Ғылым және техника

Toyota автокөлігі жаңа жылдан бастап тағы қымбаттайды

Өйткені өндіріске қажетті компоненттер мен көліктерді жеткізу құны шарықтап барады, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Kolesa.kz сайтының мәліметі бойынша, Жапониядағы алпауыт өндіріс орындарының бірқатары автомобиль бағасына қайта өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Биылдың өзінде осы компаниялардың үштен бірі көлік бағасын көтерген. Бір жыл ішінде автокөлік шығаратын алпауыттардың 14 пайызы екі рет, 7 пайызы үш рет бағаны көтерген.

 

Бұл әрекетін кәсіпкерлер компоненттер мен логистиканың қымбаттауымен, ұлттық валютаның сан құбылуымен байланыстырады. Жапониядағы ішкі қаржы процестері бүкіл әлемдегі көлік бағасына әсер етуі мүмкін.

Автомобиль тапшылығы мен қымбат сатылуынан АҚШ сияқты ірі нарық кеңістіктері зардап шегіп отыр. Онда 4 жыл бұрын шығарылған автокөлік жаңасынан қымбат тұрады. Өйткені жаңасын жұрт кем дегенде 4 жыл күтуге мәжбүр.

Toyota микрочип жетпеуі мен коронавирусқа қатысты шектеулер салдарынан зауыттарының жұмысын қайта-қайта тоқтатуға мәжбүр болған еді. Бірақ соңғы үш айда қайта қарқын ала бастады. Қазанда концерн әлем бойынша 832 мың машина сатты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға көп.

Другие новости

Back to top button