Госорганы

Қазақстанда салынатын АЭС-тің құрылысын қай ел жүргізетіні әлі белгісіз

Жуырда қазақстандық делегация Түркиядағы «Росатом» салған АЭС-пен танысып келген болатын

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда салынуы тиіс атом электр станциясының құрылысын жүргізуге бірнеше мемлекеттің үміткер екенін айтты. Алайда, біздің елдің билігі әлі таңдауын жасамапты. Бұл туралы министр бүгін ОҚК брифингінде айтты.

Отандық делегация бұған дейін Түркия, Франция, Оңтүстік Корея және Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, сондағы АЭС жұмысымен танысып қайтқан болатын. Енді таңдау жасауымыз керек.

«Бұл станциялардың бәрі әр түрлі технологиялармен салынған. Мәселен, Түркиялдағы «Аккую» станциясын ресейдік «Росатом» салды, ол ВВЭР-1200 реакторымен жұмыс істейді. Францияда 1400 МВт болатын реактор жұмыс істеп тұр. Кореяда 1200-ден 1400-ге дейінгі реакторлар тұр. Кореялық өз елінде ғана емес, Біріккен Араб Әмірліктерінде де АЭС салды. Біз әлі таңдау жасаған жоқпыз, бәрін салсытырып көріп жатырмыз. Тек технологияға ғана мән бермейміз, АЭС-ті одан әрі пайдалану мәселесіне де екпін қойылады», — деді министр.

Қазақстанда АЭС Балқаш көліне жақын орналасқан Үлкен ауылының жанынан салынады. Қазір ол маңның сейсмикалық қауіпсіздігі тексеріліп жатыр.

 

Другие новости

Back to top button