23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"ТІЛ ТАЙҒАНАҚ КЕЛЕДІ - ТҮЙІНІ ЖОҚ"

29 август 2017, 14:27
"ТІЛ ТАЙҒАНАҚ КЕЛЕДІ - ТҮЙІНІ ЖОҚ" Мұхамеджан Тазабектің діни көзқарасы туралы біраз азаматтар фейсбук парақшаларында, БАҚ-та да пікірлерін жариялап жүр. "QAZAQSTAN"ұлттық телеарнасының продюсері Дәурен Дариябек те "Асыл арна" телеарнасының директорына қатысты ойын жазған екен:

"Черчиль «Мәңгілік дос та жоқ, мәңгілік жау да жоқ, тек британ халқының мүддесі ғана тұрақты» деген. Ал мен үшін ҚАЗАҚ халқының мүддесі, салт-дәстүрі, діни танымы – бәрінен қасиетті.

Қазір осы ұлы ұғымдар жолында жанды пида етуге болатын сындарлы уақыт. Қазақтың жаны шатақ діндер мен түрлі діни ағымдардың әсерінен өзгерістерге түсуде.

Осы қауіпті үрдіс мені де алаңдатады. Сол үшін ашық сұрақ қойып, пікірімді тіке айтсам, М.Тазабековпен деңгейлес болу, я ғұлама болуым шарт емес деп санаймын.

Базбіреулер әлеуметтік желіде «Алдымен сен онымен деңгейлес боп ал!» және «Біреуді айыптап қайтесің? Бәрін Құдай өзі реттейді ғой» деген ойларын жазуда. Мен бұндай шартты әрі тапал түсінікті қате деп түсінем.

Құдайдың еншісіндегі дүниені Құдайдың өз құзыретіне қояйық, ал қоғамның еншісіндегі дүниені біз талқылауымыз керек. Бір нәрсені айырып алғанымыз жөн, егер Мұхамеджан Тазабеков дінін өзінің шағын отбасында ғана тұтынып жүрсе әңгіме басқа, бірақ ол өзінің діни таным, уағыздарын қоғамға таратып жүрген азамат.

Ал, қоғамға қатысты мәселе алдында бәріміздің тең екендігіміз - азаматтық қоғам құрдық дейтін, құрып жатырмыз дейтін ел үшін ежіктеп жатуды қажет етпес. Сондықтан бұл жайтқа қатысты мен де үн қатуға тиістімін. М.Тазабековтің сұхбатынан да, оны жақтайтын азаматтардың комменттерінен де мынаны байқадым: «Атағыңды шығарғың келе ме? Неге мұндай сұрақ қоясың?

Шешкіш болсаң тікелей өзімен шешпейсің бе?» деген сыңайдағы. М.Тазабековке сауал қойсам жеке басыма қатысты дүниелерді, арамыздағы алыс-беріс мәселесін даулап жатқам жоқ.

Тағы да айтам, бұл - қоғам мәселесі. Мынаны ескеруіміз керек, жеке адамның мінез-құлқына қатысты сын айтылған жоқ. Себебі, жеке тұлға мен қоғамдық тұлғаның арақатынасы екі бөлек. Қоғамға, ұлтқа қауіпті тенденцияны ескерту – азаматтық міндет. Керісінше, сындарлы осы кезеңде елдің дәстүріне қауіпті ой-пікірді жасырып қалу, жарияламау, жанын салып ақтау – ұлттың тарихына, дәстүрлі танымға жасалған үлкен сатқындық дер едім.

«Пайғамбар адасса артындағы жұрттың бәрі адасады,» - демеуші ме еді?! Мұхамеджан Тазабеков пайғамбар емес, бірақ қоғамдық тұлға. Қазір алыстан сермеп, жүректен тербеп, сұлу сөзбен, шешендік өнермен халықты иландырып жіберетін баяғы заман кеткен. Нақты фактінің ғана салмағы басым түседі.

М.Тазабековті бірді-екілі көріп-білген азаматтар өздерінің пікірін жазып жатыр. Олар өтірік айтады деп ойламаймын. Басқа-басқа Arman Әубәкір жалған сөйлеген күні ақырзаман басталады. Қанат Әбілқайырмен алты аласы, бес бересім жоқ.

