25 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Назарбаевқа соны айтпақ. Путинге Қазақ жеріндегі тұрақтылық керек

30 июнь 2021, 16:11
Назарбаевқа соны айтпақ. Путинге Қазақ жеріндегі тұрақтылық керек
Бүгін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі, дейді arasha.kz.

Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамыту перспективалары мен күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарланып отыр. Алайда сарапшылар аталған сапарда мемлекет тағдырана байланысты салмақты мәселе қаралады деген пікірде.

Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың Путинмен кездесуінде бірнеше мақсат болуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ ол Ресейде Қазақстанда қарсы милитаристтік агрессивті пікір күшейіп келе жатқанын еске салды.

Мәселен кейбір БАҚ "Қазақстаннан орыстар қашып жатыр" деп жазып, халықтың санасына сіңіруде. Өйткені жыл сайын біздің елден 30-40 мыңға жуық орыс көшіп кетіп жатыр. Осындай кезде Путиннің тамырын басу керек секілді. Сондай-ақ бүгінгі таңда Ресейдің батыс елдері алдында сүйкімі кетіп, санкциялар сансыратып тастады. Сондықтан да Назарбаев Путиннің тамырын басып, көңіл-күйін көтеру үшін барды. Егер Ресей ашуланса біздің солтүстік өлкелерге шабуыл жасауы мүмкін. "Ресей жалғыз емес, біз бауырлас халықты қолдаймыз. Басқаға ренжісең де бізге ренжитін орның жоқ шығар. Баяғыдан сендікпіз" деп, ренжіп, аңырап отырған Путиннің көңіл-күйін табу керек секілді. Менің ойымша, екі елдің арасындағы қарым-қатынасты жақсарту негізгі мақсат. Қазақстанның сыртқы мұхитқа шығатын мүмкіндігі жоқ болғандықтан экономикалық байланысты тереңдету керек. Оның үстіне іргеміздегі Қытайда қауіпті мемелкет. Сондықтан одақтастықты тереңдетіп, экономикалық қатынастарды жандандыру қажет. Қазіргі әлемдік дағдарыстың кезінде біздің де, Ресейдің де жағдайы ауыр. Жығылғанға жұдырық дегендей осындай жағдайда екі мемлекеттің экономикалық жағдайын реттеп, орыстың өкпесін басу маңызды болып тұр, – дейді Әзімбай Ғали.

Алайда сасаттанушының бұл пікірімен "Халық сенімі" азаматтық қозғалысының тең төрағасы Қазыбек Бейсебаев келіспейді. Оның айтуынша, Назарбаевтың бұл жолғы сапарында кадрлық мәселе талқылануы мүмкін.

Назарбаевтың Мәскеуге сапары Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенконың елге келгеннен кейін аяқ астынан шықты. Осы кездесуден кейін Назарбаевтың Мәскеуге баратыны белгілі болды. Егер экономикалық, саяси мәселе болса, оны мемлекет басшысы ретінде Тоқаев шешуі керек. Ал Назарбаевтың бұл сапарында ішкі ахуалға байланысты жеке мәселе көтерілейін деп жатыр. Мүмкін кадрлық мәселеге байланысты шешім шығарылуы мүмкін. Себебі бізде елде қос билік орнағаны ешкімге де жасырын емес. Ал қос билікті жүйе Тоқаевтың жұмысына кедергі болып жатыр. Болжамым бойынша Путин Назарбаевқа "Тоқаевтың жұмысына кедергі келтірме" деп айтады, – дейді ол.

Сарапшының айтуынша, тек Ресейдің ғана емес, сонымен қатар Қазақ елінің де көрші елге ықпалы бар. Мұны жоққа шығара алмайсың. Алайда біздің де көршімізге әсер ететін ықпалымыз бар емес пе? Мәседен 7 мың шақырым шекара болғандықтан бізде қандай оқиға болса, ол міндетті түрде Ресейге әсер етеді.

Негізі Кремльге Қазақ елінде тұрақтылық болғаны маңызды. Сондықтан да Валентина Матвиенко елге келгенде жоғары лауазымды 4 бастықпен кездесті. Менің ойымша, Назарбаевтың сапарынан кейін елде кадрлық өзгеріс болады. Әйтеуір Назарбаев пен Путиннің кездесуінде мемлекеттің тағдырына әсер ететін маңызды мәселе талқыланады. Мүмкін саясат сахнасына жаңа адам шығатын шығар. Әйтеуір кездесуде тек қана ішкі саясат пен кадр мәселесі талқыланады. Бұл әрине билік кімнің қолында болуы керек деген мәселе болуы мүмкін, – дейді сарапшы.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуінде қандай мәселе талқыланса да, бұл жолғы сапардың астарында терең мән жатқан тәрізді. Егер Қазыбек Бейсебаев айтқандай кадрлық мәселеде өзгеріс болса, оны алдағы уақытта көре жатармыз.
Просмотров материала: 735

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 201 407 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 027 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 200 521 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 200 580 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 200 944 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 716 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 780 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 081 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 689 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 763 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 956 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 614 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 428 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 284 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 856 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 522 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 220 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 618 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 431 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 311 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 143 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 994 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 314 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 221 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 712 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 625 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 062 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 293 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 673 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 047 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 989 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 108 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 059 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 258 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 406 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031