Социум

Украинаға әскери қолдауды едәуір арттыру керек – Еуроодақ басшысы

Келесі аптада Прагада 27 елдің қорғаныс министрлері Украинаға көмек көрсету жайын талқылайды

Еуроодақ украин армиясын оқыту үшін арнайы миссия құру арқылы Украинаға әскери қолдауды едәуір арттыруға ниетті. Бұл туралы Еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді, деп хабарайды Euronews.

Келесі аптада бұл бастаманы Прагада 27 елдің қорғаныс министрлері талқылайды.

«Соғыс жалғасатын сияқты. Бұл жағдай бізден Киевке қару-жарақ беру туралы күш-жігерді ғана емес, сонымен қатар әскери дайындық пен армияны ұйымдастыруға көмектесуді талап етеді. Бұл ұсыныс мақұлданады деп үміттенемін»,-деді Еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель.

Шенеунік сонымен бірге ресейліктерге Шенген визаларын беруге түбегейлі тыйым салуға қарсы болды. Баррельдің айтуынша, ЕО «таңдаулы» болуы керек және олигархтар мен Ресейден қашқысы келетін азаматтарды бір қатарға қоймауы керек.

Ал Владимир Путин Ресейдің Мемлекеттік Туы күніне орай өзінің видео хабарламасында бірінші қыркүйектен бастап елдің барлық мектептерінде оқу аптасы туды көтеру және әнұранды орындау рәсімінен басталады деп мәлімдеді.

Украина Президенті ел азаматтарына Тәуелсіздік күні қарсаңындағы қауіп туралы ескертті

Украина 24 тамыз күні Тәуелсіздік күнін атап өтуге дайындалып жатыр. Осы күні Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан бері жарты жыл өтеді. 22 тамыз бен 25 тамыз аралығында Киев бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салды. Телебағдарламамен сөйлескен Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей тарапының жақын күндері соққы беруі мүмкін екенін ескертті.

«Біз осы аптада Ресейдің  ерекше жағымсыз және ерекше қатал нәрсе жасауға тырысуы мүмкін екенін түсінуіміз керек. Біздің жауымыз осындай. Осы алты айдың кез — келген аптасында Ресей үнемі қатал әрекет етті»,-деді Владимир Зеленский.

Харьковта бомбадан қорғанатын  аялдамалар пайда болды. Оған қатысты қала тұрғындарының ойы қандай?

Харьковта бомбадан қорғанатын алғашқы аялдама пайда болды. Модульдік бетон конструкциясы атыс кезінде жаяу жүргіншілер мен көлікті күтетін азаматтарды қорғауға арналған. Нысан Wi-Fi-мен жабдықталған, оның сыртында не болып жатқанын көруге болатын экран, орындықтар және диспетчермен байланыс бар. Ішінде 50 адамға дейін тұра алады. Әкімдік қалада осындай 25 ғимарат орнатуды жоспарлап отыр. Харьков Ресейдің Украинаға шабуылы басталғаннан бері үнемі оқ жаудырып келеді. Ресей әскерінің соққылары 4 мыңнан астам үйді, жүздеген мектеп пен балабақшаны, ондаған аурухананы қиратты, деп хабарлады қалалық кеңес. Ал Ресей тарапы бейбіт нысандарға оқ жаудырмағандарын бірнеше рет айтқан.

Энергетикалық дағдарыстың салдарынан еуро бағамы құлдырап жатыр

Осымен жазда екінші рет еуро бағамы халықаралық сауда-саттықта доллардан төмен түсті. Дүйсенбі күні кешке бірыңғай еуро тағы бір пайызға арзандады және 20 жыл ішінде ең төменгі деңгейге түсті. Рекордтық құлдырау факторларының бірі — әлемдік энергетикалық дағдарыс және газ жеткізудегі үзілістер, сондай-ақ АҚШ Федералды резервтік жүйесінің инфляцияны тежеу жөніндегі белсенді әрекеттері.

Еуроодақ құрамындағы 19 елдің ортақ валютасы 2002 жылдың желтоқсанынан бері АҚШ долларынан қымбатқа саудаланып келген еді. Еуропаның орталық банкінің ақпаратынша,  жыл басынан бері Еуроодақ валютасы АҚШ долларына қарағанда 10 процентке құлдыраған. Еуроодақ аумағында наурыздан бергі сауда балансының дефициті байқалады.

Аргентина прокуроры вице-президент Киршнерді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр

Аргентина федералды прокуроры елдің бұрынғы президенті және қазіргі вице-президенті Кристина Фернандес де Киршнерге қоғамдық жұмыстарға қатысты сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағып,12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

 

Другие новости

Back to top button