Жетысуская область

Саябақта мылтықпен жүрген талдықорғандық жігіт ұсталды

22 жастағы жігіттің айтуынша ол қаруды арықтан тауып алған

Талдықорғандық полицейлер саябақта мылтықпен жүрген жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісу облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 15 тамызда Талдықорған қаласындағы ардагерлер саябағында полицейлер қолында полиэтилен пакеті бар жас жігітті ұстаған. Тінту барысында тегіс ұңғылы мылтық табылды.

«12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Жігіт сөмкені арықтан тауып алғанын және қаруды тапсыру үшін қалалық полицияға бет алғанын түсіндірді. Қазір ұсталған азаматтың айғағы мұқият тексерілуде», — деді Талдықорған қаласының полициясы.

 

Другие новости

Back to top button