Госорганы

Қазақстанда электр энергиясына тарифтерді саралауды жою бойынша пилоттық жоба ұсынылды

Пилоттық жоба кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылуда, тарифтерді саралауды жою бірнеше жыл бойы жүргізілетін болады. Бұл туралы Алматыда өткен дөңгелек үстел барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов айтты.

Дөңгелек үстел жұмысына Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ұлттық Энергетика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары, қоғам, салалық қауымдастықтар өкілдері қатысты.

Рустам Ахметовтың айтуынша, пилоттық жоба 3 өңірде – Алматы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында басталды.

«Бүгінгі таңда энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тарифтері тұтынушылардың топтары бойынша тұрмыстық, заңды тұлғалар және бюджеттік ұйымдар деп бөлініп, сараланады. Тұрмыстық тұтынушыларға үшін тарифтер заңды және бюджеттік тұтынушылардың тарифін жасанды өсіру есебінен арзандатылып, сараланады. Нәтижесінде бүкіл ел бойынша ШОБ жыл сайын 31 млрд теңгені артық төлейді. Шағын және орта бизнес, өйткені ірі энергияны көп қажет ететін бизнес электр станцияларынан электр энергиясын тікелей сатып алады және оларға саралау қолданылмайды»,- дейді ол.

Спикердің сөзінше, электр энергиясына тарифтерді саралауды жою — тарифті көтеру емес, электрмен жабдықтау қызметтерінің заманауи нарығын құру.

«Тұтынушылардың санаттары бойынша тарифтерді саралауды кезең кезеңмен алып тастаудың артықшылықтары «коммуналдық құлдықтан», яғни тұтынушылардың энергиямен жабдықтаушы бір ұйымға байлануынан арылу. Болашақта бұл нарықтағы барлық ұсыныстардың ішіндегі ең төменгі бағаны таңдауға кепілдік береді, қосымша қызметтерді дамыта отырып, қызмет көрсету сапасын арттырады», — дейді Рустам Ахметов.

Сонымен қатар, ол пилоттық жобаның кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылып жатқанын атап өтті.

Другие новости

Back to top button