Ол да тайсақтай беретін М.Тазабековтің кезекті өтірігін қайта әшкереледі. Арманды өтірікші еткен сұхбат арқылы тайсақтаудың әдемі бір әдісін көрсетті. Мен ғана емес көзі қарақты оқырманның іші сезіп, бәрі де солай түсінді. Былтыр ғана «Айтыс кезінде ақындар «Қасиетті Маңғыстау», «Киелі Маңғыстау» дей береді.

Мен ішімнен қылпылдап отырдым» деген сөзіне Бақтыбай Жайлау да куәлік етті. Болған жайды айтқан Бақтыбай бауырымды бұрын-соңды көріп-білген емеспін. Шындап келгенде, мұндай естеліктерді айтатындар аз болмауы мүмкін.

Бірақ олардың көбі үндемей, үндей алмай отыр. М.Тазабековтің жер-жерде өтетін жасырын һәм ашық кездесудегі уағыздарын тыңдағандардың көбі тілін тістегені аян. Үндемеу, үндемей құтылу - біздің заманымыздағы ұлттық қасіретке айналды. Ел ішінде бір мәселе көтерілсе, басқа арнаға бұрып жіберетін де жаман мінез пайда болды.

Анығында, айтатын кезде үндемей қалуымыз – ұлттың болашақтағы өкінішіне айналмаса игі еді! Сондықтан, айтары бар адамның әрекетін айыптау қажет емес.
Тазабековті жақтаушылар пікір білдіруге «боқжағыс» деп айдар тағыпты.

Іріген адамның аузынан шіріген сөз шықпаушы ме еді?! Жақтаушылардың жарымы өз агрессиясын ашық көрсетті. Ішінде ел танитын азаматы «Намазы жоқ наданның бұл мақаласына бола неге дүрліге береміз, ағайындар?» - деп ұрандатты. Құдайға шүкір, бала күнімде медреседе тәлім алдым. Бес парызды шама-шарқымша орындап жүрмін.

Атеистік қоғамның өзінде дініне берік болған Шәкенбай молданың немересімін. Даттаушылар сәждеге басымның тиген-тимегенін қайдан білсін? Алайда, кім намаз қылмай жатыр? Хәкім Абайдың өзі айтып еді:

«Мумин болсаң, әуелі иманды бол,
Пендеге иман өзі ашады жол,
Шын илан да, таза ойла бір иманды,
Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол,» -деп.

Намаз оқитынды «ұлық» деп, бейнамазды «кәпір» деп айту –тек радикалистік жамағаттың анализі және надандықтың нақ өзі. Сонда М.Тазабековті кімдер жақтап жүр?-деген заңды сұрақ туады.

М.Тазабековтің қорғаушылары: «Ол қазір сенімін өзгерткен, бұрынғы көзқарасы үшін бүгін кінәлаудың қажеті жоқ,» -деп ескертіп бақты. Алайда, ол кісінің өзі «Бұрын қателескен екем, қәзір діни танымым өзгерді» деп қай жерде, қай басылымда айтыпты?! Куәлік ететін адам бар ма? Тыңдайық! Ақтау мен жан ашудың да жөні бар ғой, біреудің атынан жауап беру - есті сөзге жатпас.

Күні кеше М. Тазабеков инстаграммда «Сауабы ата-бабамыздың әруағына тие берсін!» деп қолында құрмасы бар суретін жариялады. Бұл беті бері қарағанның емес, көптің көңіліндегі сансыз сауалды сейілту үшін жасай салған тақиясы болуы бек мүмкін. Неге? Өйткені, «Асыл арна» тігісін жатқызып беретін телехабарлардан байқалатыны - қазақ халқы тәуелсіздіктен кейін ғана мұсылман болғандай.

Ал қазақтың тарихы, небір қасиетті, киелі жерлері, әулие-әнбиелері жайлы телебағдарламалары бола қалғанның өзінде «Біз де мұндай тақырыпта бағдарлама жасағанбыз» деген саяси есеп екені анық. Ахмет Байтұрсынұлы «Домбыра тарту, ән салу, өлең айту сияқты халықтың үйреншікті зауықтарына дейін күнә деп, тиғысы келген.

Бірақ ұзын арқан, кең тұсауға қалыптанған қазақ шариғаттың тар тұсауына үйрене алмаған» деген еді. Тарихи танымды тұсаулап емес, шідерлеп ұстағысы келетін «Асыл арна» «әулие», «кие» сияқты ұғымдарға түбегейлі қарсы. Қанша дау болып, муфтият бекіткен «Алла» сөзін әлі күнге «Аллаһ» деп бұрмалайтыны – ҚМДБ-ның шарттарына жүгінгенмен, мойындамайтынына дәлел.

