Госорганы

Қазақстанда ауылды дамыту тұжырымдамасы әзірленбек

1 қазанға дейін Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленуі тиіс. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.

Премьер-Министр Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ұлттық жобаның көрсеткіштері мен іс-шараларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Екіншіден, Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, 1 қазанға дейін Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлесін. Үшіншіден, облыстардың әкімдіктері ұлттық жобаның индикаторларына сәйкес қоныс аударушыларды қабылдауды, орналастыруды және қолдауды қамтамасыз етсін», — деді Ә. Смайылов.

Айта кетейік, елімізде өңірлер арасындағы айырмашылықты қысқарту үшін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба іске асырылуда.

Бұған дейін Әлихан Смайылов «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының негізгі көрсеткіштерін атады.

Другие новости

Back to top button