Госорганы

Ұлттық ұланның екі әскери қызметшісі асылып қалды

Қайғылы оқиға Степногор және Ақтау қалаларында болған

Степногор қаласындағы 3517 әскери бөлімі және Ақтау қаласындағы 3502 әскери бөлімінің екі әскери қызметшісі өз өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

29 шілде күні сағат 21.00 шамасында автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған қатардағы жауынгер Н.А. Оразбай кезекшіден дәретханаға сұранып кетеді. Біршама уақыттан кейін оны шақырып келуге шыққан кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде Н.А.Оразбайдың асылып тұрғанын көреді.

Автопарктің кезекші қызметі Н.А.Оразбайға жедел медициналық көмек көрсетіп, санитарлық көлікпен қалалық ауруханаға жеткізген. Орталық қалалық ауруханасының дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын растады.

Қатардағы Оразбай Н.А. 1995 жылы туған, Ұлттық ұлан қатарына 2021 жылдың күзінде Жетісу облысының Панфилов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен шақырылған.

Екінші оқиға Ақтау қаласында тіркелді. 30 шілде күні сағат 05.15-те аға сержант А. С. Мерғалиев өз-өзіне қол жұмсаған.

Мән-жайды нақтылау кезінде жұбайының түнгі сағат 03.30 шамасында күйеуін үйінің дәретханасынан асылып тұрған күйінде тауып алғаны белгілі болды. Арнайы комендатураның қарауыл бастығы аға сержант Мерғалиев Абылай Серікұлы 1990 жылы туған, үйленген, бір қызы бар. Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бастап қызмет еткен.

«Аталған фактілер туралы кезекші қызмет желісі бойынша тиісті органдарға хабарланды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған. ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мерзімдік қызмет әскери қызметшісі Н.А.Оразбайдың және келісім шарт бойынша әскери қызметші А.С.Мерғалиевтің ата-анасы мен жақындарына орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтады», — делінген ресми хабарламада

 

Другие новости

Back to top button