«Ширк», «бидғат», «харам», «күпірлік» жайындағы хабарларға басымдық беретін арнаны діннің ішкі мазмұны емес сыртқы формасы көп толғантады. Бұрнағы жылы Яссауи кесенесін отқа орап қойған көрінісі үшін дінтанушы ғалымдардың сын жебесіне ілікті.

Діни арна ұлттық мәдениетіміздің қай үлгісі оң жамбасқа келсе соны редакциялап береді. Жалпы қазақтың тұрмыс-салтын көрсеткен сыңай танытып өз идеологиясын жүргізіп келе жатыр.

Журналистиканың бел ортасында жүрген соң идеологияның қалай жасалатынын бір кісідей білеміз. Егер бұл үрдіс осылай жалғаса беретін болса дәстүр-салтымыз, діни танымымыз әрі дүниетанымымыз мүлде өзгеріп, елу немесе жүз жылдан кейін басқа бір елге айналуымыз хақ.

«Мен қауіп еткеннен айтамын!»
М.Тазабеков - сауысқаннан сақ әрі қулығына құрық бойлатпайтын әдісті шебер машықтанған. Сұхбатты қандай журналиске беру және қалай беру керек екенін жақсы біледі.

Қарап отырсаңыз, көп жағдайда: сұхбатты өзінің сойылын соғатын мүдделес іні-қарындас журналистеріне, солардың басылымдарына береді. Солай сөзін өткізеді. Мүдделес болғандықтан да олар жауырды жаба тоқып, кейбір ащы мәселелерге қатысты ойлардың тігісін жатқызып-ақ жібереді. Өзі жалпылама жайттарға қызыл сөзбен көсем ой айтқансиды.

Сөйтіп ұтады. Әрине, сырт көз, бағдары барлар оның әккі әрекетін сезетіні анық. Алайда, мұндай қулық-сұмдықтың бірін де білмейтін жалпы ел М.Тазабековтың сөзіне имандай ұйып, айтқанына еріксіз сенеді.

Сөйтіп, көптеген жұрт ұлттық дүниетаным тұрғысында «Бал» екен деп «У» жұтуда. Бұған дәлел, өзім куә болған жайт. Былтыр «Алматы» арнасындағы «Өткір тіл» бағдарламасының не үшін жабылғанын көп жұрт білмейді.

Мен «Өткір тілдің» редакторы болдым. Кезекті бір хабарға профессор ақсақалымыз Мекемтас Мырзахметов қатысты. Сұхбатта «20 уахабист Тазабектің үйінде жиналдық» деп айтып салды. Бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі Nartai Аралбайұлынан кейін қарап, бекітетін продюсер Aidos Жұқанұлы деген азамат тексеріп, эфирге беріпті.

Артынша бір отар қой ағынды суға шөлдеп келіп, бас қойғандай азан-қазан, у-шу басталды. Ақырында телеарна басшылығы тарапынан «М. Тазабеков эфирге шығып, абайтанушы ақсақалға жауап беруі керек!» деген өктем нұсқау келді. Ұят пен тізімдегі тұлғаларды кейін сырдырып тастаған соң «Қазаншымыз қаласа, келсін!»- дедік.

А.Жұқанұлы маған хабарласып: «Сұрақтарды дайындап, маған бер! Мен телеарна басшылығымен оны нақтылап барып, Нартайға берем» - деді. Біз ешбір тұлғаға, тіпті, сол тұста ҚХА төрағасының орынбасары болған Ералы Тоғжанов мырзаның өзіне алдын-ала сұрақты берген емес едік. Артынша дайын сұрақтардың құдайы қонаққа кеткені белгілі болды.

Тап осы жерде біз бен телеарна басшылығының арасына сызат түсті. Артынша М.Тазабеков түсірілімге келгенде Н.Аралбайұлының қолына екі парақ дайын сұрақтар беріліпті. Продюсер "Осы сұрақтарды ғана қоюың керек" деген пәрменін ескерткен. Бірақ адуынды Нартай студияда дайын сұрақтардан бөлек өз сауалдарын қосып берген. Хабар 1 сағат 7 минуттай жазылды.

Түсірілім аяқталысымен ұлтжанды Айдос мырзаның "Егер телеарнада кімде-кім Нартайға Мұхамеджанмен болған сұхбатттың түпнұсқасын берсе басы кетеді" деген бұйрығы тарапты.

