22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



САЛАФИЗМ ИДЕОЛОГИЯСЫ РУХАНИ МӘҢГҮРТТІККЕ БАСТАЙДЫ

21 август 2017, 14:23
САЛАФИЗМ ИДЕОЛОГИЯСЫ РУХАНИ МӘҢГҮРТТІККЕ БАСТАЙДЫ Салафизм ағымының доктриналық идеологиясын XIII ғасырда Ибн Таймия қалады. Ибн Таймияның доктриналық пікірінің Әһлі суннә уәл жәмаға ғалымдарының көзқарасымен келіспейтін тұстары көп болды. Сол себепті, Ибн Таймияға өз уақытында Әһлі суннә уәл жәмаға ғалымдары ескерту беріп, кейбір көзқарасын теріске шығарды.

Ибн Таймияның доктриналық ілімін XVIII ғасырда Сауд Арабиясында өмір сүрген Мұхаммед Абдулуаһһаб насихаттап, ары қарай дамытты. Тарихқа үңілер болсақ, уаһабшылдық идеология негізінен XX ғасырдың басында I дүниежүзілік соғыстан кейін өз тәуелсіздігін алды.

Алайда, уаһабшылдық идеология көп мұсылман елдерінен қолдау таппағандықтан, олар өздерін жағымды көрсету мақсатында, біз «салафиміз» (бұрынғылардың жолын ұстанамыз) деген ұранымен бүгінде «салафизм» атымен танылып үлгерді.

Қазіргі таңда оларды жақтайтын бір бөлім отандас дінтанушыларымыз салафилік ағымды «қалыпты салафи» және «қауіпті салафи» деп екіге бөліп көрсетуге тырысып жүр.

Олардың, елімізге «қалыпты салафилердің зияны жоқ» деген сынды көзқарастары сол ағымды жақтап тұрғандай. Өйткені, салафилік ағымды «қалыпты салафи» және «қауіпті салафи» деп екіге бөліп қарауға келмейді.

Олардың қай бағыты болсын сүйенетін доктриналық әдебиеттері бір. Яғни, бәрі Ибн Таймия мен Мұхаммед Абдулуаһһабтың еңбектерінен айналып өте алмайды.

Салафилік теріс ағымның басты идеоллогиясы, ол – буквализм. Яғни, мәңгүрттендіру. Олар өздерінің буквализмдік идеологиясын сіңіруде төмендегідей тәсілдерді пайдаланады деуге болады.

Құран аяттары мен хадистерді түсінуде сыртқы мәнімен шектелу: Олар, «Дінді ақылмен түсінуге болмайды, ол - философия, яғни адасушылық» деген түсінікті қалыптастырады.

Мақсаттарына жету үшін мешіт имамдары мен белгілі исламтанушы, теологтардың уағызын тыңдауға, кітабын оқуға тыйым салады. Олардың уағызын тыңдап, кітаптарын оқыған адам таза сенімі бұзылып, адасады деп түсіндіреді.

Сөйтіп, дінге жаңа келген адамның көңіліне өзегелерге деген сенімсіздік, жауы ретінде қарау танымын сіңіріп, өз айтқандарынан шықпайтындай хәлге келтіреді.

Сондай-ақ, аяттар мен хадистердің мәніне үңіліп, діннің рухын ақыл тұрғысынан саралай алмаған адамның мәңгүртке айналары сөзсіз.

Салафилік ағымның ғалымдары, ислам діні баса мән берген: «Ой жүгіртпейсіңдер ме?», «Зер салмайсыңдар ма?», «Ақылды қолданбайсыңдар ма?» деген жүздеген аяттар мен мыңдаған хадистердің мәнін түсінбей қалуы мүмкін бе?! Жоқ, мүмкін емес.

