Госорганы

Қалыңмалды қайтар! Сот талапкердің өтінішін қанағаттандырудан бас тартты

Сот бұрынғы құдасынан қалыңдық үшін берілген қалыңмалды қайтару туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұр-Сұлтан қалалық соты таратқан мәліметке сәйкес, талапкерлер Ж. мен А. бұрынғы құдасы – жауапкер С-дан қалыңдықтың ата-анасына берілген қалың мал мен тон, зергерлік бұйымдар, костюмдер сынды мүлікті қайтару туралы өтінішпен сотқа жүгінген.

Талапкерлер мен жауапкердің балаларының некеде тұрғандары анықталған. Алайда 2021 жылдың сәуірінде жастар арасындағы неке бұзылған. Сот шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды, — деп мәлімдеді елордалық сот.

Соттың тұжырымдамасына сәйкес, қалыңдық үшін қалыңмалға берілген ақша мен басқа да заттар салт-дәстүр негізінде сыйлыққа берілген және оны жауапкерден талап етуге негіз жоқ. Апелляциялық сот күйеу жігіт пен қалыңдықтың ата-аналарының арасында сыйлықтарды өзара алмасу бойынша тиісті рәсімдер жасалған деп отыр.

Рәсімдік іс-шаралар кезінде берілген мүлікті және заттарды қайтару талабы заңнамада көзделмеген, тиісінше, орын алған жағдай бойынша тараптар арасында қандай да бір міндеттемелер туындаған жоқ, — дейді қалалық сот.

Другие новости

Back to top button