Госорганы

Қашаған кен орнының жұмысы қайта жанданды

Бұл туралы Солтүстік Каспий операциялық компаниясы мәлім етті

Қашаған кен орнының жұмысы қайта жанданды. Бұл туралы Солтүстік Каспий операциялық компаниясы (NCOC) мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Тамыздың 9-ынан 10-ына қараған түні құрлық және теңіз нысандарында өндіріс біртіндеп қайта іске қосылады», — делінген компанияның Facebook-тегі парақшасында.

Бұл жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде шектеулі көлемде газ жағылмақ.

«Газ жағу — Қашаған кен орнын игеру жобасындағыдай күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс және ол шектелген уақыт аралығында үзілмелі режимде жүргізіледі», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2 тамызда Қашағанда мұнай өндіру тоқтатылғаны, кейін ондағы жөндеу жұмыстарының аяқталғаны хабарланған болатын.

Другие новости

Back to top button