15 сентября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БАНКТІҢ ҚАҢСЫҒЫ - ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢСЫҒЫ...

11 август 2017, 11:58
БАНКТІҢ ҚАҢСЫҒЫ - ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢСЫҒЫ... Ұлттық банк осыдан 15 жыл бұрынғы бір шешімінің күшін жойыпты. Яғни қаржылық топтарға есімі белгілі Нұржан Сұбханбердинге 2002 жылы «Казкоммерцбанктің» акцияларының ірі көлемдегі иесі болуға берген рұқсатын қайтарып алыпты.

Кейінгі кезде қолдан-қолға көшіп, әбден мазасы қашқан бірегей қаржылық институтын о баста аяқтан тұрғызған тұлғаға қатысты құжат неліктен енді қайта қаралып жатыр? Меніңше, оның өзіндік бір себебі бар.

«Казкоммерцбанк» секілді іргелі қаржы ұйымының төңірегіндегі өзгерістердің шын мән-мазмұнын көзі ашық ағайын білетін болар: қысқа қайырып, бір сөзбен айтқанда, билікке талас банктер таласымен сырт көзге түсе бастады. Мұндай шешімдер биліктің ұшар басында шешілетіні айтпаса да түсінікті. Яғни банк сияқты нарықтық құрылымның тіршілігі саяси күрестің мүдделеріне тәуелді болып қалды.

Ал Сұбханбердинге қатысты құжаттың өз күшін жоюы пострақышев (посттасмағамбетов деп те оқи беріңіз!) жағдайындағы банктің алдағы жолы нақты анықталмағанын, биліктің екі ойлы болып жүргенін көрсетсе керек. Сұбханбердин банк төріне қайта шығуы әбден мүмкін деген сезік болса керек. Енді, міне, саяси шешім қабылданған сыңайлы.

Меніңше, ресми баспасөз көңіл аудармайтын осы шағын дерек айрықша талдауға сұранып тұр.

Экономикамыз олигархтық сипат алып, кешеге дейін жалпыхалықтық болып саналған шикізат, жердің асты-үсті байлығы бір күнде қалталы топтардың қолына тұтасымен өтіп кетті. Олар миллиардтаған қаржыға кенелді. Сосын сол қыруар ақшаны орналастыратын жер іздеді. Қаржыны басқа біреудің қолына сеніп тапсырайын десе, ертең не болары белгісіз. Оның үстіне қаржы кез келген уақытта қолжетімді жерде болуы тиіс. Міне, осыдан келіп әр қалталы әрі билікке жақын тұлға банк аша бастады.

Естеріңізде болса, 90-жылдардың ортасынан бастап бізде банктер жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап, екінің бірі банкир атанды емес пе?!
Банк үшін табыс табудың жолы да оп-оңай екен: сыртқы нарықтан азғана пайызбен қарыз алып, оны еселеген пайызбен елге үлестіріп, қып-қызыл ақша тапты. Қазіргі банкирлер ренжімей-ақ қойсын: біздегі банк бизнесінің басты ұстыны әлі күнге дейін осы болып тұр.

Әрине, шетелден алған қаржыны жаратудың басқа да, өркениетті әрі заманауи жолдары бар. Бірақ біздің банктер оған аса көп бас ауыртпады, сол баяғы – арзан қарызды қымбат несие берумен жауып, үстінен пайда табу – сүрлеуімен жүре берді. Ол несие ұзақ мерзімді әрі нақты өндірісті қаржыландыруға салынбай, қысқа мерзімді сауда-саттық немесе күнделікті тұтынушылық сипат алып кетті. Мұндай жағдайда экономика алысқа бармайтыны белгілі еді.
Кейін ол банктердің дені банкротқа ұшырап, із-түзсіз (шоттарындағы қаржысыз!) жоғалып, көзден ғайып болды.

Нәтижесінде бюджет «еміп» аман қалған банктердің «элиталық» тізімі жасалды. Мемлекет жеке банктерге (!) ауық-ауық миллиардтаған доллар салып жатты. Ашық айтқанда, бұл жеке адамдарға берілген жәрдем ғой.

Қарапайым халық мұқтаж дүниеге азғантай қаржы бөлуге қатты қиналатын үкімет мемлекеттен миллиардтаған долларды оңай алатын банктердің артында кім тұрғанын, әрине, жақсы білді. Оларды бірақ халықтан жасыра алмады. Халықаралық қаржылық терминологияда «түпкілікті бенефициар» деген термин бар. Ол – ресми түрде бір адамның атына жазылған банк (не басқа қаржы, ұйым не мүлік) жеме-жемге келгенде кімдікі екенін анықтап беретін ұғым. Сөйтіп, сол бенефициарлар биліктің өз адамдары боп шығып жатыр. Осыдан келіп біздегі банк жүйесі биліктің сойылын соғушы, оған кіріптар құбылыс боп қалыптасты.
Билік пен оның айналасындағылардың банкке әуестігінің экономикалық себептен бөлек, тағы да бір реті бар. Оның аты – саясат, билік үшін талас.
Совет идеологиясы «дүниежүзілік пролетариаттың көсемі» атаған Ульянов (Лениннің) өзі революция жасар алдында «банк, поштамт, телеграф пен вокзалдарды басып алу» қажеттілігін айтқан жоқ па? Осы классикалық тұжырым қазір де өзекті әрі көкейкесті.

Біздегі олигархтар тағдырлары шешілер бір сілкіністің алдында тұр емес пе? Осы тұста олар банк сияқты қаржылық құрылымдарды өз қолыңда ұстап тұрғанды жөн көреді. Міне, Қазақстандағы банк жүйесінің ішкі этимологиясы мен генеалогиясы осындай.

Не істеу керек?

Екінші деңгейдегі банктерді ағымдағы саяси бәсеке мен тартыстан тәуелсіз ету керек. Олар билікке жақын адамдардың ойыншығы болмауы тиіс. Банктер биліктің нұсқауынсыз, таза нарық заңдарымен өмір сүруі шарт. Сонда ғана олар бюджетке тас кенедей жабыспай-ақ өз күнін өзі көріп, экономиканы шынымен қаржыландырып, дағдарыс сайын тәлтіректемей, масылдықтан арылып түзу жүретін болады.

Әміржан Қосанов

Дереккөз: Жас Алаш
Просмотров материала: 2 709

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 166 212 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 166 044 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 165 670 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 165 713 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 165 998 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 804 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 946 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 163 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 081 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 249 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 009 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 694 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 273 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 122 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 945 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 129 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 227 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 894 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 276 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 003 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 009 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 844 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 685 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 945 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 891 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 401 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 858 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 724 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 988 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 318 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 732 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 696 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 738 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 695 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 917 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 064 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930