Госорганы

Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын деп алматылықтардан 2 млн теңге алған ер адам ұсталды

«Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын» деп алматылықтарды 2 млн теңгеге алдап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz .

Екі және одан да көп адамға қатысты алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлау – 27 жастағы Ц. есімді азаматтың іс-әрекеті осындай баппен квалификацияланған.

«Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алаяқтық бойынша 2 дерек тіркелді. Олар бір өндіріске біріктірілген. Күдікті интернет-ресурс арқылы адамдарды алдаған. Ол Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасуға және жұмыс визасын алуға көмектесу туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Ақшаны алғаннан кейін ер адам жасырынып қалған. ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 3-4 тармақтарына сәйкес қылмыс жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ц. есімді азамат ұсталды. Ол қамауға алынды», – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Тергеу қажеттігін ескере отырып, полиция Ц. есімді азаматтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға жүгінеді және олардан мына телефондар арқылы хабарласуларын сұрайды: +7-778-879-78-88; + 7-702-401-11-10.

Другие новости

Back to top button