23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазаққа басты керегі - бірлік, - М.Түменбай

Қазаққа басты керегі - бірлік, - М.Түменбай
"Путиннің Луганск пен Донецк республикаларын мойындау жайлы жарлығы Сов. Без жиналысы басталмай тұрып-ақ дайын болғаны көрініп тұр. Онда несіне жинады десейші куклаларын. Тым құрығанда келесі күні жарлық шығарса да болар еді ғой, анау қасқа статисттердің абыройын төкпей. Әлде "бұл елде мен жалғыз бәрін шешемін" дегенді көрсетудің амалы ма? Жарайды, оны да қойшы. Бастысы ол емес. Бұл шешімнің бізге қандай қаупі бар?

Біріншіден қанға құнныққан қасқыр айнала маңайындағының бәрін қырмай тыншымайды. Демек біздің солтүстік облыстарымызда да сол сценарий қайталануы әбден мүмкін. Осы уақытқа дейін оларды бұл әрекеттен тоқтатып келген екі себеп бар. Бірі Украина болса, екінші жағынан бұрынғы Президент Назарбаевтың ,өтірік болса да, барлық сайлауларда 95% астам дауыс жинауы болды. Ел "тұтастай дерлік қолдап тұрған" мемлекетке шабуыл жасау қателік екенін олар да білді.

Ал қазір Президент Тоқаевта ондай қолдау бар ма? Жоқ әрине. Халық осы тұрғанда қақ айрылды. Бірі оны қолдайды, екінші бөлігі даттайды. Ашық өшіккендер де жетеді. Тоқаевтың экономика мен ішкі саясаттағы олигополияны жоямын деген мәлімдемесінен кейін, тықыр таянғанын сезген олигархат та астыртын қарсылық жасап бағуда. Президенттке наразы топтардың қолтығына су бүркіп, адал ашуының үстіне шоқ-шоқ деп от тастап қойып отырған да солар. Өздеріне қарасты ақпараттық құралдардың бәрін жұмылдырды. Араздық күн өткен сайын өршіп барады. Ресейге де сол керек. Ұтымды сәт. Өзара арпалысқан, қызыл кеңірдек болып арпылдасқан қоғам кімге болса да оңай олжа екені бесенеден белгілі. Бірақ оны елейтін қазақ емес. Сыртқы қауіпке бір сәт болса да көз тастайын деген ел жоқ. Бірін-бірі жұлып жеуге дайын. Алтын-Орданың күйреуі, ақтабан шұбырынды қасіреті, ХХ ғасыр басындағы алауыздықтың кесірі ешқайсымызға сабақ болмапты.

Сын сағатта мәмілеге келіп, бір ортаға ұйысудың, бірігудің орнына әркім өз жағына тартып әлек. Естеріңізде болсын, сырттан жау келіп еліңді билеп-төстегенде сенің жағың, менің жағым, сенің шындығың, менің шындығым деген түсініктер мүлде жойылады. Тек өзгелердің үстемдігі жүретін болады. Сендердің пікірлеріңді ешкім елемейді де. Неге сол қарапайым аксиоманы түсінбейсіңдер? Білмеймін.

30 жыл назарбаевтық жүйеге, оның кландық басқаруына қарсымыз деп келдіңдер. Сөйтіп отырып, бүгінде ырду-дырду араздыққа салынып, сол жүйенің сақталуына мүдделі топтардың диірменіне су құйып отырсыңдар. Ол да ештеңе емес ау, өз әрекеттеріңмен, сөздерің мен істерің арқылы өзгеге қазақ өзара араз ел екенін ашық көрсетіп отырсыңдар. Бөлінгенді бөрі жейтінін ұмыттыңдар. Қытай 1 млн гектар жерді сұрағанда елдің бірлігі мен біртұтастығы емес пе еді сол жерді аман сақтап қалған. Содан неге нәтиже шығармайсыңдар?

Кеше Қырым, бүгін Луганск пен Донецк, ал ертең кім? Петропавл мен Павлодар, Қостанай мен Өскемен болмасына кім кепілдік бере алады мына түрімізбен? Украинаның мысалы ешбір елді сырттан келіп ешкім қорғап бермейтінін көрсетті. Көмек берер, қару-жарақ та жіберер, жоғары мінберлкрден қолдаған болар. Бірақ сенің елің үшін қарумен келіп ешкім шайқаспайды. Сондықтан дәл қазіргі уақытта қазаққа басты керегі - бірлік. Қалғанын шешуге болады. Өзара бет жыртысып, арпалысып, алысып керегемізді шайқалтқаннан ештеңе ұтпаймыз. Ойланыңдар, ес жиыңдар қазақтар"

Журналист Мұхтар Түменбайдың желідегі жазбасы
Автор: Мұхтар Түменбай -
Қазаққа басты керегі - бірлік, - М.Түменбай
Просмотров материала: 902

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 386 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 219 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 859 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 883 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 192 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 481 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 656 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 724 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 914 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 057 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 437 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 323 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 650 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 354 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 320 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 114 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 823 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 169 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 365 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 175 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930