24 сентября 2023 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ОҚУШЫ КӨП, МҰҒАЛІМ ТАПШЫ

11 август 2017, 10:45
ОҚУШЫ КӨП, МҰҒАЛІМ ТАПШЫ Қазақстанда жыл сайын бірінші сыныпқа баратын балалар саны артып келеді. Ал елдегі мектептерде бес мыңға жуық мұғалім жетіспейді. Сарапшылар мұғалімдердің аздығына "аз жалақы мен ауыр жұмыс себеп" дейді, деп хабарлайды Azattyk.kz.

Самат (толық есімін жариялағысы келмеді – ред.) екі жыл Алматыдағы мектептердің бірінде математика пәнінен сабақ берген. Бірақ қазір кілем орталығында саудамен айналысады. Ол мектептегі "қағазбастылық пен жүйесіз жұмыстан" шаршағандықтан, жұмыстан шыққанын айтады.

"ҚАҒАЗДАН ШАРШАДЫМ"

- Мектепте - қағаз, үйде - қағаз. Әр өтетін сабақтың жоспарын қағазға түсіру керек. Жоспарың дұрыс болса болды. Ал беріп жатқан білімің, оның сапасы маңызды емес. Жоспар жазбай, бастысы нәтижеге жұмыс істеу керек деп ойлаймын. Қағаздан шаршадым. Мектептен келген соң үйде тағы қағазбен отырасың. Жас маман әрі санатың төмен болғандықтан жалақы да аз. 90 мың теңге айлық отбасын асырауға жетпеді. Қазір саудадағы табысым әлдеқайда көп, - дейді ол.

ОҚУШЫ КӨП, МҰҒАЛІМ ТАПШЫ


Алматыдағы мектептердің бірінде сабақ беретін мұғалім, ғылым магистрі Асхан Шаметов те білім беру жүйесіндегі қағазбастылық пен көп тексеріс жас мамандардың мектептен кетіп қалуына апарып соқтыратын негізгі факторлар екеніне нұсқайды.

- Мұғалімдерге талап өте күшті. Білім сапасын көтеруді қатты талап етеді. Білім стандарты жыл сайын күшейіп келеді. Психологиялық қысым да көп. Жыл сайын тексерістен өту керек. Облыс, аудан орталықтарына барып, білім жетілдіруді талап етеді. Бірақ, материалдық жағынан қолдау аз. Мұғалімдердің санын арттыру үшін жалақы өсіріп, тексерістер мен қағазбастылықты азайту қажет. Мұғалімдерді елдегі ең көп жалақы алатын мамандардың қатарына қоспай білім саласындағы мәселерді шешу қиын, - дейді ол.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биыл ақпанда мекемесіндегі жалпы саны 73-ке жеткен ақпараттық жүйелерді ықшамдап, төрт онлайн платформаға көшіретінін хабарлаған. Ұлттық білім базасы, электрондық күнделік, біртұтас бухгалтерия мен ЖОО-лардың ақпарат жүйесі мұғалімдер мен оқытушыларды қағазбастылықтан құтқарады деп хабарланған. Министрліктің бұл бастамасынан қашан оң нәтиже шығары белгісіз. Ал әзірше ресми дерекке сәйкес, Қазақстанда 4580 мұғалім жетіспейді. Мектептерге 691 бастауыш сынып, 599 математика, 587 орыс тілі, 445 ағылшын тілі, 299 физика, 259 химия, 217 информатика, 270 ән-күй пәнінің мұғалімі қажет.

Елдегі оқушылардың саны да жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2015 жылы 336 мың бала, 2016 жылы 369 мың бала бірінші сыныпқа барса, биыл 370 мыңнан астам бала мектепте оқи бастайды.

