13 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АДЫРНА НЕГЕ АДЫРА ҚАЛДЫ?

21 август 2017, 10:47
АДЫРНА  НЕГЕ АДЫРА ҚАЛДЫ? Қазақ халқының көне музыкалық аспаптары туралы айтатын болсақ, ол ешбір халықтың құндылығына ұқсамайтын, өз алдына бөлек шал­қыған жеке бір шалқар айдын-ау. Тауқымет шеккен тағдырлар секілді тарих толқынында бұлардың бірі мүлде жоғалса, енді біразы әлі де қайта өңдеп, жетілдіре түсуді, терең зерттеу мен талдауды қажет ететінін уақыт-төреші дәлелдеп бағуда.

Бұл ретте 250-ден астам музыка аспаптарын жинап, сақтаған, 500 жыл бойы жоғалдыға саналған шертер мен жетігенді тауып, қазақтың көптеген көне музыкалық аспаптарын ХХ ғасырда зерттеп, халқымен қайта қауыштыруға бүкіл саналы ғұмырын сарп еткен, 1968 жылы олардан арнайы ансамбль ұйымдастырған белгілі ғалым Болат Сарыбаев есімін әрдайым ардақ тұтамыз.

Сол дәстүрді жалғастырушы шә­кірт­терінен бүгінде белгілі музыка зерттеушісі Жарқын Шәкәрімнің еңбегі айрықша аталады. Өйткені, тарихи-мәдени мұраларымызды жаңғыртып, халқымен қайта табыстыруда орасан зор тер төккен мұндай тұлғалар һәм толағай еңбектер ешқашан ел есінен шықпақ емес.

Сондай-ақ, көне аспаптардың ойнау тәсілдерін қайта өңдеуге, қалпына келтіруге, дәстүрлі түр-тұрпатын сақтап қалуға елеулі еңбек сіңірген еліміздегі этнографиялық-фольклорлық оркестрлер мен ансамбльдерге, жекелеген этнотоптарға рахмет. Ежелден кең тараған домбыра, қобыз аспаптары қатарын жетіген, сазсырнай, сыбызғы, үскірік, адырна, шертер, асатаяқ, дауыл­паз тәрізді т.б. ұлттық музыкалық мұралармен толықтырып, ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа аманат етіп тапсырған музыкалық аспаптарды түрлентіп, түлетуге айрықша атсалысып келе жатқандығы үшін.

Алайда, еліміздің түрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне музыкалық аспаптар сақтаулы деген деректі көзіміз шалғанда, апыр-ай, бұл сан біз үшін жағымды жаңалық па, әлде толғандырар мәселе ме деген ойға тірелдік. Себебі, мұншама байлығы бар қазақ неткен бақытты еді. Дедік. Ал бірақ олардың көбінің текке музейде «мұздап», мүлгіп тұрғанынан не пайда?

Оларды еліміздегі ұлт-аспаптар оркестрлеріне енгізуге не кедергі болып отыр дейміз ғой баяғы. Осы үшін қазақ ұлт аспаптары оркестрлеріндегі музыкалық аспаптарға әдейілеп назар аударып көрдік. Олар: домбыра, қылқобыз, қобыз, шертер, альт-қобыз, контрабас қобыз, прима қобыз, сырнай, бас домбыра, домбыра контрабас, флейта, гобой, литавра, барабан, тарелка, тоқылдақ аспаптары екен. Домбыра мен қобыздың жаңғыртылған түрлері қосылды дегеніміз болмаса, арасынан жоғарыда аталған байырғы саз аспаптарының бірде-бірін көрмейсіз.

Ал бірлі-жарым төл аспаптың заманауи талапқа сай жаңғыртылып, дамытылуы ешкімге бүгінде таңсық іс емес. Мұндай үрдіс басқа халықтарда да кездеседі. Мысалы, орыстың музыкалық аспап шебері В. Андреев әріптесі С. Налимовпен бірігіп ХІХ ғасырдың аяқ шенінде балалайканың прима, альт, бас, контрабас түрлерін жасап шығарған болатын.

Соған қарамастан бұлардан біздің халықтың ерекшелігі – музыкалық мұраларымыздағы көптеген құнды байлық (мысалы, күйлер) төл аспаптардың құдіретімен орындалды. Данадан далаға жеткізуші насихатшысы, үні жалғыз солар болды.

Осы реттен келсек, бізде толып жатқан тамаша мұралар бар емес пе, солардың жүзіне неге қан жүгіртпеске, домбыра мен қобыздың үнімен осыларды неге жарасымды үйлестірмеске деген аңсардың арнасы ернеуінен асып таси жөнеледі. Мына әңгімені ортаға салу себебіміз – келешекте ұлт аспаптары және фольклорлық-этнографиялық оркестрлер сахнаға жүз пайыз өзіміздің төл музыкалық аспаптарымызбен жарқырап шығар күн туар ма екен деген айпара ой ғой.

Әрине, бірақ бұл іс оп-оңай оң жамбасқа өңгерілер олжа болады деп айта алмаймыз. Белгілі композитор, академик Ахмет Жұбанов: «Халық аспаптарының шектерінде ғасырлар бойғы даналық тұнып тұр» деген екен. Сайып келгенде, ел Президентінің биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының түпкі идеясы, жалпы басты мақсат-мұраты да негізінен сол құндылықты халық болып, Қазақ елі болып жұмыла қорғай білу емес пе? «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» делінген мұнда.

Демек, бірде-бір төл аспап назардан тыс қалып қоймауы тиіс. Халқымыздың ұлттық музыкалық төл аспаптарының бәрі бірдей ойнап, әрдайым әрекетте, ұдайы ұмтылыста, қозғалыста болуы керек. Ешкім ойнамай, керегеде босқа ілулі тұрған домбыраның үні бітеліп, тарта бастағанда-ақ шектері құмыға ызыңдап, бастапқы қасиетінен мүлде айырылып қалмай ма?

Соны ойлағанда сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпелек, саз сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран, қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай, мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней, даңғыра, кепшік, дабыл, дудыға, дауылпаз, шыңдауыл, шаңқобыз, асатаяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау... т.б. байырғы музыкалық аспаптар үні неге бүгін өшіп тұр, адырна неге адыра қалды деген жартасқа барып бір-ақ тірелесің...

Қарашаш Тоқсанбай

Дереккөз: Егемен Қазақстан
Просмотров материала: 2 280

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 141 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 831 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 329 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 363 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 738 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 823 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 857 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 189 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 867 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 897 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 106 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 875 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 008 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 639 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 517 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 534 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 756 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 511 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 909 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 517 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 360 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 203 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 573 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 446 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 938 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 367 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 265 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 505 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 900 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 242 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 189 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 336 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 264 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 507 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031