2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БАЛАБАҚШАНЫ ТАБЫС ТАБУ ҮШІН ҒАНА АША МА?

БАЛАБАҚШАНЫ ТАБЫС ТАБУ ҮШІН ҒАНА АША МА? Қызылорда қаласында барлығы 200-ден астам балабақша бар. Алайда саны жағынан басымдық танытып отырғанымен, сапа жөнінен алдыңғы орынға табан тірей алмай отыр. Ұрпақты ұлағатты жолға салады деген балғынжайларымыздың бірінің басшысы қызметтен шеттетіліп жатса, енді бірінде бүлдіршінді таяқтың астына алған деректер әшкере болған. Бұл күнде қоғамдық кеңестің жүргізген тексеруі нәтижесінде төрт балабақша жұмыс уақыты бітпей жатып есігіне қара құлып салынса, 26-сы талапқа сай келмей отыр.

ТАПСЫРМА БЕРІЛДІ, НӘТИЖЕ БАЙҚАЛМАЙДЫ

Осыдан бірнеше ай бұрын жол сақшыларынан бастап, жергілікті билік өкілдеріне дейін қатысқан үлкен жиында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жекеменшік балабақшалардағы жағдайды жіті бақылап, ондағы автокөлік жүргізушілерінің тәжірибелі болуына мән беру керектігін айтқан. Тіпті автокөліктердің түр-түсін де біркелкілендіру керектігін тапсырған.

– Жергілікті полиция қызметі бұл мәселені қатаң назарға алсын. Әрбір автокөліктің түсі бала таситынынан хабар беріп тұруы тиіс. Егер бұл талапқа көнбейтін балабақшалар болса, лицензиясымен қош айтысады. Бұл тапсырма бір ай ішінде орындалатын болсын және оған облыстық білім басқармасы жауапты, – деген болатын Қ.Көшербаев.

«Жүргізушілерінің дені мұрты енді тебіндеген бала. Жүргізуші куәлігін сатып алады, сосын тәжірибесі жоқ» деген аймақ басшысы жергілікті полиция қызметіне де тапсырманың бір бөлігін бағыттаған.

Бұл тапсырма берілгеннен кейін де бір ай емес, бір жарым айдан астам уақыт сырғып өтіп кетті. Уақыт ешкімді күтпейді, күткен де емес, ал өз кезегінде мұны аңғарып қалған Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та еселеп ұпай жинағысы келді ме, жоқ әлде, расымен, тапсырманың уақтылы орындалмауына алаңдады ма, бөлім басшыларының басын қосып, тағы бір жиын өткізді.

– Балабақшаны елу балаға деп ашады, барсаң қырық бала ғана бар. Мемлекеттің артық ақшасы жоқ, сондықтан бар балаға ғана береді. Ал оны тексеруге бара қалсаң, ретсіз тексеруге болмайды дейді. Оларда қанша бала бар екеніне ішінара тексеріс жасаған құзырлы орындар сосын бізді кінәлі етіп шығарады. Бұлай болмайды. Кәсіпкерлікті қолдауын қолдап жатырмыз, бірақ барлығы заң шеңберінде болсын, – деп айтты Н.Нәлібаев.

Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін Көшербаев Сайлыбаевқа, Нәлібаев қалалық білім бөлімінің басшысы А.Нұрсейітовке тапсырма берген-ді. Бірақ бас мұғалімдердің «Мектепке жол» акциясынан қолдары тимей жүрген сыңайлы. Оқушының қолына бір сөмке ұстатып, өңірдегі екі телеарнаның эфирінен сәт сайын көрінуді бақыт санайтын сыңайлы. Ал тапсырмаға келгенде тапжылмастан отыр. Мұнысы, әрине, түсініксіздеу болып қалды.

САНЫ КӨП ТЕ, САПАСЫ ЖОҚ...

Қала тұрғыны Сұлушаш Қожанова бірнеше балабақшаға немерелерін апарады. Немересінің бірін мемлекеттік балабақшаға берсе, тағы бірін жекеге берген. Оның айтуынша, екеуінің де жағдайы мәз емес. Өңір балабақшамен қамтуда алдыңғы қатарда болса да, сапа жағынан тиісті деңгейге жете алмай отыр.

