Госорганы

Үкімет басшысы ауылдық аумақтарды дамыту жобасын әзірлеуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов төрт министрлік пен өңір әкімдеріне тапсырма берді.

Жыл соңына дейін    көп уақыт қалған жоқ, сондықтан осы жұмысты жандандыру қажет. Жобалардың іске асырылуы әкімдер мен    жауапты орталық мемлекеттік органдар басшыларының ерекше бақылауында болуы тиіс, — деді Әлихан Смайылов.

Бірінші. Ұлттық экономика,    Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ұлттық жобаның    көрсеткіштері мен іс-шараларының  сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

Екінші.  Ұлттық экономика министрлігі  мүдделі мемлекеттік органдармен  және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, 1-ші қазанға дейін    Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлесін.

Үшінші. Облыстардың әкімдіктері    Ұлттық жобаның индикаторларына сәйкес  қоныс аударушыларды қабылдауды, орналастыруды және қолдауды қамтамасыз етсін.

Другие новости

Back to top button