Госорганы

Қорғаныс министрлігі 93 млрд теңге көзделген жобаны орындай алмаған

Бюджет қаражаты саланы цифрландыруға бағытталуы керек еді

Қорғаныс министрлігі 93 млрд теңге көзделген жобаны орындай алмады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмадиев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. 

Бюджет қаражаты саланы цифрландыруға бағытталуы керек еді.

Дархан Ахмадив алдымен 2011-2021 жылдар аралығында Қорғаныс министрлігі цифрландыру мен киберқауіпсіздік салаларында “белгілі бір жетістіктерге” қол жеткізген.

“Мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электронды форматқа ауысты. Адамдар мен материалдық ресурстарды есепке алудың ақпараттық жүйесі жасалды. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесі ішінара ғана жасалды. Әуе қорғаныс күштерін автоматты басқару жүйесі енгізілді. Алайда, бюджет қаражаты бөлінсе де, жүзеге аспаған жобалар бар”,-дейді ол. 

Мысал ретінде ол “Әскерді, қару-жарақ пен ресурстарды автоматты басқару және енгізу” жобасын атап өтті. Бұл жоба Бюджеттік инвестициялық бағдарлама аясында жасалуы керек еді.

“Осы бағдарламаны орындау үшін 93 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты көзделген еді. Алайда, іс жүзінде бізге 35 млрд теңге ғана берілді. Қалған 58 млрд теңге қаржы бөлінбей қалды”,- деді брифинг кезінде ол.

Другие новости

Back to top button