Госорганы

Қазақстанда алдағы жылыту маусымына 9,5 млн тонна көмір қажет

2022-2023 жылдарға арналған көмір қажеттілігі бойынша жоспар жасалды

Қазақстанда алдағы жылыту маусымында 9,5 млн тонна көмір қажет етіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игисинов жылыту маусымына дайындық биыл наурыз айында басталып кеткенін айтты.

«Министрлік облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 2022-2023 жылдарға арналған көмір қажеттілігі бойынша жоспар жасады. Болжам бойынша келер жылыту маусымында көмірді жалпы тұтыну көлемі шамамен 9,5 млн тоннаны құрайтын болады», — деді Жанат Игисинов.

Аталған жол картасы тапшылықты болдырмау мақсатында бюджеттік ұйымдар мен халық үшін көмірді алдын ала дайындауды көздеп отыр. Бүгінде құжат облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жолданған.

Айта кетерлігі, жиын барысында ҚТЖ өкілдеріне коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халыққа көмір тасымалдауға арналған вагондарды бірінші кезекте қамтамасыз ету тапсырылды

Другие новости

Back to top button