Госорганы

Смайылов вакцинация мен ревакцинацияны жандандыруды тапсырды

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді.

Жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырудың көбейгенін,   әсіресе, елорда және Қарағанды облысында өскенін көріп отырмыз. Күн сайын республика бойынша 3 мыңға дейін жағдай тіркеледі. Бұл – жоғары көрсеткіш. Сондықтан Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шектеу шараларын күшейтті, олар өңірлермен және «Атамекен» палатасымен алдын ала келісілді, — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол Денсаулық сақтау министрлігіне эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.

Шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету керек. Маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты алдын алудың негізгі шаралары қатаң сақталуы керек. Вакцинациялау мен ревакцинациялаудың төмен қарқыны эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлап кетуіне алып келеді. Сондықтан әкімдіктерге халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырамын. Барлық проблемалық мәселелерді Ведомствоаралық комиссия отырыстарында жедел қарап, тиісті шаралар қабылдау қажет, — деді Әлихан Смайылов.

Другие новости

Back to top button