16 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАЗАҚ ТІЛІ КІМГЕ КЕРЕК?!

18 август 2017, 12:08
ҚАЗАҚ ТІЛІ КІМГЕ КЕРЕК?! Тәуелсіздіктің тұтқынына айналған қазақ тілінің төңірегінде кезекті шу шықты. Оғыз Доған есімді түрік азаматы Air Astana әуе компаниясының ұшағында қазақ тілінде қызмет ала алмағанына күйініп, оқиғаның қалай болғаны бейнеленген видео таратты. Сол-ақ екен, желідегі жұрт әуе компаниясының тұтынушыға мемлекеттік тілде қызмет көрсетпегені үшін кешірім сұрауын талап етіп, шулап қоя берді. Бұл оқиға ел ішіне лезде тарап, қоғамдық дауға ұласты. Оғыз Доғанға жолаушыларға ортақ тәртіпке бағынбағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды. Бұл айыппұлды жұрт ана тілімізге соғылған кезекті соққы деп те қабылдап жатыр.

ҚАЗАҚ ТІЛІ ҮШІН КҮРЕСТЕГІ ЕКІ МАЙДАН


Тіл мәселесінің шешімін таппағанына 26 жылдан асты. Әрі жақын болашақта мемлекет тарапынан тіл тағдырына қатысты оңды шешім болмайтын сыңайлы. Өйткені тіл түйткілін шешуге саяси жақтан құр сөзден басқа әрекет жасалған емес. Мәселен, тәуелсіздік жылдарында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, қазақ зиялыларының қаншама әрекеттері болды десеңізші: митингілер, үндеулер, кездесулер, талқылаулар.

Бірақ тіл тағдырына араша түскен бұл қадамдардың бәрі де ресми билік тарапынан ешқандай қолдау таппады. Әлбетте, биліктің айтар уәжі қашанда дайын. Мәселен, президент Н.Назарбаев 2012 жылғы жолдауында: «Қазақ тілі өркендеп, дамып келе жатыр. 2020 жылға дейінгі бағдарлама айтылды ғой. Сол кезде халықтың 95 пайызы қазақ тілін білетін болады. Мектептерде қазақ тілі оқытылып жатыр. Қазақ тілінің жайын айтып, жөн-жосықсыз елді дүрліктірудің қажеті жоқ. Ол Қазақстанға пайдалы емес.

Осыны барлықтарыңыз түсінулеріңіз керек. Депутаттар да, мемлекеттік қызметкерлер де осыған оң көз­қарас білдіріп, жұмыла іс­ке кіріскені жөн», – деген еді. 2020 жылға үш жыл қалды. Ал Қазақстанда қызмет көрсету саласынан бастап, үкімет отырыстарына дейін орыс тілінің үстемдігі бір кеміген жоқ. Оғыз Доғанның тіл мәселесінен кедергі көруі осы сөзіміздің анық бір дәлелі.

Әркез тіл мәселесі сөз болғанда елді мекендеген басқа диаспораларды былай қойғанда, қазақ халқының өзі іштен бөліне кететін әдет тапты. Ана тілінің азаттығын аңсаған, сол жолда тамшыдай әрекетке қолдау көрсетуді өзіне азаматтық парыз санаған жұрт қазақ тілін бүгінгідей қорлықтан құтқарғысы келеді, шырылдайды, үн қосады, қолдау көрсетуге тырысады.

Екінші бір бөлігі болса қазақ тілінің төңірегінен шу шықса, кезекті арзан пиарға, «атың шықпаса жер өртеге» балап, тіл үшін шуылдаған жұртты жақтырмай, өздерінше ұстамды, байыпты бағыт ұстана қалады. Қарап тұрсақ, биліктің мемлекеттік тіл мәселесіндегі екіұшты ұстанымы қоғамның белгілі бір бөлігінің тіл мәселесіндегі көзқарасына орныға бастаған. Тілді қорғаушы топқа тыжырынып қарайтын топтан соның көрінісі байқалады. Бұл қазақ халқының өзі қазақ тілі үшін күресте екі майданға бөлінгенінің белгісі болса керек.


ҚАЗАҚТАН КІМ КЕШІРІМ СҰРАУЫ КЕРЕК?

Осы жолғы тіл мәселесінде тағы көтерілген бір нәрсе: ол – кешірім сұрату. Жұрт Air Astana әуе компаниясы Оғыз Доғанның талабына пысқырмай, бортсеріктердің қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін ресми кешірім сұрауды талап етіп жатыр. Енді осы кешірім сұратудың түп төркініне үңіліп көрсек. Қазақ отаршылдық қамытын сүйреген уақыт ішінде қаншама нәубет, қырғын көрді.

Оның зарын, отаршылдық әкелген әрбір трагедияның ұлт санасына әкелген зардабы бу болып ұшып, ғайып болып кеткен жоқ. Оның бәрі ұлттың бойында жатыр. Яғни ұзына тарихтың көшінен қалған ыза, кек ұлттың қанында бар. Ширек ғасырдан бері қордаланып қалған ұлттық мәселелердің бірі көтерілсе болды, «кешірім сұрасын!» деген сөз жиі айтылатын болды.

Бұл дегеніңіз – ұлт жүрегінің басына қатқан кектің қайтпағаны, қайтқаны былай тұрсын, жылы сөз, бір ауыз кешірім естімегеніне ызалы екенін байқатады. Осы ыза Оғыз Доғанның да мәселесінде кешірім сұратуды табанды талап етуге алып келіп отыр. Мәселен, Хан Кене, ашаршылық, репрессия, 1916, 1986 жылдардағы қырғындар үшін қазақтан кешірім сұрады ма?

Жоқ! Бұл тарихи оқиғаларға саяси баға да берілген жоқ. Саяси баға берілмеген соң, кешірім сұратудың да реті жоқ. Саяси баға беру саяси биліктің тарихи танымы мен саяси ерік-жігеріне және оның ұлттық ұстаным, бағытына тікелей байланысты. Биліктің бойында ондай қасиет жоқ болса, ұлттың санасындағы кектің беті қайтпайды, жібімейді.

Ал ұлттың бойын буған ыза-кек толқындап барып бір күні жарға соғатыны анық. Әйтеуір, бір формада сыртқа шығады. Ұлттық реңкі бар кез келген мәселеде, мейлі ол қызмет көрсету саласы, шенеуніктің мемлекеттік тілді білмеуі, үкімет жиындарының ресми тілде өтуі т.с.с болсын билік мықтап ойланғаны жөн-ақ. Ойлануға тағы бір себеп – санасы тәуелсіз жас өсіп шықты. Ал олардың ұлттық танымы мүлдем бөлек.

P.S. Президент Н.Назарбаев 2012 жылғы жолдауында: «Қазақ тілінің жайын айтып, жөн-жосықсыз елді дүрліктірудің қажеті жоқ. Ол Қазақстанға пайдалы емес», – депті. Қазақ тілі Қазақстанға пайдалы болмаса, сонда ол кімге керек?

Таңатар ТАҒАН

Дереккөз: Жас Алаш
Просмотров материала: 3 224

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 213 545 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 216 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 212 712 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 212 748 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 125 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 367 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 398 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 718 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 364 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 437 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 626 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 756 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 843 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 532 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 407 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 641 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 378 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 779 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 580 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 415 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 259 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 457 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 343 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 820 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 110 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 408 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 793 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 151 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 087 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 226 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 164 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 384 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 535 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31