15 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ПСЕВДОСАЛАФИЗМНІҢ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ

21 июнь 2017, 15:22
ПСЕВДОСАЛАФИЗМНІҢ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ Әлем елдерінің назарын аударып отырған салафилік идеологияның салқыны ел ішін жайлап, дәстүрлі діни танымымызға қайшы келетін түсініктерімен қоғамда іріткі салып жүр. Салафилік идеологияның ұлттық құндылықтар мен мәдени-діни танымды бұзуға бағытталған әрекеттеріне қарамастан кейбір азаматтарымыз осы ағымның жетегіне еріп, солардың сенімдерін исламның шынайы қағидаттары ретінде қабылдауда.

Салафизм идеологиясы ұстанушыларының уағыздарымен ұлттық, діни дүниетанымымызға қайшы келетін идеология таралуда. Дін атын жамылған ағымның көзқарастары бойынша, мәдениеттің музыка, өнер, театр секілді құрамдас бөлшектері – харам, дәстүрлі құндылықтарымыз – құнсыз.

Олар халықты рухани құлдырауға ұшыратып, өз мақсаттарына жақындай түсу үшін жанталасуда. Соның салдарынан қоғамда түсініспеушіліктер мен қайшылықтар туындап, екіұдай сенім жетегіндегілер көбеюде.

Сыртқы келбеті десалафилік идеологиямен «қаруланған» адам екенін байқататын діншілдер басқа ағым өкілдеріне агрессиямен, тәкаппарлықпен қарайды.

Еліміздегі дәстүрлі емес ағымның ұстанушылары сақалдарын ұзын қойып, тобықтан жоғары келетін қысқа шалбар немесе арабтық үлгідегі киім, ал әйелдері қара және сұр түсті ниқаб киеді, паранжа жамылады.

Алайда, хиджабпен жүріп, сақал өсіріп, намаз оқитындардың тек теріс діни ағым өкілдері емес, халқымыз үшін дәстүрлі болып табылатын ханафи мазхабындағы ислам дінінұстанатындары да бар, оларды ажырату үшін діни көзқарастарына назар аудару қажет.

Бүгінгі күні қара ниқаб пен паранжа еліміздегі даулы мәселелердің біріне айналып отыр. Қара жамылған қыздарды бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінен кездестіруге болады, тіпті, көздеріне көзілдірік тағып, қолдарына қолғап киіп, шектен шығушылыққа дейін баратындары да бар. Ең қауіптісі – олардың саны күннен-күнге артуда.

Елбасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесу барысында «Соңғы кезде жас жігіттер сақалын сапситып қойып, балақтарын шорт кесетін болды. Бетін тұмшалап, бүркеп, қап-қара көйлек киген қыздардың қатары көбейді. Бұл біздің ұлтымызға да, сана-сенімімізге де, дәстүрімізге де келмейді. Қазақта қара киім кісі өлгенде киеді... Әрине әркімнің не кием десем, өзім білем дейтін бостандығы бар. Ол - басқа нәрсе. Мынау - әдейілеп тұрып бізге қарсы шығатын, қазақты бөлетін құбылыс», – деп өз позициясын білдірді, Қазақстан мұсылмандары діни басқарманың төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы да сөз тері келгенде бетті тұмшалау шариғатта жоқ екеніне назар аударыпөтті. Осы кездесуден кейін аталмыш атрибуттарға шектеу қою мәселесі қаралып жатқандығына құзырлы орган өкілдерінің ғаламторда жасалған көптеген жарияланымдары дәлел.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қара жамылғыға байланысты жасаған ұстанымында шектеу хиджаб пен орамалға емес, адамның бет-жүзін анықтауға мүмкіндік бермейтін киім түрлеріне ғана қатысты болатындығын айтады. Шектеу немесе тыйым салу конфессиялардың діни қызметкерлеріне немесе шетел азаматтарына немесе бетті жасыратын киімді киюге міндеттейтін қызметкерлерге қойылмайды.

Бұл шектеудің маңыздылығы – діндарлықтың сыртқы атрибутикасына шектен тыс назар аударған шетін көзқарасты топтар төндіретін қауіптің алдын алуға бағытталады.

Діни фанатизмге бой алдырмай, ұлттық құндылықтарымызды, діни мәдениет пен дәстүрімізді сақтап қалу – еліміздің дамуы мен экономикалық өркендеуінің кепілі болып табылады. Осы жайында министрлік ислам дінінің дәстүрге деген толерантты көзқарасы туралы тұжырымды негізге ала отырып, қазақ халқының иманы сыртқы келбеті емес, ішкі тазалығында деген ойды ортаға салды.

Жалпы,ислам дінінде киімнің түсі мен үлгісі бекітілмеген, сондықтан да киім үлгілері әрбір халықтың дәстүрлі танымы мен мәдениетіне, ауа-райының ерекшеліктеріне орай қалыптасады.Ал кейбір азаматтар үшін «діни» киімге айналған ниқаб пен паранжа халқымыздың дәстүріне де, дүниетанымына да сай келмейді.

Осы тұста Елбасымыз өз сөзінде «Біздің әйелдер ешқашан оны кимеген, жүздерін жасырмаған. Әрине, біз мұсылман дінінің барлық өкілдеріне құрметпен қараймыз, бірақ біздің өз жолымыз бар, өз ұлттық салт-дәстүрлеріміз бар. Жастардың бойында дінге деген қызығушылықтың артуы – жағымды процесс. Бірақ шынайы дінді жалған діннен айыра білу қажет», – деп арабтық киімдердің халқымыздың танымына сай келмейтінін айтып өткен.

Ал салафизм идеясын ұстанушылар үшін арабша үлгідегі киім үлгілерін киіп, бетті жауып тұратын қара жамылғыны жабу – парыз, мұның себебін кейбір ғалымдар олардың хадис дәрежелерін ажырата білмегендіктерінен деп есептейді.

Олар ғаламтор желілерінде хиджаб, паранжа, ниқабты насихаттайтын посттар мен бейнероликтерді, ұлттық киім саналатын кимешекті ниқабтың бір түрі деген ойларды таратып қоғамда екіжақты пікірлер тудыруда. Бұл жағдай ғаламтордың тұрақты қолданушылары – санасы қатаймаған жастардың оғаш түсініктерді қабылдауына себеп болып отыр.

Діни идеологияны қару етіп, халықтың діни сауатсыздығы мен әлеуметтік жағдайының төмендігін пайдаланған шетін көзқарастағылардың тұжырымдамаларына қарсы тұрудың бірден-бір жолы – діни және дінтанулық сауаттылықты арттырып, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу. Қоғамдағы келеңсіздіктің алдын алу үшін идеологияға идеологиямен тойтарыс беріп, дәстүрлі емес ағымдардың етек жаюына жол бермеу қажет.

А. Зайнолдина, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ғылыми қызметкері

Дерек көзі: abai.kz
Просмотров материала: 2 339

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 611 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 444 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 070 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 119 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 402 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 056 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 191 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 416 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 416 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 582 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 308 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 837 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 342 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 196 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 015 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 206 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 293 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 959 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 066 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 083 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 915 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 749 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 014 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 955 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 468 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 934 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 060 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 388 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 802 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 759 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 811 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 760 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 135 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031