тікелей қатысы барын да ұмытып кеттім. Шамама қарамай сұрақтарды төпелеп жатырмын. Ол байғұс ақталып әлек... Шынымды айтсам, Камалиденовтің “антиқазақтық” қиянатын аз естіген жоқ едім. Соның әсері шығар, жақсы сыйлаушы едім деп айта алмаймын.

Бірақ, әлгі әңгімеден кейін ағамызға деген кәдімгідей аяныш пайда болды, менде. Отырған бір бишара, әйтеуір... Ақтала береді, ақтала береді... "Бірдеңе" деп арқамнан қайта-қайта қағып қояды. Әзірге, ол "бірдеңелердің" не екенін жаза алмаймын, өкінішке қарай... Бірақ, обалы не керек, жеке өзіме талай құпияның бетін ашып берді.

Осының бәрін камераға қарап неге айтпайсыз десем, - Он бес жыл өткен соң, барлық шындық ашылады, сол кезде бәрін айтамын,- деп бітірді әңгімесін. Содан бері, он бес емес, жиырма бірдеңе жыл өтіпті. Содан бері, қандай шындық ашылды? Содан бері, түрлі басылымнан жалтарма жауапқа толы сұхбатын оқығаным болмаса, ол кісіні көрмеппін де...

Р.S. Отбасымнан безіп, алты ай бойы басқа қалада қаңғып жүріп жинаған материалдар негізінде "Желтоқсан жаңғырықтары” атты жеті бөлімді деректі фильм жасадым. Тағы да қайталап айтам, оның басым көпшілігі пайдаланылмай қалды. Жасағаным “шедевр” емес, әрине... Бірақ, сол кездегі жағдайда көрермен үшін әсерлі болған сияқты.

"Жаңғырықтарды" республикалық эфирден бірнеше рет қайталап көрсетті. Өзім сценарист, өзім режиссер, өзім оператор, өзім жарық қоюшы, өзім жүргізуші, өзім монтаж редакторы, өзім администратор, өзім.... Қысқасы, бәрін бір өзім жасадым. Қазір мұндай жобаның аясында “бір қора адам” жұмыс істейді. Олардың үстінен "бір қор адам" қадағалайды.

Деректі фильм түсіру барысында көп қарыздандым. Демеуші болған жоқ. Облыстық ТВ-дан алған қаламақысымағым шығынның “екі жүзден бірін” де жапқан жоқ. Сосын, әлгі қарызды жабу үшін алты ай бойы той түсіріп жүрдім. Мұны неге жазып отыр дейсіз бе? Білмеймін, жәй еске түсіп кетті...

Серік Абас-шах, журналист
Автор: Серік Абас-шах - ЖАҢҒЫРЫҚТАР ТУРАЛЫ: Камалиденовке аяныш пайда болды
Просмотров материала: 4 310

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 189 540 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 189 088 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 188 644 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 188 692 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 189 027 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 032 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 143 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 410 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 724 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 866 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 348 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 293 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 526 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 345 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 180 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 517 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 424 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 114 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 517 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 271 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 222 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 059 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 895 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 182 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 117 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 618 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 289 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 937 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 202 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 572 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 960 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 907 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 975 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 940 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 155 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 301 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031