Госорганы
Қасым-Жомарт Тоқаев Еревандағы жарылысқа байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады», — делінген хабарламада.
Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.