ГлавноеГосорганы

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирден көрсетіледі

Мемлекет басшысының Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де басталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы республикалық телеарналардың тікелей эфирінен көрсетіледі, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар ҚР Президенті Баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады.

 

Другие новости

Back to top button