"МҰҒАЛІМ ТАБЫСЫ ОРТАША АЙЛЫҚТАН 35 ПАЙЫЗ АЗ"

"Талап" талданбалы зерттеу орталығының дерегінше, қазір Қазақстан мектептерінде 2,8 миллион бала оқиды. Алдағы бес жылда оқушылар саны 3,5 миллионға дейін өседі деп болжанады. Ал мектептерде 325 мың мұғалім бар. Бес жылда мұғалімдер саны тек 38 мыңға өскен.

- 2010 жылдары Қазақстанда туу деңгейі өте жоғары болды. Сол жылдары дүниеге келген балалар мектепке барып жатыр. Қазір Қазақстанда бір мұғалімге 8,6 оқушыдан келеді. Ал Астанада бір мұғалімге шамамен 17 бала, Алматыда - 14,2 оқушыдан келеді. Алдағы бес жылда оқушылар саны 3,5 миллионға жеткенде мұғалімдердің осы жүктемесін сақтап қалу үшін қосымша 60 мың ұстаз қажет болады, - дейді орталық сарапшысы Рақым Ошақбаев.

Қазақстанда оқушы саны жыл сайын өсіп жатқанымен, мұғалім мамандығында оқитын студенттер саны соңғы бес жылда өзгермеген. 2011 жылы Қазақстан университеттерінде 118 мың адам мұғалім мамандығында оқыса, 2016 жылы бұл көрсеткіш екі-ақ мыңға өскен.

ОҚУШЫ КӨП, МҰҒАЛІМ ТАПШЫ

- Мұғалімдердің аздығына төмен жалақы себеп. Қазақстанда мұғалімдер ең төменгі жалақы алатын мамандардың бірі. Яғни, мұғалімдердің орташа табысы – 92 мың теңге. Олардың жалақысы Қазақстандағы орташа айлықтан 35 пайызға аз. Қазіргі оқушылар - Қазақстанның 2050 жылдардағы адам капиталы. Ал білім саласындағы қазіргі мәселелер шешілмесе, елдің болашағына, экономикасына үлкен қауіп төніп тұр, - дейді Ошақбаев.

Ал "Ұрпақ тағдыры – білім" қоғамдық қорының төрағасы Ерсайын Ерғожа бұл кадр тапшылығының себебін 1990 жылдардағы оңтайландыру саясатынан көреді. Оның сөзінше, 1997 жылы үкіметтің қаулысымен Қазақстандағы 19 педагогикалық институт жабылып, мұғалім мамандықтары университеттерге берілгенде педагог кадрларды дайындау жүйесі бұзылған.

- 2000 жылдары мұғалім мамандығына бөлінген грант саны аз болды. Соның салдары қазір көрініп жатыр. Бұған қоса, мектептерде бұрыннан сабақ беріп келе жатқан мұғалімдердің көбі зейнетке шығып жатыр. Ал жастар бұл мамандыққа барғысы келмейді, - дейді қоғам белсендісі Ерғожа Ерсайын.

Білім және ғылым министрлігі мұғалім тапшылығын шешу үшін осы мамандыққа бөлінген гранттар санын арттыра бастады. 2016 жылы педагогикалық мамандықтарға бес мың грант бөлсе, биыл 6385 грант қарастырылған. Министрліктің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында соңғы үш жылда мұғалімдер санның 10 пайызға, яғни 33120 маманға өскені, "мұғалім мамандығының абыройы артып келе жатқаны" жазылған. Ресми мәліметке сәйкес тек 2016 жылы 366 574 мұғалім түрлі біліктілік арттыру курстарына қатысқан.
Просмотров материала: 5 098

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 62 650 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 62 600 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 62 609 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 62 428 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 62 502 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 5 565 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 5 583 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 5 539 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 7 225 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 7 250 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 6 354 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 6 099 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 4 420 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 4 356 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 4 600 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 4 683 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 4 480 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 4 375 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 4 489 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 4 514 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 4 351 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 4 568 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 353 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 4 449 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 4 488 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 4 561 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 5 316 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 487 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 4 536 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 4 739 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 359 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 413 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 374 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 301 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 4 375 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 4 438 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2023    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930