22 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Регион - Алматинская область

Алматинская область (каз. Алматы облысы) — область на юго-востоке современной республики Казахстан. Образована10 марта 1932 года.

До 1992 года бытовало написание Алма-Атинская область, а столицей области была Алма-Ата. В апреле2001 года областной центр Алматинской области Указом Президента Республики Казахстан был перенесён из Алма-Аты вТалдыкорган. Население области — 1 692 951 человек (2010 год).

Все материалы региона Материалы других регионов

ТАҒЫЛЫМ – ТАБЫСТЫ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

16 декабрь 2018, 20:00
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау, осы негізде алда атқарылатын сан салалы жұмыстарға жаңа көзқарас, тың серпін беру мақсатында қала әкімі Бахтияр Өнербаевтың төрағалығымен өткен алқалы жиында ардагерлер, қалалық мәслихаттың депутаттары, Текелі қаласының Құрметті азаматтары, мекеме, кәсіпорын басшылары, мұғалімдер, бизнес өкілдері, жастар мақаладан алған әсерлерін ортаға салып, оралымды ойларымен бөлісті.

Ұлт көшбасшысы еліміздің еңсесін тіктеп, мемлекетіміздің мерейін асыру жолында ешқашан іркілген емес. Күрделене түскен әлемдік дамудан өз орнымызды айқындау мақсатында қазіргі нақты жағдайларды жан-жақты пайымдап, елдің алдағы қадамдарына тың серпін беруде. Әсіресе, ұлттық бітім-болмысымызды сақтап, бабалардан бізге жеткен дәстүрлерді жаңғырту, шаруашылықтағы тарихи тәжірибелерімізді бүгінгі дамыған технологиямен түрлендіріп, елдің игілігіне қызмет еттіру, елімізді шикізаттық елден өңдеуші, өндіруші елге айналдыру жолында бар қажыр-қайратын салып келеді.

Соның тағы бір жарқын дәлелі Елбасының жақында елге жол тартқан «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы екенін атап өткен Б.Өнербаев: «Шындығында, біз тарихы терең, рухы берен, көрегендігі кемел ұлттың оғланымыз. Президент саралап, санамалап айтқан әрбір дерек, дәйек сан ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасап, өркениетке ұласуда. Жылнамалар қойнауынан жеткен асылдарымыз арғы тегіміздің қасиетті тамыры құнарлы, нәрлі екендігін айғақтайды. Ағаш тамырымен мықты болатынындай адам да терең тарихымен тыныстап, шыққан тамырын білетін болса, мәуелі бәйтеректей жайқалады. Діңі мықтының рухы да биік» – деді. Қала әкімі мақалада айтылған негізгі ойды жан-жақты зерделеп, ұлттық құндылық, тарихи тағылымдарымызды, мол мүмкіндіктерімізді халықтың қажетіне айналдыра білудің көкейкестілігіне маңыз берді. Осы орайда Текелі қалалық «Шарапат Сауап» қоғамдық қорының төрағасы Файзолла Бүркітбай қазақ халқының жылқы түлігін тіршілікке өте шебер пайдалана білгенін, жылқыға тек көлік емес, сенімді серік ретінде қарағанын, ат әбзелдерінің қажетке қарай ыңғайлы, салтанатты түрлерін ойлап тауып, бүгінгідей ұшқыр көліктер болмаған кездің өзінде құс қанаты талатын ұлан-ғайыр даламызды еркін еңсергенін мақтанышпен жеткізді. Халқымыздың жылқы туралы «Мінсең – көлік, кисең – киім, ішсең – сусын» деген бір ауыз сөзінің мәніне терең бойлап, ат айналасындағы ата кәсіп, салауатты салт, тілдік қор бүгінгі ұрпақ үшін де мол қазына екенін ерекше атап өтті.

Текелі қаласының Құрметті азаматы Лариса Саржевская халқымыздың тасқа басқан өрелі мәдениеті туралы өзі жинаған нақты деректерге көпшілік назарын аударды. Тек Жетісу жерінің өзінде таңғажайып жәдігерлер молынан сақталғанын алға тартып, өскелең ұрпақты осынау шұғылалы тарихымызды жан-жақты ашып, терең зерттеуге бастаудың маңызы мен мәніне тоқталды.

Қилы замандарды басынан өткерсе де түңкелі топырағына, алтын құмына жасырып бағзы дәуірлердегі өркениетті қалаларымыздың мәдениетін бүгінге жеткізген ұлы түркі жұртының қара шаңырағы – қазақ даласы сол дархандығымен дара екенін тілге тиек еткен қалалық «Текелі тынысы» газетінің бас редакторы Торғын Тұрлыбаева далалық дәстүрлер мен қалалық мәдениеттің қос тізгінін тең ұстаған халқымыздың батырлығы мен ақылдылығы, жасампаз еңбекқорлығы біздің бойымызға таусылмас күш-қуат беретініне сенім білдірді.

Ардагерлер ұйымының мүшесі Гүлнұр Омарова бүгінде тұтас адам баласы білетін және тамсана қабылдайтын қызғалдақ пен алманың Отаны қазақ жері екенін сезіне білудің өзі ұлттық сүйіспеншілікті еселей түсетін патриоттық күш екенін әдемі әспеттеді.

Қорыта айтқанда, мақаланың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай отырып, оны елдің, болашақтың игілігіне айналдыру болғандықтан, сан салалы кәсіпті игеріп, бірегей отандық өнімдерді танымал етуге еңбектеніп келе жатқан кәсіпкерлеріміз де осынау ортақ мұрат жолында үлес қосатындықтарын білдірді. Айта кетерлігі, жеке кісіпкерлер мен кәсіпорын басшылары Елбасы Жолдауында айтылған ең төменгі жалақыны 1,5 есе ұлғайту тапсырмасын мүлтіксіз орындайтындықтарын, ол алдағы жылы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатынын жеткізді.

Ақан Ырымжанұлы
Просмотров материала: 1 525

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 447 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 969 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 543 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 591 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 911 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 715 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 833 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 076 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 333 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 473 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 021 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 170 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 470 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 298 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 125 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 349 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 378 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 066 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 462 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 196 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 178 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 009 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 851 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 127 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 060 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 567 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 117 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 881 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 157 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 519 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 856 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 919 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 878 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 099 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 244 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031