29 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БЕКЖАН ТҰРЫС: ҚУЛЫҚ ПЕН СҰМДЫҚТЫҢ ҚҰДЫҒЫНА СҮЙРЕГЕН ҚУАЯҚ...

21 август 2017, 16:18
БЕКЖАН ТҰРЫС: ҚУЛЫҚ ПЕН СҰМДЫҚТЫҢ ҚҰДЫҒЫНА СҮЙРЕГЕН ҚУАЯҚ... "Өтірік ғұмыр кешуді өмір сүрудің негізгі тірегіне айналдырып алған бүгінгі қитұрқы адамдардың айнымас құбылысын көріп жүрегің айниды. Ел ішіндегі шектен шыққан парақорлық пен әділетсіздік, мансаптың тағы үшін мақтанға салынып, басының бағы үшін ар-ұятын саудаға салып жағымпаздықтың жарапазанын айтып жүрген "жасампаздарды" көргенде "апыр-ай, жұмыр жер неге жыртылып кетпей шыдап тұр" деген ойға қаласың. Құлағын сатқандардан Құдай атқандардың сүлдесін көріп сасқанымнан күңіренем де күрсінем", - деп еді Софы аға бір сөзінде.

Керекке жарамайтындарды керемет тұтқан бүгінгі қомағай-қоғам көмейі бүлкілдегеннің бәрін -шешен, көптің үстінен зіркілдегеннің бәрін көсем етіп қойды. Көлгірсіп сөйлеп көптің көңілін аулайтын жылтырлар көбейді.

Азаматтық позицияның жоқтығы мен тапшылығы мұңайтады. Ұлтының жанын ұқпай ұлы болғысы келетіндерін қайтесіз!Ұлт бар жерде ұлттық проблеманың болмай қалуы мүмкін емес.

Еліміздің жақсылығына қуанамыз, жаманына неге көз салмаймыз, неге жанымыз ашымайды?! Көп нәрсені саясатпен байланыстыра салғымыз келеді, ол саясат емес, азаматтық борышымыз емес пе? Бір ойшылдың: "Адамзат баласы заңның емес, салт-дәстүрдің "құлы" болған кезде бақытты өмір басталады" дегенін оқып едім. Расында да солай!

Біз үлкенін ардақтаған, салт-жорасын салмақтаған, дәстүрім -дәулетім, ғұрпым - ғұмырым, салтым санам деп өскен текті ұлттың ұрпағы едік қой. Бүгінде салт-дәстүрмен санасудан гөрі заңнан ғана қорқу, сырт көзден ғана қаймығу басым. Дәстүрлі өмір салтымыздан жаңылып, ата-бабамыз қалыптастырған ұлтымыздың ең тамаша қасиеттерінің бірі болып табылатын адамдар арасындағы өзара кісілік, үлкен мен кішінің, туыс пен туғанның, жат пен жақынның, еркек пен әйелдің қатынас қалыптарының шырқын бұзып алдық.

Қазақтың кез келген ұлттық әдет-ғұрпында кісілік, адамгершілік, мейірім бар еді. "Тыйым көрмеген баладан тексіз шығады. Тектеу адамды әдептілікке үйретеді". Міне, қазақтың төл тәрбиесінің озық үлгісі.

"Ұят болады" мен "обал боладыны" баласының санасына тәй-тәй басқаннан, алғаш былдырлай бастағаннан сіңіріп келген қазақ бүгінде тыйым мен тектеуді ұмытты. Қазіргі бала жалтақ қоғамның жағымпаз адамдарынан қандай тәрбие көріп отыр? Көрсетер өнегеміз қайсы? Осының бәрі, айналып келгенде, ұлттық мінез-болмысымызды жоғалтып алғанымыздың кесірі.

Дәстүрлі наным мен сенімге мойынсынбаған соң, салт-дәстүрді сақтамаған соң көргенсіздікке бой алдырып, татулықты қатулықпен ірітіп жүрміз. Баяғы бауырмал көңіл, қазақы қайырымдылық жоқ.

Қулық пен сұмдықтың құдығына сүйреген қуаяқ, сұмауыз болып барамыз. Өзекті өртеген осы ойлар көңілге -тыным, жүрекке маза бермейді.

Бекжан ТҰРЫСТЫҢ фейсбуктегі парақшасынан
Просмотров материала: 2 995

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 215 459 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 128 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 214 628 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 671 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 040 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 459 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 495 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 818 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 476 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 534 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 730 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 782 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 878 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 551 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 425 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 325 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 665 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 406 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 805 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 604 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 433 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 277 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 131 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 478 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 363 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 846 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 144 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 184 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 424 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 813 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 165 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 112 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 244 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 188 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 407 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 561 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31