Госорганы

Қазақстанда бензин тапшылығы жоқ – Ақшолақов

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Нұр-Сұлтанда бензиннің «дефициті» туралы осыған дейінгі ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елімізде бензин тапшылығы жоқ. Біздің жанар-жағармай құю бекеттеріне қанша көлік кіріп, қаншасы шығатынына байланысты. Олар өздерінің орташа шығынын шамамен біледі. Соған сүйене отырып, мұнай базаларынан немесе зауыттардан отынға тапсырыс береді. Екі күндік қорыңыз бар делік, келесі жеткізу үш күннен кейін болады. Ал бір күн тұрып қалмау үшін шектеулер енгізеді. Бұл Gasenergy компаниясының таза логистикалық қатесі болды. Егер тапшылық болса, бұл әр жанармай құю бекетінде болатын еді, – деп түсіндірді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Болат Ақшолақов.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Нұр-Сұлтанда АИ-92 маркалы бензин қоры бар екенін, жанармай 17 күнге жететінін айтты. Қосымша бензин жөнелтіліп жатыр, жолда.

Біз «Газэнергиямен» бөлек келістік. Өкінішке қарай, олар сатып алу процесін өткізіп жіберіп, Нұр-Сұлтанға жеткілікті көлемде бензин сатып алмаған. Бұл туралы «Газэнергия» басшылығына айтылды, олар жеткізушілермен байланысып, қажет көлемге келісім-шарт жасады. Енді олар жеткізіледі. Бұл – олардың логистикалық мәселесі.Әсет Мағауов

Шілде айының басында әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтанда АИ-95 маркалы бензин тапшылығына байланысты жанар-жағармай құю бекеттерінде кезек тіркелгені, жанармай сатуға да шектеу қойылғаны, талондар енгізілгені туралы ақпарат тараған еді. Одан кейін Энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

 

Другие новости

Back to top button