Главное

Елге оралған қандастар азаматтық алу үшін тек солтүстік пен шығыс өңірлерге ғана қоныстануы керек

Ал бұл аймақтарға көшуден бас тартқандар шетел азаматы ретінде қаралады

Елге оралған қандастар азаматтық алу үшін тек солтүстік пен шығыс өңірлерге ғана қоныстануы керек. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ал бұл аймақтарға көшуден бас тартқандар шетел азаматы ретінде қаралады. Тиісінше, оларға мемлекеттік қызмет көрсетілмейді. Сонымен қатар Солтүстік пен Шығыс өңірлерге көшкендерге енді үй де берілмейді. Тек баспанаға қажетті қаражат үлестіріледі. Көші-қон сертификатымен берілетін қаржы көлемі қалада орналасқан баспананың жарты бөлігін ғана жабуға жетеді. Десе де отанға оралған азаматтың өзге аймақтарға көшуінің нақты себептері анықталса, бұл мәселе әр азаматқа қатысты жеке қаралады. Ал Маңғыстаудағы қандастарға Павлодарға қоныстану ұсынылып жатыр.

 «Қандас мәртебесін алу үшін тек қана Солтүстік немесе Шығыс облыстарына барып, сол жерде  қоныстану керек. Күні бүгінге дейін қандастарда Қазақстанда еркін тұру құқығы болды, бірақ соңғы оқиғаларға байланысты, Маңғыстау облысының әлеуметтік-саяси жағдайына байланысты, жұмыссыздық өршуіне байланысты  олар Солтүстікке бару керек. Ең басты мәселе ішкі қонысты Солтүстік-Шығысқа аудару. Осыған байланысты үй берудің орнына адамдарды ынталандыру үшін көші-қон сертификаты беріледі», — деді ҚР ЕХӘҚМ  Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Әбілхатин.

 

Другие новости

Back to top button