Атырауская областьГлавное

Атырау облысында мешітке келген тұрғынды бір топ қызметкер күштеп шығарып жіберген(ВИДЕО)

Осы жайтқа қатысты ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі пікір білдірді

Атырау облысында мешітке келген тұрғынды бір топ адам жиналған жамағаттың көзінше күштеп шығарып жіберген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.

ATPress.kz порталының жазуынша, оқиға 19 тамыз күні қаладағы Атырау селолық (Дамбы) мешітінде болған. Мешітте имам уағыз айтып жатқанда мешітке тұрақты жамағатының бірі телефонына қарап отырған.

Осы жайтқа қатысты ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі пікір білдіріп, оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Оның бұл әрекеті жанындағы жамағатқа кері әсерін тигізген. Олар Т. есімді азаматтан уағыз кезінде телефон ұстамауын, имамның насихатын тыңдауын сұрайды. Жамағат тарапынан оған бірнеше рет ескерту жасалады. Алайда Т. ескертуге құлақ аспаған. Керісінше, мешіт ішінде дауыс көтеріп, шу шығарады. Мешіттің ішкі тәртібіне бағынбай, қарапайым әдеп қағидаттарын өрескел бұзған. Осыдан кейін белсенді жамағат оны наиб имамдар бөлмесіне апарған. Мешіттің наиб имамдары ол азаматпен жеке сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді», — деді ҚМДБ өкілі.

Мешіт қызметкерлерінің түсіндірмесінен кейін ауыл тұрғыны кінәсін түсініп, жамағаттан кешірім сұраған.

Другие новости

Back to top button