...Ал эфирден не көрдік, 32 минуттық бізді жығып тастаған сұхбатты көрдік. Бізге түсірілімде әлгіндей "сыйлық жасалатынын" сезіп, толық сұхбатты өзіміз ұялы телефонға басып алғанбыз.

Соны Youtube-та жарияладық. Сосын "Өткір тіл" басшылықпен біржола жау болып шыға келді. Өйткені, айтаққа үретін ит емес "Өткір тіл"! Нартай бағдарламаны "Өткір тіліміз өміршең болсын" деп аяқтайтын еді ғой. Ғұмыры 6 айға жуықтады, 40-тан астам тұлғамен тілдесті. Әйтеуір қазаққа ұнады, көрермені көп болды.

Алдын-ала дайындықпен шығатын бұл әдіс-айланы мен былай түсінемін. Мысалы, «Асыл арна» сайтында «Қандай жағдайда өтірік айтуға болады?» деген мақала бар.

Сілтемесі мынау: http://www.asylarna.kz/maqala/maqalainfo/150. Сонда рұқсат етілетін өтіріктер: Бірінші - соғыс кезінде (айла үшін айтса), екінші – бір адам екі жақты жарастыру үшін, үшінші - ерлі-зайыптылар өзара тілдескен (арадағы көркем қатынасты сақтауда) кезінде екен. Ақпараттық майдан өршіген қысылтаяң кезінде осы хадисті ұстануға ұлықсат сияқты. Мүмкін күні ертең аспанның қара бұлты сейіліп, діттеген мақсат-мұраттарына жеткен кезде, тіпті өзінің жамағатының ішінен бір мүмін пенде тұрып:

- «Аға, ілгеріде «әруақ», «кие» деген теріс емес, сәлем салу мен домбыра тарту ширк емес, алыс-беріс, жөн-жосықты «исраф» санайтындармен ымырасызбын» - деп айтып едіңіз. Енді соны қайта терістеп отырсыз. Бұның сырын қалай түсіндіресіз?» -деп қалса:

- «Өтірікті қандай жағдайда айтуға болатынын біздің сайттан оқып алған дұрыс»-деп ақталып шығады ма? – деген ой келеді.

Ең әуелі, даудың басы неден шыққаны жұрттың есіңде шығар. Есей Жеңісұлы мен Аманхан Әлім ағаларымыздың бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай бір мезетте «Асыл арнаны», оның басшысын ақтап пост жазғанына таң қалғаным рас.

Өйткені, «заказдың» иісі қолқаны қапты. Мен бар-жоғы соны жазып едім, М.Тазабековтің қорғаушылары отқа май құйды. Хош, игі жақсылардың жерорта жасқа келіп, мұндай әрекетке баруы – жоғарыда айтқан «Асыл арнаның» түпкі концепциясын білмегендіктен деп ойлаймын. Дауға қисам да, жауға қимайтын ағалардың бір нәрсенің байыбына бармай кейбір жайттарға пікір білдіріп, араласатындығы - өздеріне сын.

Мысалға, соңғы екі-үш күннің айналасында Аманхан ағамыз М.Тазабековті ақтап, «Айгүл Ысмақованың шырылдап айтқысы келген» ойын қостаған постын алып тастады. Енді Dosay Кенжетай ағамыздың асыл дін жайлы ойын құптап, «Бұл сөз-ақ, Досай!» -деп қуаттапты. Белгілеп бөліскен жазбасында мынадай тезис бар: «Исламның мәнін сопылардан артық танып, түйсінгендер тарихта кем.»

Бұған күлесіз бе, жылайсыз ба, өзіңіз біліңіз. Себебі, өзі шашбауын көтеріп, қызғыштай қорыған «Асыл арнаның» сопылық танымға деген көзқарасы бесенеден белгілі ғой. Ал Есей Жеңісұлы «Ауыз - сендердікі, сабыр - менікі, уақыт - бəріміздікі» деп жазды. Әрине, уақыт бәрімізге ортақ. Бірақ, уақыты келген кезде бәрімізге де бағаны беретін ертеңгі ұрпақ.

Уақыт өте келе айтпады деп жүрмесеңіздер болғаны. М.Тазабеков бірнеше жыл бұрын дастархан үстінде айтқан сөзінен жалтарып жатыр. Сіз де соның кебін кимесеңіз болды. Мәселе тұра жүгіру емес, тура жүгіруде болып тұр.

