11 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Арандатудың артында кім тұрғанын білуіміз керек емес пе - Мұхтар Түменбай

Арандатудың артында кім тұрғанын білуіміз керек емес пе - Мұхтар Түменбай
Қамауға алынғандарды асқан жауыздықпен азаптаған полицейлердің бірде-біреуі жазадан құтылмауы тиіс. Азаптауға бұйрық бергендер де тиісті жазасын алсын. Және олардың әрқайсысының бет жүзі орталық арналардан көрсетілгені жөн. Әрбірін ел көріп, беттеріне түкірсін. Бала-шағасы мен туған -туыстары теріс айналып кететіндей ету керек бұл қанішерлерді. Жазықсыздарға оқ атқандар да анықталып, толықтай жазасын алуы тиіс. Оған ешкімнің дауы жоқ. Халықтың наразылығы заңды.

Алайда біз халықтың бейбіт шеруін өз арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін кім пайдаланып кеткенін, қалың бұқараны, оның ішінде әсіресе жастарды кім арандатқанын, қару-жарақ дүкендендерін тонап, оларды кім таратқанынын, ғимараттар мен көліктерді кім өртегенін, аэропортқа, шекарашылар училищесі мен Көк-төбедегі теле мұнараға, телеарналарға кім шабуыл жасағанын, жедел жәрдем машиналарын талқандап, дәрігерлерді кім соққыға жұққанын, әскерилер оқ атқанға дейін 3,4,5 қаңтарда 40 шақты адамды кім атып өлтіргенін және ең бастысы бұл арандатудың артында кім тұрғанын, халықтың бейбіт ниетін бұзған қара ниеттілер кім екенін де білуіміз керек емеспіз бе? Оны неге ұмытып кеттік? Олардың да болғаны анық қой. Әлде ол жағы бізге маңызды емес болып қалды ма?

Тағы бір нәрсе. Бүгінде біз ашуға бой алдырып, тез арада кінәлілерді табындар, жауапқа тартыңдар деп асықтырғанда болған қылмыстарды обьективті қарап, анықтауға кедергі жасап жатқан жоқпыз ба? Жай уақыттың өзінде бір адамның өлімінің себептерін анықтауға жарты жылдан бір, бір жарым жылға дейін уақыт кетеді. Ал "қаңтар қырғынында" бір емес, екі емес, тіпті он да емес, 227 адам қаза тапты. Оның әрқайсысына бөлек қылмыстық іс қозғап, мұқият тергеп, анық-қанығына жету керек. Кім атты, қандай жағдайда, қандай қарудан оқ атты?

Трассологиялық, баллистикалық экспертиза нәтижелері қандай? Қазірдің өзінде осы оқиғаларға қатысты мыңнан астам экспертиза тағайындалыпты. Оның бәріне уақыт қажет емес пе? Ал біз бір ай өтер-өтпестен кінәлілерді тауып сазайынын беріңдер деп талап етіп отырмыз? Егерде біз шын кінәлілерді тауып, әділ шешімін шығаруды қаласақ, дәл осы жолы жасалған қылмыстарды тексеріп жатқан комиссия мүшелерін асықтырмағанымыз жөн. Әйтпесе ертең наразы халық тағы да көшеге шығып кетер деген үреймен комиссия өз жұмысын шала-пұла бітіре салып, жалаң отчет үшін бірнеше қатардағы полицейді қамап, сонымен істі жаба салуы да ғажап емес. Бізге керегі сондай жалған есеп пе?

Әлде біз шындықтың беті ашылғанын қалаймыз ба? Әрине, бәрімізге де керегі шындық.

Олай болса "қаңтар" оқиғасының себебі мен салдарын зерттеп жатқан мемлекеттік комиссияға, прокуратура қызметкерлерінен құралған арнайы топқа, олардың үстінен қадағалап, ендігі жерде азаптауға жол бермеуді мақсат тұтып, абақтыларға кіріп заңның бұзылмауын жіті бақылауында ұстап отырған түрлі қоғамдық ұйымдар мен белсенді топтардың еш нәрсеге алаңдамай жұмыс істеуіне мұрсат берейік. Қамалғандар мен азапталған азаматтардың туған-туыстары да сол қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста отыр.

Олар да тергеудің жалған жолға түсіп кетуіне жол бере қоймас. Олар аз болса халықаралық ұйымдардың да өкілдері өз зерттеулерін жүргізіп жатыр. Сондықтан ендігі жерде бәрімізге де сабыр мен шыдамдылық керек. Онсыз да іргеміз шайқалып, елден береке кетті. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылды халық. Әсіресе осындағы белсенді блогер сымақтарға айтарым, сәл де болса жауапкершіліктерің болса елді одан әрі қоздыра бермеңдер. Сендерге хайп пен лайк керек, ал қалың бұқарға тыныштық пен әділ шешімге негізделген шындық қажет.

Журналист Мұхтар Түменбайдың желідегі жазбасы
Автор: Мұхтар Түменбай -
Арандатудың артында кім тұрғанын білуіміз керек емес пе - Мұхтар Түменбай
Просмотров материала: 906

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 208 243 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 207 903 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 207 389 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 207 442 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 207 811 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 086 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 129 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 431 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 075 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 157 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 339 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 702 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 749 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 478 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 347 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 143 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 580 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 292 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 696 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 506 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 359 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 202 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 058 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 392 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 280 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 758 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 938 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 114 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 351 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 734 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 091 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 034 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 168 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 107 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 318 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 480 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031