– Ең әуелі олардың қалай рұқсат алғанын қайдам, балабақшалар алдымен жеке тұрғын үйге есептеліп салынған. Екінші қабаттағы терезесінде тор жоқ. Бұл – бір. Екіншіден, іштегі баспалдақтарынан бала тұрмақ, менің өзім әрең шығамын.

Ауласында ойын алаңы жоқ, бар болғанның өзінде, балалардың ойнауына қолайсыз. Сонан соң балаға жөнді тамақ берілмейді, тіпті балаларымды күтіп алу үшін көлігіме су салып жүремін. Үйге келісімен балалар аштықтан келгендей тамаққа бас салады.

Балабақшаларда білім үйретеді дейді, менің немерем мемлекеттік балабақшада тәрбиеленді, әлі әріп танымайды, амалсыздан ақылы негізде мұғалім жалдауыма тура келді. Не пайда? – деп қынжылады С.Қожанова.

Бұл мәселе қоғамдық кеңес мүшелері жасаған зерттеулерде де анық байқалады. София Теңізбаева: «Жеке кәсіпкерлер балабақшаны табыс көзі ретінде пайдаланып жүр. Егер де шын ықыласымен айналысқысы келіп жатса, оларды субсидиялаудың қажеті жоқ.

Ал мемлекеттен көмек алғысы келеді екен, онда барлық талаптарға жауап берсін. Сонан соң барып көмек алсын. Ал қолдарынан келмесе қоя салсын», – дейді бұл тұрғыда.

Сұлушаш Қожанова: «Мен балаларды күтіп тұрғанда аспаздардың әрқайсысы екі дорбамен шығады. Шыны керек, кейде қиналғандарын көріп көтеріскің келеді. Оның ішінде қанша баладан үнемделген балабақшаның тағамы кетіп барады.

Мұнан бала денсаулығына, балабақшаға келген залалды есептеп көріңіз», – деді әңгіме арасында. Демек, балабақшадан үйге қайтқанда Сахарадан келгендей шөлдеп келетін, аштықтан келгендей қарны ашып, асқазаны шұрылдап келетін бала денсаулығынан соң аурушаңдық туралы сөз айтудың өзі артық.

Сонда есептеп көріңіз, бала басына мемлекеттен бөлінетін 24 200 теңге қолдау мен әр ата-анадан берілетін төлемақыны қосқанда, балабақша ай сайын табыс көзіне айналмағанда қайтсін?! Олар үшін балалар бар болғаны табыс әкелуші ретінде болып отыр.

С.Қожанова сондай-ақ ойыншықтардың тексерілмейтінін, тіпті аз екенін, соның салдарынан балалар өзара төбелесіп қала беретінін де назарға алуды сұрайды.
«Біз қазір мәселе бар екенін айтамыз. Бірақ бұрын да осылай болған. Тиісті мекемелердің басын қосып тексеру жұмыстарын жүргізуіміз керек.

Балабақшаларды бүгін ашып тастағанмен, кезінде кімдер, қалай қабылдады? Болашақтағы балабақшаларға рұқсат беру қалай жүргізіледі? Осыған мән бергеніміз жөн», – дейді қоғамдық кеңес мүшесі Б.Нұрқожаев.

Түйін


Соңғы кездері Қызылордада «Сіз балаңызды үйіңізде ұстай беріңіз. Бар болғаны ХҚКО ар­қылы бізге тіркей салыңыз. Біз сізге 3000 теңге береміз» дей­тіндер де көбейіпті.

Ал тексеру келгенде ағайын-туған, дос-жаран, көрші-қолаңға өтініш айтып, бала санын толықтыру үшін сабылатындарды көзіміз көріп те жүр. Тіпті шалғай ауылдар­дағы мемлекеттік балабақша­лардың өзінде бар жағдай.

Сон­дағымыз не?! Балабақша – бо­лашақ ұрпақтың тәрбиесі. Шы­бықты қалай исек, солай өсетіні белгілі. Ал біз шы­бықты қалай қарай иіп жатырмыз?!

Дәулет ҚЫРДАН
Қызылорда

Дереккөз: Жас Алаш
Просмотров материала: 2 522

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 864 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 513 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 002 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 058 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 425 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 011 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 061 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 364 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 002 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 083 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 265 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 492 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031