Олардың ғалымдары мұның бәрін біледі. Біле тұра істемейді. Яғни, олардың мақсаты соңына ергендерді мәңгүрттендіріп, айтқанын істету, саяси мақсаттарына жету болып тұр. Қасиетті Құранның алғашқы аятының «Оқы...» әмірімен түскенін, «ақылды пайдалану» керектігін қатардағы бір діни тұлға да ажырата алады.

Бұл «Оқы...» әмірінің білім іздеуді, үйренуді, толғануды, өзгелердің пікірімен санасуды, т.б. көптеген мағыналарды қамтитыны түсінікті. Соған қарамастан, олардың Құран аяттары мен хадистердің мәніне үңілуге тыйым салып, сыртқы мәнімен шектеп қоюы сөзіміздің дәлелі.

Ұлттық құндылықтарды жоққа шығару: Бір елдің ұлттық құндылығын жоққа шығару – сол елді бағыт-бағдарынан адастырудың басты шарты.

Ж.Баласағұн бабамыздың: «Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім» - дегенін ескерер болсақ, ата-баба салт-дәстүріне «анау бидғат», «мынау ширк» деп қарсы тұру халқымыздың әдет-ғұрпымен қалыптасқан ұлттық тәрбиеден қол үздірудің бір тәсілі болып табылады.

Салафилік ағым өкілдері дінге жаңа бет бұрғандарға қазақ халқының әдет-ғұрпын мүмкіндігінше дінге кереғар етіп көрсетуге тырысып, өз идеологиясын өткізеді. Жақтастарын көбейтеді. Нәтижеде, қазақты қазаққа қарсы қойып, елдің, ұлттың бүтіндігін бұзады.

Зайырлылық мемлекетті мойындамау: Салафилік ағымының көзқарасы бойынша, мемлекеттік конституциясы ислам шариғатынан бөлек, яғни, Құран мен сүннеттен болмаған саяси жүйе болса болды кәпірге шығарады.

Зайырлы мемлекеттің ата заңына қолдау көрсеткен, сол елдің экономикасының өсуіне қолұшын берген жандарды да жауы ретінде таниды.

Олар елі үшін адал қызмет етіп жатқан, тіпті, мұсылман адамдар болса да өз идеологияларын қолдамағаны үшін айыптайды.

Елбасы Н. Назарбаевтың халыққа жолдауында айтқанындай: «Мәңгілік елге айналуымыз үшін еліміздің саяси және діни-рухани идеологиясында қарама-қайшылық болмауы қажет». Салафилік ағымының мемлекет конституциясына қарсы тұруы мемлекет тұрақтылығына кері әсерін тигізетіні даусыз.

Ендігі кезекте, «Салафилік ағымды қалай ауыздықтай аламыз, оның идеологиясын түбегейлі жеңудің жолдары не?» – деген сұрақтардың туындары анық.

Салафилік ағымның идеологиясының ықпалында кеткен адам, әрбір ісіне салафилік идеологияның дүрбісімен қарап, сол негізде өмірлік ұстаным қалыптастырады.

Оның танымын өзгерту, райынан қайтару көп күш сарып етуді талап етеді. «Отан – отбасыдан тұрады» дегендей, отбасындағы ата-анасын кәпірге шығарып бөлінуі, әйеліне талақ беріп жалғыз басты жесір әйелдер мен тәрбие көрмеген жетімдер осы идеологияның салдары.

Сондықтан, оларға қарсы тұрудың ең басты шарты, ол – қоғам мен биліктің өзара үндесуі, ұлттық бірлік. Бүгінгі таңда, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі өзге де органдармен бірлесе отырып, нәтижелі жұмыстар атқаруда.

С.Оқанұлы,

ҚР ДІАҚМ ДІК Дін мәселелері

жөніндегі ғылыми-зерттеу

және талдау орталығының

жетекші ғылыми қызметкері

Дереккөз: Ұлт.кз
Просмотров материала: 2 219

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 158 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 990 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 632 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 657 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 963 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 468 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 647 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 714 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 900 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 047 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 425 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930