Менің адамшылықтан аттаған жерім мынау екен. 2015 жылы қажылық сапар кезінде Әл-Харам мешітіндегі қайғылы оқиғадан кейін сыртқа ақпарат тарамауы үшін қауіпсіздік күшейді. Біздің камера асай-мүсейімен кеденнен өтпей қалды.

Қажылықты түсіру бойынша тәжірибелі «Асыл арнаның» камерасын, ноутбугын пайдаландық.

Алла разы болсын! Көл-көсір рақметті сол кезде, кейін де айттық. «Асыл арнаның» бір жақсылығы үшін елдің көкейіндегі ақиқатты жасырып қала алмайды екенмін. Фарисейлер менің ар-ұятымды түртіп, жақсылықтарын тағы тықпалағысы келсе Қожанасыр хикаясындағыдай хауызға қайта түсем. Қожекеңнің хикаясы былай: Қожанасыр бір күні үйіне келе жатса кенеттен жаңбыр жауып кетіпті.

Жаңбырдан пана іздеп адамдар шатырдың, ағаштардың астына тығыла бастапты. Бір кезде көпшіліктің арасынан бір адам келіп Қожекеңе қолшатырын ұсынады. Қожекең рахметін айтып, алғысын жаудырып үйіне су болмай жетіпті.

Арада бірнеше күн өтіп, көшеде келе жатса, əлгі адам жолығып: - «Қожеке сол кезде мен қолшатырымды бермесем не болар едіңіз?»- дейді. Қожекең «Ия, Алладан қайтсын! Қызметің қажетіме жарады. Рахмет!»- депті.

Тағы бір жолы сол адамды жолықтырса əлгі сөздерін қайталапты. Қожекең де алғысын жаудырып және рахметін айтады. Арада біраз айлар өтіп шаһардың орталығында жұртқа арналған үлкен хауыз салынып, соны тамашалауға Қожекең де барып тұрса, көптің алдында баяғы жігіт қайта жолығып: «Не істер едің мен болмасам...???» - депті тағы. Қожекең сол кезде бірауыз тіл қатпастан алдында тұрған хауызға секіріп кетіпті де, бір сүңгіп шыққан соң, «Осындай болар едім!» деген екен.

Алғашқы жариялаған жазбамнан кейін өзіңдегі батпақ-лайды маған жаққысы келетін даттаушылар бір ойды бастаса, ұшығына шыға алмай, не елдік мәселені жеке бастың мәселесімен шатастырып жатты.

Мені тұқыртатын компраматты мансабымнан тауып, өсу жолыма шәк келтіріпті. Долбары былай:

«Білемін. Университетте оқып жүріп, бір телеарна мен бір радиода жұмыс істедің. Жоғары оқу орнын бітіре салысымен, ұлттық арна жаңалықтарының Алматы бөлімін басқардың. Көп ұзамай атқарушы продюсер болып шыға келдің. Ондай ғарыштық жылдамдықпен өрлеуге өрең жеткізген жоқ. Рас. Жақсы жазатын шығарсың. Журналистикада әйтеуір, бір бұйырған орның бар шығар» - дейді.

Даттаушылардың бірінші өтірігі, мен радиода мүлдем қызмет еткен емеспін.

Елімізде кейбір өсіп-өрлеу мен қызметке жету мәселесінде тамыр-таныстықтың орын алып жататыны анық. Ал, бірақ, қызметі өрлеген адамның бәрін 100% тамыр-таныстықпен өсті деуге болмайды ғой.

Мен қандай табысқа жетсем де өз еңбегім мен маңдай терімді төгіп жеттім. Университетте оқып жүріп «Қазақстан» телеарнасындағы «Дала думан», «Қолтаңба» бағдарламаларының редактор-сценарисі болдым. Егер биліктен біреу ықпал еткен болса сол тұста жұмысқа қабылдаған Жаныл Асылбекова апайдың өзі айтсын. Басшылар жиі ауысып, штатты қысқарту жиілеген кезде 21 жасымда «Дарабоз» журналын басқардым.

Журналдың құрылтайшысы Өтеген Махмутқа мені өз инициативасымен ұсынған «Қолтаңбаның» жүргізушісі Болат Әбділманов ағамыз болатын. Көп ұзамай Ұлттық арна қайта шақырды. Екі аптада бір шығатын тарихи-танымдық «Тау тұлға» бағдарламасын, апта сайын шығарып, деректі фильмдерге жауапты редакторлық еттім. Әруақтардың алқалағаны шығар – сөздің парқын түсінетін көрермен мен зиялы қауымның аз-маз махаббатына ие болдым.

