Госорганы

Өзіне қабір қазуға мәжбүрлеген: полиция қауіпті ҰҚТ-ны қалай ұстағаны жайлы айтты

ҰҚТ-ның тағы екі қатысушысы қазір халықаралық іздеуде

Полиция қауіпті ҰҚТ-ны қалай ұстағаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды Polisia.kz.

“Хамидулла-Өмірзақов” атты ұйымдасқан қылмыстық топ Қазақстанда 2019 жылдың басында пайда болған. Аталмыш топ неге солай аталады десеңіз, жауап қарапайым – Бағдат Хамидулла мен Жандос Өмірзақов атты ұйымдастырушылардың құрметіне. Банданы құру үшін қылмыстық көшбасшылар физикалық тұрғыдан мықты, соттылығы бар әрі қылмыстық жауапкершіліктен қорықпайтын таныстарының басын қосқан.

Осылайша, 16 адамнан құралған ұйым бірнеше жыл ішінде қарақшылық, тонау, бұзақылық, бопсалау және өзін-өзі басқарумен айналысқан. Қылмыскерлер “іске” бос қолмен бармайтын: тінту кезінде пысықайлардан қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар тәркіленген. Полицейлер бұзақылардың қылмыстық өмірінде орын алған кейбір эпизодтармен бөлісті.

Бір күні қылмыскерлерге Ш. және А. таныстары жүгініпті. Жігіттер Б. азаматшасынан қарызын алып беруді өтінсе керек. Айтуларынша, 27 жастағы борышкер олардан екі Toyota Camry көлігін сатып беру үшін алып, кейін ақшасын да, мүлкін де қайтармай қойған. Төрт күннен кейін топ мүшелерінің бірі әйелді тұрғылықты мекенжайынан ұстап алған. Қылмыскерлер құрбанды 10 күн бойы Алматының бірқатар жалдамалы пәтерлерінде ұстап, ұрып-соққан, оның үстіне тапаншамен қорқытқан. Тіпті зират басына апарып, қабір қазуға мәжбүрлеген. Кейін сол жерге түсіріп, тізесін бүктіріп қойып, басының дәл қасынан оқ атқан. Нәтижесінде зиянкестер Hummer автомобилін және 3,4 млн теңгені иеленген.

Ал қылмыстық топ жетекшілерінің қайда екендігі сәл кейінірек анықталды. Бағдат Хамидулланы полицейлер Дубайда анықтаған, экстрадициялық материалдар жіберілді. Ал екінші көшбасшы Жандос Өмірзақов 2021 жылдың қараша айында Алматыда ұсталды. ҰҚТ-ның тағы екі қатысушысы қазір халықаралық іздеуде.

Ұсталғандардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 262-бабы “Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу“, 126-бабы “Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру“, 191-бабы “Тонау, бөтеннің мүлкін ашық ұрлау“, 192-бабы 2-бөлігі “Қарақшылық шабуыл“, 194-бабы “Қорқытып алушылық“, 287-бабы “Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру“, 389-бабы “Озбырлық” бойынша сараланған.

2021 жылдың желтоқсанында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен күдіктілер кінәлі деп танылып, 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

ұйымдасқан қылмыстық топ

 

Другие новости

Back to top button