Главное

Жамбыл облысында асылып өлген сарбаз туыстарынан қомақты ақша сұратқан

Сарбаздың ата-анасы тергеудің әділ өткенін қалайды

Жамбыл облысындағы шекара заставасында әскери борышын өтеп жүріп, өзіне өзі қол салды деген сарбазға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды  Астана арнасы.

Туғандарының айтуынша ол қайтыс болардын бірер күн бұрын туыстары мен достарынан жанұшыра қомақты ақша сұрап хабарласқан. Демек суицид жасауына әскерилер тарапынан қысым болған деп топшылайды. Қара жамылған отбасының айтуынша, бала кезінен көпшіл, еті тірі, ауыздықпен алысқан асауды бағындырып өскен Бекбол өмірге құштар жан болған. Қайтыс болардан екі сағат бұрын анасымен телефон арқылы тілдескен. Ұлының дауысындағы өзгерісті байқаған, себебін сұрағанда «ұйқыдан тұрып жатырмын» деп қысқа қайырыпты.

 «Ақша сұратуына қарағанда ар жағында қысымшылық болған. 17-сінен бастап сұрапты керек болып жатыр деп. Содан кейін 19-ында ғой жаңағыдай жағдай болғаны. Біреуден 20 мың, біреуден 30 мың сұраған керек болып жатыр срочно деп. Өзі пысық бала болатын. Ортасының алды болатын. Соған итермелеп отыр. Осының ашылуын талап етеміз», — дейді марқұмның ағасы Қанат Қожахметов.

Олар тергеудің әділ өтіп, өлімге итермелегендер жазалануын талап етеді. Сарбазды ақтық сапарға шығарып салуға келген әскерилер «соңғы кезде қызымен ренжісіп жүрді, өмірімен қош айтысуына сол себеп болуы мүмкін» деген болатын. Қаралы жиында төбе көрсетсек сүйіктісі мұны елдің алдында жоққа шығарды. Жазба әлеуметтік желіде тарады. Марқұм Бекбол Мираш қатты қорқып жүргенінін жазыпты.

 

Другие новости

Back to top button