«Мәдениет» арнасы ашылғанша Шығармашылық бірлестікке тиесілі бірнеше хабарды жасадым. «Мәдениетке» не үшін мені жұмысқа алғаның Сағатбек Қалиев аға мен Назгуль Сарыбаева апайымыз айтсын.

Көп ұзамай Ұлттық арнада жаңадан ашылған «Ақсауыт» әскери бағдарламасының редактор-жүргізушісі етіп бекіткенде біреудің ықпалы болса продюсер Серік Аббас Шах, Шоқан Шөжеев ағаларымыз және бас редактор Zeinet Тұрарбекқызы білер.

«Ақсауыттың» эстафетасын Галым Қалменовке өз қолыммен табыстап, ғылым жолына бет бұрдым. Кейін Kainar ағамның өзі алты ай бос тұрған Алматы бюросының жетекшілігіне шақырды.

Сонда сол қызметке сайлаған Нуржан Жалауқызы мен Қайнар Олжайға ту сырттан тапсырма берілмегені Тәңірге хақ. Атқарушы продюсерлікті де, филиал директорының орынбасары-Бас редакторлық қызметті де шама-шарқымызша адал орындадым. Өз ісіме адалдығымды қызметтес болған басқа әріптестерім құптай жатар. Отызында орда бұзбаған, қырығында қамал алмайтынын ескерсек, бұл ғарыштық жылдамдықпен емес, қалыпты көтерілу. Алаштың арда ұлы Алтынбек Сәрсенбаев 31 жасында Ақпарат министрі болды емес пе?!

Сондықтан, бұны үлкен бір шың деп те ойламаймын. Алар асуымның алда екеніне, жоспардағы көп жайттың іске асатынына шығар күндей сенем! Ұлт тағдыры сынға түскенде тайсақтай алмайды екем!

P.S. Қара күйе жаққыштардың екінші өтірігі, Бағлан Майлыбаев менің «нағашым» емес. Рас, Бағлан Майлыбаев екеуміз бір өңірдің тумасымыз. Ол кісімен 2014 жылдың күзінде, Жазушылар Одағының 80 жылдығына арналған шарада жүзбе-жүз таныстым. Бірақ қызмет сұраған емеспін. Өзіңде қанат болмаса өзгенің қанатымен ұша алмайсың.

Ал даттаушылардың үшінші өтірігі, Б.Майлыбаевтың ата-анасы туралы «Келбет» бағдарламасы жасалған емес. Және сол бағдарламаны түсіру үшін «Атқарушы продюсер бола тұра редакторды жібермей, жеке өзі барды,» - деп соғыпты. Өз басым бар шаруаны редакторларға жүктеп қойып, креслода шіреніп отырған кезім жоқ.

Жақсы журналист қол астындағы мамандармен бірге бір сапта хабар дайындайды, үлгі көрсетеді. «Келбетті» қайдам Алматы бюросын басқарып тұрған кезімде «Қазақстан» телеарнасы «Жеңістің 70 жылдығына» 70

қысқа деректі фильмдер ұсынды. Соның бірі «Соғысқа танкі сыйлаған – қазақ» атты тыл қаһарманы Құрмансейіт Бейсенов туралы фильм менің еншіме тиді. Арнайы іс-сапарға түсірілім тобымен шығып, Құрмансейіт қалпенің көзін көрген бірнеше қазына қарттарды таспаға жаздым.

Сол деректі фильмге Жамбыл облысының құрметті азаматы, ел ақсақалы Асаубай Майлыбаевтың қатысқаны рас. Тарихи хабарда Асаубай ағамыз өзі жайлы емес, Құрмансейіт қалпе жайында ой толғады. Анық-қанығына жету үшін толық хабарды мына сілтемеден көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=VMrbV737YpA.

Ертеде Мырзабай би:
Бір заман келеді,
Тіл тайғанақ келеді - түйіні жоқ,
Су лай болар -иірімі жоқ.
Адам қу болар -құйрығы жоқ.
Несібе су болар-бұйрығы жоқ,-депті. Ал менің ойымша, сол заманның басты кейіпкерлері әлі талай түлкі бұлаңға салатынына күмәнім жоқ."

Дәурен ДАРИЯБЕКТІҢ фейсбуктегі парақшасынан
Просмотров материала: 2 476

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 330 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 163 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 803 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 827 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 135 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 477 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 654 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 721 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 911 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 055 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 434 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 168 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930